3. Адам саны 10-нан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, салық органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттік бақылаушы органдар тарапынан ең жиi дегенде үш жылда бiр рет тексерiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттік бақылау органдарының тексеру жүргізетін қызметкерлері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне олар қатаң есептілік бланкілеріне ресімделген арнайы нұсқаманы көрсеткен жағдайда ғана тексеруді жүзеге асыруға міндетті.
5. Тексерулер жүргiзген кезде мемлекеттік бақылаушы органдардың қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексеру жүргiзу туралы негiздеменi көрсетуге және шағын кәсiпкерлiк субъектiсіндегі Келушiлердi есепке алу кiтабына тексеру жүргiзiлгендiгi туралы, лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қоюға мiндеттi.
6. Лауазымды адамдардың еркін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын іс-әрекеттері лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.
7. Мемлекеттік органдардың не олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған нұсқауларын орындау нәтижесінде шағын кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген зиянның оның ішінде қолдан шығарып алынған пайданың орынын осы органдар толтыруға тиіс.
8. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңға негізделмеген кәсіпкерлік қызметті шектейтін тыйым салуы жарамсыз болып табылады және орындалмауға тиіс.
ҚР 10.07.02 ж. № 341-II Заңымен 6-тарау алынып тасталды
Қазақстан Республикасының Президентi | Н. Назарбаев |