Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік
ведомствоаралық комиссиясы туралы Ереженi бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 21 қараша
№ 1418
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 21 мамырдағы № 543 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 қазандағы № 1266 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Радиожиiлiк жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1966 жылғы 21 қарашадағы
№ 1418 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі
мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Радиожиiлiктер жөніндегі комиссия) радиожиiлiк спектрiн басқару, бөлу және пайдалану саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк сыйымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі орган болып табылады.
2. Радиожиiлiктер жөніндегі комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, белгiленген тәртiпте бекітілген электр және радио байланысы саласындағы халықаралық конвенцияларды, Электр байланысы халықаралық одағының жетекшi құжаттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Радиожиіліктер жөніндегі комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен бірлесіп жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1998.12.23. № 1322
қаулысымен.
2. Мiндеттерi
4. Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру және қорғау.
5. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін жүргізу.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
6. Радиоэлектронды техниканы дамыту тенденциясы негiзiнде радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы ұзақ мерзiмдi саясатты әзiрлеу.
7. Мемлекеттің шектеулі табиғи ресурсы ретінде радиожиілік спектрін пайдаланудың тиімділігін арттыру.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының радиоэлектронды аппаратураға шетелге тапсырыс берушi, әзiрлеушi, оны пайдаланушы немесе сатып алушы барлық министрлiктерiнiң, ведомстволары мен ұйымдарының жұмыстарын үйлестiру.
9. Радиоэлектронды құралдарды дайындау, шығару және Қазақстан Республикасының ішкі рыногына әкелу кезінде олардың негізгі техникалық сипаттамалары мен қойылатын өзге де талаптарды айқындау.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
3. Функциялары
10. Мыналар:
1) ақпаратты жинау мен есепке алудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру және дамыту радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі басқару процестерін автоматтандыру;
2) халықаралық регламентке сәйкес радиожиілік спектрін конверсиялауды ұйымдастыру;
3) радиожиілік белдеулерін бөлу мен пайдалануды, спутниктік жүйелер (желілер) үшін геостационарлық орбитадағы жасанды спутниктердің тұру нүктесін (учаскелерін) жоспарлау;
4) Қазақстан Республикасында дайындалатын, (моделі жасалатын), шығарылатын және шетелден сатып алынатын радиоэлектронды құралдар үшін радиожиіліктер белдеулері мен номиналдарын бөліп көрсету;
5) Қазақстан Республикасының аумағында негізгі пайдаланушылардың радиоқызметтерінің радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
11. Ақпаратты белсендi қорғаудың құралдары мен жүйелерiн, олардың әртүрлi мақсаттағы радиоэлектронды құралдармен электр магниттi сыйымдылығы бөлiгiнде пайдалануға қойылатын жалпы талаптарды келiседi.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
12. Олардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін радиоэлектронды құралдарды жиіліктік-аумақтық бөлу нормаларын қарайды
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
13. Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы жиіліктер белдеулерін бөлу кестесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді, жиіліктер белдеулерін қосымша (ішкі) бөлу мүмкіндігін және жаңа радиобайланыс техникасы мен технологияларын пайдалану жағдайларын қарастырады.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
13-1. Қазақстан Республикасының аумағында жиіліктік-аумақтық бөлу жоспарларын қарайды.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.26.
№ 947 қаулысымен.
14. ГОСТ-сы жоқ көпшiлiк пайдаланатын радиоэлектронды құралдардың жекелеген түрлерiн әзiрлеу, өндiру және шетелден сатып алу үшiн үлгiлiк талаптарды, негiзгi техникалық сипаттамаларды (нормаларды) айқындайды, сондай-ақ радиоэлектронды құралдардың барлық түрлерi үшiн радиожиiлiк белдеулерiн (номиналдарын) бөлу туралы шешiм қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ 3 бөлімге енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.06.26.
№ 947 қаулысымен.
4. Құқықтар
15. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына белгiленген тәртiппен:
1) радиожиiлiк спектрiн пайдалану саласында құқықтық заңдарды жетiлдiру;
2) радио сәулелену нормалары мен индустриалды радио кедергiлердiң рұқсат етiлген нормаларына сәйкес келмейтiн радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиiлiктi құрғыларды, электр жабдықтары мен басқа да техникалық құралдарды әзiрлеудi және өндiрудi тоқтата тұру мен тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
16. Радиожиiлiк жөніндегі комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша радио электронды құралдарды пайдаланушылардан қажеттi ақпаратты сұратып алады.
17. Техникалық сараптамалар, консультациялар жүргiзу, Радиожиiлiк жөніндегі комиссияның қарауына жататын өзге де мәселелердi әзiрлеу үшiн ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оны оқу орындарын тартады.
18. Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласында ұсыныстарды қарау мен енгізу үшiн мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келісімi бойынша мамандарды тұрақты түрде немесе уақытша комиссияларға және жұмыс топтарына тартады.
5. Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның
қызметін ұйымдастыру
19. Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссияны комиссияның төрағасы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі басқарады. Комиссияға төрағаның орынбасары және Қазақстан Республикасы министрліктері мен агенттіктерінің басшы қызметкерлері кіреді. Комиссияның құрамы министрліктер мен агенттіктер ұсынған кандидатуралар негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.23. № 1322 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
20. Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы Радиожиiлiк жөніндегі комиссияның шешiмдерi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң актілері арқылы жүзеге асырылады.
21. Радиожиіліктер жөніндегі комиссияның мәжілістері тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Егер мәжіліске оның мүшелерінің жартысынан кем емес бөлігі қатысса ғана, ол құқықты деп есептеледі. Комиссияның шешімдері ашық дауысқа салумен қабылданады және егер мәжіліске қатысып отырған комиссия мүшелерінің жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, олар қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Мәжілістің материалдары оның өткізілуінен он күн бұрын мерзімде комиссияның барлық мүшелеріне алдын ала жіберіледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуы және комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссияның мәжілістерін жүргізу нәтижелері бойынша оның мәжіліске қатысқан мүшелерінің қолдары қойылған хаттама жасалады.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.06.26. № 947
қаулысымен.
22. Радиожиiлiктер жөніндегі комиссияның төрағасы:
1) комиссияның қызметiне басшылық етедi және оған жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi;
2) өзiнiң орынбасарларының жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
2-1) комиссия жұмысының перспективалық және ағымдық жоспарларын жыл сайын бекітеді.
ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.06.26. № 947 қаулысымен.
23.
ЕСКЕРТУ. 23-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нің 1998.12.23. № 1322
қаулысымен.