Шығыс Қазақстан облысының қорғасын-мырыш саласына жататын кәсiпорындарының
қаржылық жағдайларын тұрақтандыру мен одан әрi
дамытуға жағдай жасау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1453 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі "Шығыс Қазақстан облысының түстi металлургия кәсiпорындарын дағдарыстан шығару жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 425 қаулысының орындалуын қарай келiп "Ridder-Invest" инвестициялық компаниясы жүргiзген қайта ұйымдастыру шараларының нәтижесiнде "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты" және "Зырян қорғасын комбинаты" акционерлік қоғамдарының жұмысы тұрақтандырылғанын атап өтедi.
Сонымен бiрге өткiзiлген аудит пен сараптамалық бағалаулар жоғарыда аталған акционерлік қоғамдардың кәсiпорындарында геологиялық және кен-техникалық жағдайлар нашарлай түсуде, соңғы 10 жылда негiзгi қорларды қайта құрылымдау мен модернизациялау жүргiзiлген жоқ, қазiргi кезеңде мына акционерлік қоғамдар бойынша тозу деңгейi: "Лениногор полиметалл комбинаты" - 49,4 процент, "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" - 57,2 процент, "Зырян қорғасын комбинаты" - 51,4 процент. акционерлік қоғам бойынша кредиторлық берешек: "Лениногор полиметалл комбинаты" - 65,7 млн. АҚШ доллары, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" - 83,8 млн. АҚШ доллары, "Зырян қорғасын комбинаты" - 23,5 млн. АҚШ долларын құрайды, бұл осы кәсiпорындардың қаржылық тұрақтылығының шиелiнiстi дәрежесiне сәйкес келедi. Жоғарыда аталған акционерлік қоғамдардың төлем қабiлеттiлiгiн және тиiмдi өндiрiстiк қызметiн қалпына келтiретiн болашағының жоқтығы өндiрiстi қолдау мен әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағытталған келелi шараларды жүргiзудiң қажеттiгiн көрсетедi.
Шығыс Қазақстан Республикасының қорғасын-мырыш саласына жататын кәсiпорындардың қаржылық жағдайларын тұрақтандыру мен оларды одан әрi дамытуға жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi заңда белгiленген тәртiппен:
"Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты" және "Зырян қорғасын комбинаты" акционерлік қоғамдарымен бiрлесiп "Казцинк" акционерлік қоғамын құру және аталған акционерлік қоғамдардың "Казцинк" акционерлік қоғамының жарғылық қорына өткізу кезіндегі берiлетiн негiзгi қаражат балансы құрамындағы айналыс қаржысымен бiрге негiзгi қаражат түрiнде 1-қосымшаға сәйкес құрылтай салымын енгiзуi жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын жүргiзсiн;
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігімен бiрлесiп "Казцинк" акционерлік қоғамының жарғылық қорына мемлекеттiң құрылтай салымы ретiнде Малеевск, Риддер-Сокольное, Тишинск кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқығы ретiнде, сондай-ақ осы кен орындары бойынша геологиялық ақпараттар енгiзсiн;
"Казцинк" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы ретiнде Г.Г.Штойк ұсынылсын;
"Казцинк" акционерлік қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына аталған қоғамды Өскемен қаласында мемлекеттік тiркеуден өткізу ұсынылсын;
"Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Зырян қорғасын комбинаты", "Лениногор полиметалл комбинаты", "Казцинк" акционерлік қоғамдарына қаржылық менеджер және оператор ретiнде "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамы ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының геология және жер қойнауын қорғау министрлігі "Казцинк" акционерлік қоғамына Малеевск, Риддер-Сокольное, Тишинск кен орындарында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензияларды белгiленген тәртiппен қайта ресiмдесiн.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі "Казцинк" акционерлік қоғамымен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзуге белгiленген тәртiппен тиiстi контрактiлер жасассын.
4. Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi "Казцинк" акционерлік қоғамына белгiленген тәртiппен тиiстi жер пайдалану құқығын ресiмдесiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi заңда белгiленген тәртiппен:
"Алтайэнерго" акционерлік қоғамының жарғылық қорын "Бұқтырма ГЭС-i" мүлiктiк кешенiнiң құнына төмендету жөнiнде шаралар қабылдасын;
"Бұқтырма ГЭС-i" мүлiктiк кешенiн жалгерлiк шартта Бұқтырма ГЭС-iнiң энергетикалық қызметiн реттеу ерекшелiгiн көздей отырып "Казцинк" акционерлік қоғамына ұзақ мерзiмге жалға берсiн;
бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігімен бiрлесiп, "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамын тарта отырып "Казцинк" акционерлік қоғамын жекешелендiрудiң жоспарын жасасын.
6. "Казцинк" акционерлік қоғамын құру процесiн жалпы үйлестiру мақсатында 2-қосымшадағы құрамға сәйкес үкiмет комиссиясы құрылысын:
Үкiмет комиссиясы "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамын тарта отырып "Казцинк" акционерлік қоғамын дамытудың инвестициялық бағдарламасын әзiрлесiн.
7. "Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1033 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Электр энергетика" саласындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнен Бұқтырма ГЭС-i алынып тасталсын.
8. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамын қаржылық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 15 қарашадағы № 1534 қаулысы;
"Шығыс Қазақстан облысының түстi металлургия кәсiпорындарын дағдарыстан шығару жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 425 қаулысының 4, 5-тармақтары.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 29 қарашадағы
№ 1453 қаулысына
1-қосымша
"Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты", "Лениногор
полиметалл комбинаты", "Зырян қорғасын комбинаты"
акционерлік қоғамдарының негiзгi құралдары мен мүлкi
___________________________________________________________________
Акционерлік | Негiзгi құралдар мен мүлiктер
қоғамдар |
___________________________________________________________________
1 | 2
___________________________________________________________________
"Өскемен қорғасын мырыш Қорғасын зауыты
комбинаты" АҚ Мырыш зауыты
Химия металлургия цехы
Аффинажды цехы
Сiлтi-қышқыл цехы
Байланыс цехы
Электр жөндеу цехы
Желiлер мен көмекшi станциялар цехы
Жылу қуаты цехы
Оттегi-аргонды цехы
Өлшеуiш техника және автоматика
орталық лабораториясы
Автокөлiк цехы
Жұмысшыларды жабдықтау басқармасы
Мамандандырылған құрылыс жөндеу
басқармасы
Темiржолцехы
Химсутазарту
Техникалық бақылау бөлiмi
Химлаборатория
Тәжiрибе металлургия цехы
"Жасыл цех" шаруашылығы
Баспахана
Әскерилендiрiлген күзет
Басқарма
Ақпараттық-есептеу орталығы
Орталық жөндеу механикаландырылған
базасы
Жөндеу-құрылыс басқармасы
Техникалық жабдықтау қоймалары
. Ескерту. "Жасыл цех" шаруашылығы құрамына пионер лагерi,
"Айна" демалыс базасы, мейманхана-офис, Металлургтердiң мәдениет
сарайы, профилакторий есептеледi.
"Лениногор ЖМК" АҚ Риддер-Соколдi алаңы
Кен-байыту фабрикасы
Мырыш зауыты
Темiржол цехы
Желiлер мен көмекшi станциялар цехы
Энергия цехы
Орталық автоматика лабораториясы
Уақтау және байыту цехы
Тишин кенiшi
Комбинат басқармасы
Жабдықтарды күрделi жөндеу цехы
Орталық химия лабораториясы
Техникалық бақылау бөлiмi
Қоғамдық тамақтандыру және сауда
цехы
Ағаш өңдеу кешенi
Профилакторий
"Зырян қорғасын комбинаты" АҚ Малеев кенiшi
Кен байыту фабрикасы
Тау-кен көлiк цехы
Автокөлiк цехы
Құрылыс-монтаж басқармасы
Электр цехы
Компрессор-оттегi цехы
Жөндеу-механикалық базасы
Өнеркәсiптiк қазандық цехы
Темiржол цехы
Орталық химия лабораториясы
Техникалық жабдықтау
Техникалық бақылау бөлiмi
Басқарма
Суканал
Туристiк-мейманхана кешенi
Еңбек және спорт мәдениет үйi
Әскерилендiрiлген күзет
Еңбектi қорғау лабораториясы
Қоғамдық тамақтандыру цехы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 29 қарашадағы
№ 1453 қаулысына
2-қосымша
Үкiмет комиссиясының құрамы
Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
және сауда министрi, комиссия төрағасы
Молоканов А.А. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік
комитетi төрағасының орынбасары,
комиссия төрағасының орынбасары
Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
орынбасары
Андрющенко А.И. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң орынбасары
Удовенко С.Л. - Қазақстан Республикасының Үкiмет
Аппараты Өнеркәсiп саясаты бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Забелин Ю.В. - Шығыс Қазақстан облысы әкімінiң
орынбасары
Молдахметов Н.С. - Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлігі экономикалық және
әлеуметтiк-мәдени заңдар басқармасының
бастығы
Фельд Е.Д. - "Қазкоммерцбанк" ААҚ басқармасы
төрағасының орынбасары