Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шiлдедегi
№ 3059 Жарлығын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
қаулысы 1996 жылғы 13 тамыз № 1001
(ҚР Үкіметінiң 26.06.00 ж. № 942 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір қаулыларының және олардың жекелеген нормаларының күшiн жою туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 3050 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мемлекеттік органдардың мынадай шешiмдерiнiң күшi жойылсын:
"Алматыкiтап" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн беру туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы № 157 қаулысы;
"Алматыкiтап" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң 1996 жылғы 23 ақпандағы № 63 қаулысы.
ҚР Үкіметінің 26.06.00 ж. № 942 қаулысымен 2-тармақтың 3-абзацы күші жойылды
2. Мыналарға:
"Алматыкiтап" акционерлік қоғамы мемлекеттік акциялар пакетiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 14 ақпандағы № 198 қаулысына;
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi:
"Алматыкiтап" акционерлік қоғамы, "береке" мемлекеттік акционерлік компаниясының құрамына кiретiн акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн сату-сатып алу шарттарын белгiленген тәртiппен бұзатын болсын;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне бiр ай мерзiм iшiнде аталған мемлекеттік акциялар пакеттерiн сату туралы ұсыныстар енгiзсiн.
4. Атом энергетикасы жөніндегі "КАТЭП" ұлттық акционерлік компаниясының президентi В.Г.Язиковтың, "Үлбi металлургия зауыты" акционерлік қоғамының президентi Е.Я.Скозаның төлем-есеп айырысу және жөнелту құжаттарына қол қою және өндiрiстiк-қаржы қызметiне, шикiзат беру мен өнiмдi өткiзуге бақылау жасау құқығы бар өкiлеттi өкiлдер ретіндегі құқылылығы тоқтатылсын.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары М.С.Итеғұловтың "Ертіс полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының төлем-есеп айырысу және жөнелту құжаттарына қол қою және өндiрiстiк-қаржы қызметiне, шикiзат беру мен өнiмдi өткiзуге бақылау жасау құқығы бар өкiлеттi өкiлдер ретіндегі құқылылығы тоқтатылсын.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi:
В.С.Проходовтың "Ертіс комбинаты" акционерлік қоғамын басқару жөніндегі мiндеттердi орындаудан, Е.Я.Скозаны "Үлбi металлургия зауыты" акционерлік қоғамын басқару жөніндегі мiндеттердi орындаудан босату жөніндегі мәселенi белгiленген тәртiппен шешетiн болсын;
бес күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Ертіс полиметалл комбинаты", "Үлбi металлургия зауыты" акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастыру жүргiзу кезеңiне сенiмдi басқарушыларының кандидатуралары туралы ұсыныс енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы С.С.Қалмырзаев, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы Э.К.Утепов күшi жойылған үкiметтiк шешiмдердi әзiрлеу кезiнде қолданылып жүрген заңдарды бұзушылыққа жол берген қызметкерлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартсын.
Бiр апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабарласын.
8. Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы С.И.Шуткин күшiн жоюға әкеп соққан Үкiмет актілерінiң жобаларын дайындағаны үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының қызметкерлерiне тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдансын және Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеу мен шығаруда заңдардың сақталуына бақылауды күшейтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр