Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына
толықтырулар енгізу туралы
1997 жылғы 6 наурыздағы № 83 Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заң күшi бар Жарлығының 2-бабының 2-тармағы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат) мынадай екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Өзара қордың өзi эмиссиялаған акцияларды сатып алу жөніндегі қызметi депозит тәсiлi болып табылмайды."
Қазақстан Республикасының
Президентi | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |