Баға түзудегi бағаның өсуi мен мониторинг белгiлеудiң негiздiлiгiне
бақылау жасауды күшейту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 17 шiлде N
910
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Баға түзудегi бағаның өсуi мен мониторинг белгiлеудiң негiздiлiгiне талдау және бақылау жасауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi мәлiметтер жинау мен өңдеу жөніндегі:
монополиялы өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) баға белгiлеу туралы;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік аталымды тiркелiмiне - табиғи монополистер мен Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - монополистер өндiретiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) жұмсалған шығындар құрамы туралы жұмыстарды Статистикалық жұмыстар регламентiне енгiзсiн;
2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi:
1996 жылдың 1 тамызына дейiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - монополистер, сондай-ақ баға деңгейi мен шығындардың өзгеруiн байқау қажет олар өндiретiн тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тiзбесiн айқындасын;
алдағы жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң экономикалық саясат жөніндегі Мәлiмдемесiн әзiрлеу үшiн жыл сайын 10 желтоқсанға дейiн кәсiпорындар - табиғи монополистер өнiмдерiнiң бағасын өзгертудiң болжамды индекстерiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне ұсынсын;
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп тоқсан сайын монополиялы өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) белгiленген баға өткiзiлген мониторинг негiзiнде монополиялық рыноктардағы бағаның өзгергенi жөніндегі талдамалық баға мәлiметтерiн Үкiметке ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылға арналған бюджет әзiрлеген кезде:
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiне кәсiпорындар-монополистердiң нақты шығындарына бақылау жасауды күшейту үшiн 35 адам;
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетiне монополиялы өндiрiлетiн тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) белгiленген бағалар мен шығындар туралы мәлiметтер жинау жөніндегі жұмыстарды орындауға штат санын көбейту және тиiстi қаражаттар бөлу жөніндегі мәселелердi қарасын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары