Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереженi
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 3 қыркүйектегі № 1083 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.19.07. № 747 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереже меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне қолданылады.
3. Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереженiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң және өзге орталық атқарушы органдардың, бiрлестiктер мен кәсiпорындардың жұмылдыру құрылымдарына, сондай-ақ облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң
1996 жылғы 3 қыркүйектегi
№ 1083 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери
көлiктiк мiндет туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ереже
1. Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көлiктiк мiндет "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін, Iшкi iстер министрлігін, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң әскери бөлiмдерiн және басқа министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың арнаулы құрылымдарын көлiк құралдарымен қамтамасыз ету мүддесiмен: соғыс уақытында - соғыс жағдайы немесе жұмылдыру жарияланған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiпте; бейбiт уақытта - әскердi әскери дайындықтың дәрежесiмен айқындалатын жағдайға көшiру негiзiнде не болмаса өзге төтенше жағдайда тағайындалады.
2. Әскери-көлiктiк мiндет автомобиль, темiржол, теңiз, өзен, жегiн (гужевых) және теңдеп арту көлiктерi құралдарының, мотоциклдердiң, кәсiпшiлiк және арнаулы кемелердiң, жол құрылысы мен көтергiш көлiк машиналарының және тетiктерiнiң (бұдан әрi - көлiк құралдары) иелерiне - меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттік комитеттерiне және өзге де орталық атқарушы органдарына, бiрлестiктерiне, акционерлік қоғамдарына, компаниялары мен кәсiпорындарына (бұдан әрi - көлiк құралдарының иелерi), сондай-ақ жеке көлiк құралдарының иелерiне жүктеледi.
3. Көлiк құралдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарының тарапына уақытша тартылады немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң бұйрықтары мен өкiмдерiнiң негiзiнде, ал ерекше жағдайларда - жалпы немесе жекелеген жұмылдыру жарияланған кезде бiрлестiктердiң немесе құрамалардың командирлерiнiң бұйрықтарының негiзiнде, әскери қимылдар театрларында және соғыс жағдайында деп жарияланған жерлерде, әскердiң қажетiн қамтамасыз етуге арналған жұмылдыру жоспарларында көзделген мөлшерде олардың иелерiнен алынады және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарының құрамына берiледi. Көлiк құралдарын иелерiнен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiпте және белгiленген үлгiдегi анықтама беру арқылы жүргiзiледi.
Көлiк құралдарын тарту немесе алу және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беру туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң бұйрықтары мен өкiмдерi олардың иелерi үшiн мiндеттi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң техникаларды әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беру жөніндегі бұйрықтары мен өкiмдерiне шағым жасау олардың орындалуын тежемейдi.
4. Көлiк құралдарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беру жөніндегі тапсырма осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес, оларды халық шаруашылығының салалары бойынша алу нормасының шегiнде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң ұсыныс бойынша Үкiметтiң шешiмiмен белгiленедi және олардың иелерiне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарының тарапынан арнаулы нұсқаулықтармен айқындалған тәртiпте жеткiзiледi. Көлiк құралдарын техникалық жағдайы жөнiнде жарамсыздығын тануға арналған үстеме Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң тиiстi органдарының ұсынысы бойынша облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiнiң "ҚМ" шешiмiмен белгiленедi.
5. Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беруге әзiрлеу бейбiт уақытта осы Ережеге және оның негiзiнде шығарылған арнаулы нұсқаулыққа сәйкес олардың иелерi тарапынан жүзеге асырылады. Осы мақсат үшiн көлiк құралдарының иелерi:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарымен бiрлесiп тиiстi көлiк құралдарын iрiктеудi;
көлiк құралдарын техникалық жарамды жағдайда ұстауды және оларды осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес жабдықтармен, құралдармен, қосалқы бөлшектермен толықтыруды;
көлiк құралдарын оларға көлiк құралы балансында тұрған кәсiпорынның есебiнен жүргiзiлетiн арнаулы жабдықтар орнатуға дайындауды;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарының келісімi бойынша ескiрген көлiк құралдарын жаңасымен және неғұрлым жетiлдiрiлгенiмен ауыстыруды;
қолданылып жүрген ережелер мен осы мәселе бойынша нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес көлiк құралдарының техникалық жағдайына тексерулер жүргiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Жалпы парктегi көлiк құралдарының, оның iшiнде оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарының құрамына беру үшiн арналған техникалардың техникалық жағдайларын тексеру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi органдарының қатысумен Мемавтоинспекция органдарының тарапынан жүргiзiледi, тексерулердiң нәтижелерi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға ұсынылатын актiлермен рәсiмделедi.
7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi әскери бөлiмдерiнiң бейбiт уақытта жекеменшiктен басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беруге арналған көлiк құралдарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес әскери байқаулық жұмылдыруға, оқу және байқау жиындарына, техникалық жағдайын және олардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралдарының құрамына беруге дайындығын тексеру үшiн тартуға хақысы бар.
көрсетiлген мақсаттар үшiн көлiк құралдарын тартудың тәртібін, пункттерi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұсыныс бойынша Үкiмет белгiлейдi және оның органдарының тарапынан олардың иелерiне жеткiзіледi. Көлiк құралдарын белгiленген пункттерге жеткiзiп беру олардың иелерiнiң өз күштерiмен жүргiзiледi.
8. Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беруге әзiрлеу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстар олардың иелерiнiң қорғаныс шараларын орындау үшiн сметаларда көзделген қаражаттарының есебiнен жүргiзiледi.
9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен оның органдарының Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi әзiрлеген және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiнен, Мемавтоинспекциядан және олардың органдарынан жылына бiр рет, келесi жылдың бiрiншi қаңтарындағы жағдай бойынша, көлiк құралдарының саны мен жағдайы туралы мәлiмет алуға құқығы бар.
10. Техниканы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарының құрамына беруге әзiрлеудi бақылау, белгiленген тәртiпте бекітілген жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң және оның органдарының, министрлiктерiнiң, мемлекеттік комитеттердiң, бiрлестiктер мен кәсiпорындардың, жұмылдыру құрылымдарының, сондай-ақ облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiнiң тарапынан жүзеге асырылады.
11. Осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес министрлiктер, мемлекеттік комитеттер және басқа орталық атқарушы органдар әскери-көлiктiк мiндеттен босатылады және осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына көлiк құралдарын беруге жатпайды.
12. Осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн кiнәлi адамдар заңда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкте болады.
1-қосымша
Халық шаруашылығының салалары бойынша
көлiк құралдарын алу
НОРМАСЫ
______________________________________________________________________
N р\с і Аталуы і Алу нормасы (%)
______________________________________________________________________1
1. Өнеркәсiп:
қара, түстi металлургия, отын, қорғаныс, 30
радиотехника, электронды, авиация, химия,
кеме құрылысы, машина жасау, металл өңдеу
жеңiл, тамақ, орман, ағаш өңдеу, 40
целлюлоза-қағаз, медициналық және
өнеркәсiптiң басқа салалары
2. Құрылыс:
арнаулы, монтажды, өнеркәсiптiк 30
көлiк 40
басқа құрылыс 50
3. Көлiк:
темiржол 30
су (теңiз, өзен) 40
автомобиль 50
4. Байланыс 30
5. Энергетика және электрлендiру 40
6. Денсаулық сақтау 40
7. Геология 40
8. Ауыл шаруашылығы 50
9. Жол шаруашылығы 50
10. Шаруашылықтың басқа салалары 50
2-қосымша
Бейбiт уақытта халық шаруашылығында жиналуға жататын
және көлiк құралдарымен бiрге Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерiне берiлетiн қосалқы бөлшектердiң, шанц
аспаптары мен мүкәммалдарының
ЖИНАҒЫ
______________________________________________________________________
Рет і Аты і Өлшем іСаныі Ескерту
NN і ібiрлiгiі і
______________________________________________________________________
1 і 2 і 3 і 4 і 5
______________________________________________________________________
I. АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ
Қосалқы бөлшектер
1. Фар лампасы дана 1 Автомобильдiң барлық
маркасы
2. Фар асты лампасы дана 1 Бұл да сол
3. Тұтану шырағданы дана 1 Карбюратор қозғағышы
бар автомобильдер
4. Жоғарғы кернеулi сым м 0,5 Бұл да сол
5. Үзгiш иiнi дана 1 Бұл да сол
6. Байланыстырушы баған дана 1 Бұл да сол
7. Блок басының жапсырмасы дана 1 Әрбiр бес автомобильге
8. Цилиндр басының жапсырмасы дана 1 КамАЗ, Урал-4320
автомобильдерге
9. Цилиндр басының жапсырмасы дана 1 Пневможүргiш тежеуiштi
автомобильге
10. Желдеткiш белдiгi (су насосы) дана 1 Барлық маркалы
автомобильдерге
11. Компрессор (генератор) дана 1 Барлық маркалы
белдiгi автомобильдерге 12. Бензин насосының диафрагмасы дана 1 Карбюратор қозғағышы бар автомобильдерге 13. Форсунка бүрiккiшi (форсунка дана 1 Дизель қозғағышы бар
насосы) автомобильдерге 14. 14х20х1,5 форсунканың тығыз дана 1 КамАЗ, Урал-4320
жапсырмасы автомобильдерге 15. 10х16х1,5 форсунканың тығыз дана 2 КамАЗ, Урал-4320
жапсырмасы автомобильдерге 16. Жинақтағы бөлу тапсырмасын дана 1 Бұл да сол
қосу механизмiн басқаратын
қайтару қақпағының диафрагмасы 17. Автоаптека дана 1 Барлық маркалы автомобильдерге
Шанц аспабы мен мүкәммалдар
18. Үшкiр күрек дана 1 Барлық маркалы
автомобильдерге
19. Балта дана 1 Бұл да сол
20. Су шелегi (канистр) дана 1 Бұл да сол
21. Май құтысы (канистр) дана 1 Бұл да сол
22. Қосымша жанармай ыдысы дана 1 500 километрлiк отын
қоры жоқ автомобильге.
Бидон (канистр) жоқ
кезде 5 автомобильге
бiр 200 литр бак
ұстауға болады
Сүйреу құралдары
23. Буксир тросы немесе қатты дана 1 Әрбiр үш автомобильге
буксир
II. ТРАКТОРЛАРҒА
24. Фар лампасы дана 1 Барлық маркалы
тракторларға
25. Тұтату шырағданы дана 1 Барлық маркалы
тракторларға
26. Форсунка дана 1 Бұл да сол
27. Жұқа тазалау отын сүзгiшiнiң дана 1 Бұл да сол
сүзушi элементi
28. Желдеткiш белдiгi дана 1 Бұл да сол
29. Генератор белдiгi дана 1 Бұл да сол
30. Жоғары кернеу қосқышы дана 1 Бұл да сол
31. Су насосының сальнигi дана 1 Бұл да сол
32. Жоғарғы радиатор шлангiсi дана 1 Бұл да сол
33. Төменгi радиатор шлангiсi дана 1 Бұл да сол
34. Блок басының жапсырмасы дана 1 Бұл да сол
35. Гайкалы шынжыр табанды жинақ 14 Т-100, Т-100М, Т-130
тиянақтың болты тракторларға 36. Шынжыр табанды тиянақ дана 14 Бұл да сол
арқалығының серiппелi шайбасы 37. Шынжыр табан үзбесiнiң дана 2 ДТ-75, Т-54, Т-150
бармағы Т-180 тракторларға
38. Шынжыр табан тiзбесi дана 2 Бұл да сол
39. Шынжыр табан бармағының дана 10 Бұл да сол
шплинтi
40. Цилиндр басының жапсырмасы дана 10 Бұл да сол
41. Жинақтағы босату қозғалтқыш дана 1 Босату қозғағышы бар
цилиндрлерiнiң бас жапсырмасы тракторларға 42. Вентиль золотнигi дана 1 Доңғалақты тракторларға 43. Автокамера дана 1 Бұл да сол
Шанц аспабы мен мүкәммалдар
44. Найзалы күрек дана 1 Барлық маркалы
тракторларға
45. Балта дана 1 Бұл да сол
46. Су шелегi (канистр) дана 1 Бұл да сол
47. Май багi (канистр) дана 1 Бұлда сол
Сүйрету құралдары
48. Буксир тросы немесе қатты дана 1 Әрбiр үш тракторға
буксир
III. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ТИЕУ-ТҮСIРУ МАШИНАЛАРЫ
МЕН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРҒА
49. Фар шамы дана 1 Барлық автогрейдерлер,
экскаваторлар,
автотиегiштер мен жол