Қазақстан Республикасының Президентінің "Мұнай туралы" Заң күшi
бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының
Конституциялық 1997 жылғы 13 маусымдағы № 122 Заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
55-бапта:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қоршаған ортаға келтiрiлген залалдың зардаптарын жою жөніндегі шығындарды қосқанда, қоршаған ортаның ластануына;";
4) тармақшада "жалпы" және "мүлiктiк тәуекелдiгi мен" деген сөздер алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалар тиiсiнше 1) және 2) тармақшалар болып есептелсiн;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мердiгерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлердi өндiрiстегi бақытсыз жағдайлар мен кәсiби аурулардан сақтандыруға мiндеттi".
Қазақстан Республикасының
Президентi