- өздерiмен бiрге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар (оның iшiнде жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын балалар - олар кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн - оқу орындарын аяқтайтын уақытқа дейiн);
- үшiншi топтағы мүгедектер, жас шамасы бойынша зейнеткерлер, жалғызiлiк аналар, егiздер дүниеге келген отбасылар, егер азаматтардың осы санаттары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен айқындалатын күнкөрiстiң ең төменгi мөлшерiнен де төмен кiрiстер алатын болса, шығындардың жартысы мөлшерiнде төлейдi.
Тұрғын үйдi ұстауға нормалар шегiнде:
- туыстық қатынасы болмаған жағдайда екi және одан да көп отбасы бiр пәтерде тұратындар;
- белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмейтiн тұрғын үй-жайларда тұратындар;
- мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызмет мiндеттерiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртібін қорғау кезiнде қаза тапқан не өндiрiстегi жазатайым жағдай салдарынан қаза тапқан адамдардың отбасылары;
- заңдармен белгiленген тәртiппен бекітілетiн аурулар тiзiмiнде көрсетiлген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен зардап шегушiлер;
- дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптама комиссиясының (ДӘСК) қорытындысы бойынша Чернобыль апатынан, Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан, сондай-ақ басқа да азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлерде денсаулық жағдайы нашарлаған адамдар;
- саяси себептер бойынша заңсыз сотталғандар немесе сотсыз қуғын-сүргiнге ұшырағандар, егер бұл фактiлер сот тәртібімен айқындалса;
- мүгедек балаларды тәрбиелеушiлер шығындардың жартысы мөлшерiнде төлейдi.
Мәслихаттардың шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге алдын ала ақшалай төлем түріндегі жеңiлдiктер беруге жол берiледi."; III және IV бөлiмдер тиiсiнше IV және V бөлiмдер болып саналсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi