394-бап. Шарттың нысаны
1. Егер тараптар белгiлi бiр нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрi үшiн бұл нысан талап етiлмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.
2. Егер шарт жасасу жөніндегі жазбаша ұсыныс осы Кодекстiң 396-бабының 3-тармағында көзделген тәртiп бойынша қабылданса, шарттың жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi.
395-бап. Оферта
1. Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртібі көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады.
2. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етiп қояды.
Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледi.
3. Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнiнен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға болмайды.
4. Жарнама және беймәлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады.
5. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.
396-бап. Акцепт
1. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады.
Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.
2. Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.
3. Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.
4. Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа акцептiң өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледi.
397-бап. Шарт жасасу тәртібі
1. Офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi онда көрсетiлген мерзiм iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Жазбаша не электрондық офертада акцептiге арналған мерзiм қамтылмаған кезде, егер оферта жiберген тұлға акцептiні - заңнамада белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны ол үшін қажеттi қалыпты уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.
Оферта акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмей ауызша жасалған жағдайда, егер екiншi тарап оның акцептi туралы дереу мәлiмдесе, шарт жасалған болып есептеледi.
3. Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа акцептi кеш алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзiмiнде жiберiлген хабар кешiктiрiлiп алынған жағдайда, акцепт кешiктiрiлген болып есептелмейдi.
Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа оның кешiктiрiлiп алынған акцептi қабылданғаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледi.
4. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келiскендiк туралы жауап акцепт болып табылмайды.
Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бiрге жаңа оферта деп танылады.
398-бап. Шарт жасасатын жер
Егер шартта оны жасасатын жер көрсетiлмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерiнде немесе оферта жiберген заңды тұлғаның орналасқан жерiнде жасалған болып танылады.
399-бап. Шартты мiндеттi түрде жасасу
1. Осы Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес шарт жасасу тараптардың бiрi үшiн мiндеттi болған реттерде, бұл тарап екiншi тарапқа акцепт туралы, не акцепттен бас тартатыны туралы немесе офертаға (шарт жобасына) өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы), егер заңдарда өзге мерзiм белгiленбесе, не тараптар келiспеген болса, офертаны алған күннен бастап отыз күннiң iшiнде хабар жiберуi тиiс.
2. Офертаны жiберген және шартты жасасуға мiндеттi тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасын) алған тарап шарт жасасу кезiнде пайда болған келiспеушiлiктi осындай хабар алған күннен бастап отыз күн iшiнде, не акцептiне арналған мерзiм өткен соң, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлерi туралы өзге мерзiм белгiленбесе, соттың қарауына беруге құқылы.
3. Егер шарт жасасуға мiндеттi тарап жiберген шарт жобасына отыз күн мерзiмде шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы алынса, бұл тарап екiншi тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамайтыны туралы келiспеушiлiк хаттамасын алған күннен бастап отыз күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.
Келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамаған не оны көрсетiлген мерзiмде қарау нәтижелерi туралы хабарды алмаған жағдайда келiспеушiлiк хаттамасын жiберген тарап, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлерi туралы өзгеше белгiленбесе, шарт жасасу кезiнде пайда болған келiспеушiлiктердi соттың қарауына беруге құқылы.
4. Егер осы Кодекске немесе өзге де заң құжаттарына сәйкес шарт жасасуға мiндеттi тарап оны жасасудан жалтарса, екiншi тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.
Шарт жасасудан негiзсiз жалтаратын тарап екiншi тарапқа шарт жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруға тиiс.
400-бап. Шарт жасасу алдындағы даулар
Осы Кодекстiң 399-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген реттерде, сондай-ақ шарт жасасу кезiнде туындаған келiспеушiлiктер тараптардың келiсуiмен соттың қарауына берiлген болса, шарттың тараптар келiспеген ережелерi сот шешiмiне сәйкес белгiленедi.
24-тарау. Шартты өзгерту және бұзу
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 401-бап өзгертілді
401-бап. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi
1. Егер осы Кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн.
2. Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:
1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;
2) осы Кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.
Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.
3. Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту (осы Кодекстiң 404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.
402-бап. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі
1. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсіндегі әдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
2. Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мәлiмдей алады.
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 403-бап өзгертiлдi
403-бап. Шартты бұзу және өзгерту салдары
1. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады.
2. Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi.
3. Шарт бұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келісімге келген кезден бастап, ал шарт сот тәртібімен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда - шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi.
4. Егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.
5. Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едәуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 404-бап жаңа редакцияда; 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 404-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
404-бап. Шартты орындаудан бiржақты бас тарту (шарттан бас тарту)
1. Шартты орындаудан бiржақты бас тартуға (Шарттан бас тартуға) осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде көзделген жағдайларда жол берiледi.
2. Тараптардың бiрi, атап айтқанда:
1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (осы Кодекстiң 374-бабы);
2) егер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, белгiленген тәртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттік органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Егер заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi.
4. Егер осы Кодексте, басқа да заң актілерінде немесе тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.
405-бап. Шарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту
Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзiмге ұзартуға құқылы.
Шарттың қолданылу мерзiмi осы Кодекстiң 397-бабының ережелерi бойынша ұзартылады.
Қазақстан Республикасының