Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 мамырдағы № 587
қаулысына өзгерту енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 23 шiлде № 922
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
"Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 мамырдағы № 587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 177-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
4-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық құрамындағы паспорт режимiн жүзеге асыру жөніндегі қызметi жойылсын".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi