Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың iндетке ұшырауы мен өсiмдiк ауруларының алдын алу, таратпау және жою саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы Ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. № 389 қаулысымен 2-тармақтан сөздер алынып тасталды
3. Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияға орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң жұқпалы аурулардың эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың iндетке ұшырауы мен өсiмдiк ауруларының алдын алуға, таратпауға және жоюға бағытталған ғылыми және практикалық қызметтерiн үйлестiру жүктеледi деп белгiленсiн.
4. Облыстардың, қалалардың және аудандардың әкiмдерi тиiстi аумақтарда эпидемияға қарсы төтенше комиссиялар құрсын және Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы ереженi басшылыққа алып, олар туралы ережелердi бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Жұқпалы ауруларға қарсы республикалық төтенше комиссия құру туралы" 1993 жылғы 21 қыркүйектегi № 913 және "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қыркүйектегi № 913 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" 1995 жылғы 10 мамырдағы № 636 қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 3 маусымдағы
№ 685 қаулысымен
Бекiтiлген
Эпидемияға қарсы республикалық төтенше
комиссия туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер
1. "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жасалған осы Ереже эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) негiзгi мiндеттерiн, қызметiн, құқықтарын және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
2. Комиссия консультативтiк-кеңесшi ведомствоаралық үйлестiрушi орган болып табылады және жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың iндетке ұшырауы мен өсiмдiк ауруларының алдын алу, таратпау және жою саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргiзу мақсатында құрылды.
3. Комиссия өз өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының министрлiктерiмен және мемлекеттік комитеттерiмен, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерiне:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жұқпалы аурулар эпидемиясы мен адамдардың жаппай улануының, малдың iндетке ұшырауы мен өсiмдiк ауруларының алдын алуға, таратпауға және жоюға, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметiн үйлестiру;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың олардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша заң актілері мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын жасау жөніндегі қызметiн үйлестiру, сондай-ақ белгiленген тәртiпте аталған құжаттардың жобаларын қарау, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;
облыстардың, қалалардың, аудандардың эпидемияға қарсы төтенше комиссияларының қызметiне әдiстемелiк басшылық жасау мен үйлестiрудi жүзеге асыру, эпидемиялық жұқпалы аурулар мен адамдардың жаппай улануының, жануарлардың iндетi мен өсiмдiктер ауруының алдын алу, таратылу және жоюға бағытталған шараларды орындауға практикалық көмек көрсету кiредi.
II. Қызметтерi мен құқықтары
5. Комиссияға аталған мiндеттердi орындау мақсатында:
эпидемиялық жұқпалы ауруларға және адамдардың жаппай улануына жол бермеу, аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулардың әкелiнуi мен таратылуының алдын алуға бағытталған шешiмдердi жетiлдiру;
заңды тұлғалар мен азаматтардың жұқпалы аурулардың, жаппай уланудың алдын алуға және жоюға бағытталған қызметтерiне әдiстемелiк басшылық жасау мен үйлестiру;
заңды тұлғалардың күштерi мен қаражаттарын эпидемияға қарсы және iндетке қарсы нақты шараларды орындау үшiн тартуды ұйымдастыру;
эпидемияға қарсы және iндетке қарсы шаралар жүргiзуге байланысты карантиндiк-шектеу шараларын енгізу және оны қолданыстан шығару;
жауапты тұлғалардың эпидемияға қарсы және iндетке қарсы шаралардың орындалу барысы туралы баяндамаларын мезгiл-мезгiл тыңдау, тыңдаудың нәтижелерi бойынша ұйымдық және практикалық шешiмдер қабылдау;
денсаулық сақтау органдарының аурулардың таралуының алдын алу және олардың пайда болуы зардаптарын жою үшiн мамандандырылған медициналық құралымдарын, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі, басқа да министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң және ведомстволардың жедел топтарын аса қауiптi жұқпалы аурулар ошақтарына жiберу жөніндегі iс-қимылдарын үйлестiру;
денсаулық сақтау және мал дәрiгерi органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын қауiптi жұқпалы аурулардың профилактикасы бойынша халықты медициналық және мал дәрiгерлiк-санитарлық ағарту үшiн пайдалану жөніндегі қызметтерiн үйлестiру;
Қазақстан Республикасының аумағы мен одан тысқары жерлерде қауiптi аурулармен науқастанулар туралы ақпараттар жиналуына және талдануына бақылау жасау;
адамдар мен жануарлардың мекен ауыстыруына, жүктердiң ауру ошағынан тысқары жерлерге тасымалдануына енгiзiлген шектеулердiң сақталуына, басқа да карантиндiк шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Үкіметін Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегi қауiптi жұқпалы аурулар бойынша эпидемиялық және мал iндетi жағдайы туралы хабардар ету жүктеледi.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 7 абзацындағы сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінiң
1998.04.28. № 389 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.04.14. № 576
қаулысымен.
6. Комиссияның:
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң жұқпалы ауруға шалдығуы туралы ақпарат алуға;
кәсiпорындардағы, мекемелердегi, ұйымдардағы жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың профилактикасы жөніндегі жұмыстардың жағдайына тексеру жүргiзуге;
адамдардың, жануарлардың және өсiмдiктердiң арасында жұқпалы арулардың таралуының алдын алу мақсатында карантиндiк-шектеулiк шараларын енгізу туралы шешiм қабылдауға;
жұқпалы аурулардың алдын алу, санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы және мал iндетiне қарсы шаралардың орындалуы туралы құжаттар талап етуге және комиссияның мәжілістерiнде тиiстi басшылардың хабарламасын тыңдауға;
кiнәсi бойынша жұқпалы аурулар эпидемияларына, мал iндеттерiне немесе адамдар арасындағы тамақтан жаппай улануға жол берiлген лауазымды тұлғаларды жұмыстан босату, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы тиiстi органдарға материалдар жолдауға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына жұқпалы аурулардың профилактикасына және деңгейiн төмендетуге, сондай-ақ тамақтан уланудың алдын алуға байланысты мәселелер енгізуге құқығы бар.
III. Жұмысты ұйымдастыру
7. Комиссия ағымдағы және алдағы болашақтағы мәселелердi шешудi көздейтiн мынадай жұмыс жоспарын жүргiзедi:
жұқпалы аурулардың және тамақтан уланудың пайда болуы мен таралуының алдын алу;
заңды тұлғалардың жұқпалы аурулардың профилактикасы және оның
таралуының алдын алу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтары мен Үкіметінiң қаулыларын жүзеге асыру жөніндегі
шараларды, сондай-ақ Комиссияның шешiмдерiн орындауы.
8. Комиссия қалыптасқан эпидемиялық және мал iндетi жағдайын ескере отырып жоспарлы немесе кезектен тыс мәжіліс өткiзедi және қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады.
9. Комиссияның жұмысын ұйымдық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аппараты жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінiң 1998.04.28. № 389
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2000.04.14. № 576
қаулысымен.
10. Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi және ол орындау үшiн заңды тұлғалар мен азаматтарға жолданады.
Хаттамаға мәжіліске төрағалық етушi адам мен жауапты хатшы қол қояды. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 қаулысымен Бекiтiлген
Эпидемияға қарсы республикалық төтенше
комиссияның жеке құрамы
Макиевский Н.М. - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң төрағасы, төраға
Бижанов Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетi төрағасының бiрiншi
орынбасары, төрағаның орынбасары
Девятко В.Н. - Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрi, төрағаның орынбасары
Алтынбеков С.А. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетi төрағасының орынбасары,
төрағаның орынбасары
Бисмилдин Ф.Б. - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік
санитарлық дәрiгерiнiң орынбасары, хатшы
Комиссия мүшелерi:
Әбиев М.К. - Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын
үй және аумақтарда құрылыс салу
министрінің бiрiншi орынбасары
Әдуов Р.С. - Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттiгi
директорының орынбасары
Әкiмбеков Н.К. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрінің орынбасары
Әлиғожанов С.Қ. - Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрінің бiрiншi
орынбасары
Алманиязов Э.А. - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң
аумақтарды және халықты қорғау
бөлiмiнiң бастығы
Арабов С.А. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келісімi бойынша)
Бәйiшев К.С. - Қазақстан Республикасы Экология және
биоресурстар министрінің бiрiншi
орынбасары
Дерновой А.Г. - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік
санитарлық дәрiгерi - Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің орынбасары
Добрица З.П. - Қазақ обаға қарсы күрес ғылыми-зерттеу
институтының директоры
Ерекешев С.В. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінiң бас
медициналық-санитарлық инспекторы
Ерошенкова Г.В. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң жедел iс басқармасы
бастығының орынбасары
Ким А.Г. - Қазақстан Республикасы Жастар iсi,
туризм және спорт министрінің орынбасары
Константинов А.В. - Қазақстан Республикасы Бас
прокурорының бiрiншi орынбасары
(келісімi бойынша)
Кравчук А.В. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң Төтенше жағдайлардың алдын
алу бас басқармасының бастығы
Крылов Ю.М. - "Қазақстан теледидары мен радиосы"
республикалық корпорациясының
вице-президентi
Медеуов Е.Ө. - Қазақстан Республикасы Білім министрінің
орынбасары
Малғаждаров А.Ә. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң Азаматтық қорғаныс бас
басқармасының бастығы
Нұрғалиева Е. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрінің орынбасары
Омаров А.Д. - Алматы темір жол басқармасының
бастығы
Отаров К.М. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрінің орынбасары
Петров В.В. - Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң жедел iс бас басқармасының
бастығы
Самакова А.Б. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
сауда министрінің орынбасары
Сейiтбатталов Б.Ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрінің Консулдық бас
басқармасының бастығы
Сыпатаев М.Б. - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық
станцияның бас дәрiгерi
Тоқтаров Ж.Б. - "Қазақстан әуе жолы" ұлттық
акционерлік авиакомпаниясының бiрiншi
вице-президентi
Тұрсынқұлов Ш.Ж. - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік
малдәрiгерлiк инспекторы
Үмбетбаев Т.А. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
шекара күзетi жөніндегі мемлекеттік
комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
Шнитковский А.А. - Қазақстан Республикасы Кеден комитетi
төрағасының орынбасары