Осы мақсатта бағалы қағаздар нарқы инфрақұрылымының аса маңызды элементi ретiнде Бағдарламаны жүзеге асырудың екiншi кезеңiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетпен және басқа да мүдделi министрлiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесiп мынадай жолдармен бағалы қағаздар нарқын дамытудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыратын болады.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы бағалы қағаздардың тiркелген эмиссиялары туралы, тiркеушiлер, депозитарийлар, брокерлер мен бағалы қағаздар нарқының өзге де кәсiби қатысушылары туралы оларға лицензиялар беру туралы немесе оларды тоқтату және қайтып алу туралы мәлiметтердi ашық, жүйелi және толық жариялайды;
эмитенттерге олардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн егжей-тегжейлi ашатын есептерiн мерзiмдiк мiндеттi жариялау, сондай-ақ олардың эмитенттелген бағалы қағаздардың бағасына ықпал жасауға қабiлеттi кез келген өзге де мәлiметтер туралы талаптар қояды, аталған талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүйесiн орнатады;
қор биржаларына саудаласудағы тiркелген бағалы қағаздардың өтемдерiн және әлемдiк практикаға қалыптасқан өзге де ақпаратты мiндеттi түрде толық жариялау туралы талаптар қояды;
қор индекстерiнiң және бағалы қағаздар нарқының дамуын сипаттайтын көрсеткiштердiң жүйесiн құрады;
бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздар нарқын кең насихаттауды, сондай-ақ халықты ондағы "ойын ережелерiне " жаппай оқытуды ұйымдастырады.
Бағалы қағаздар нарқын дамытуды ақпараттың қамтамасыз ету жүйесiн құру жөніндегі шаралар ретiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының жәрдем көрсетуiмен ай сайынғы мамандандырылған журнал шығатын, сондай-ақ бағалы қағаздар нарқының мәселелерi жөніндегі мемлекеттік емес басылымдарға ақпараттық-әдiстемелiк жәрдем көрсетiлетiн болады.
Бағалы қағаздардың тиiмдi рыногы мен қолайлы бәсекелестiк орта құру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы бағалы қағаздар нарқының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарымен бiрлесiп бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылармен ресми қол жетпейтiн ақпаратты пайдалануға шарт жасайтын бағалы қағаздар нарқындағы инсайдерлiк көрiнiстерге батыл күресетiн болады.
3. Үшiншi кезең
Бағдарламаны жүзеге асырудың үшiншi кезеңi (1998 жылдың сәуiрi - 1998 жылдың желтоқсаны) бағалы қағаздар нарқындағы қызметтi реттеу жүйесiн жетiлдiру және бағалы қағаздардың отандық рыногын қаржы рыноктарының халықаралық жүйесiне интеграциялау үшiн жағдайлар мен алғышарттар жасау жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыруды көздейдi. Бағдарламаны жүзеге асырудың үшiншi кезеңіндегі мiндеттердiң бiрi кәсiби қатысушыларға бағалы қағаздар нарқындағы қызметтi дербес реттеу жөнiнде мейлiнше кең құқықтар беру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарқының даму деңгейi отандық та, сондай-ақ шетелдiк инвесторлардың да тараптарынан экономикаға ұзақ мерзiмдi инвестициялардың перспективасын айқындайтын негiзгi фактор болып табылады.
Халықаралық қаржы нарықтарының жүйесiне интеграциялау жөніндегі бағалы қағаздардың нарығын дамытудың негiзгi бағыттары Бағдарламаның екiншi және үшiншi кезеңiнде бағалы қағаздардың әр түрiн шығару мен айналысқа қосу ережелерiн қолданылып жүрген халықаралық стандарттарға сәйкестiкке келтiру; бағалы қағаздармен мәселелердi жүзеге асыру ережелерi; қолайлы инвестициялық ахуал жасау жөніндегі шараларды жүзеге асыру болады.
Рыноктың отандық қатысушыларының портфельдiк инвестициялар нысанындағы басы бос қаржы резервтерiн орналастыру саласында шетелдiк қатысушылар ойдағыдай игерген әдiстер мен құралдарды қолданудағы хабардарлығы мен даярлығының дәрежесi интеграциялау барысындағы маңызды жәйт болып табылады.
Бағалы қағаздардың шетелдiк нарықтарындағы практикалық тәжiрибе ескерiлiп бағалы қағаздар нарығындағы жұмыс үшiн тиiстi кадрларды даярлау туралы мәселе өзектi болады.
Интеграциялық процестердiң негiзгi принциптерiн сақтау, сондай-ақ бағалы қағаздардың қазақстандық рыногын әлемдiк экономикалық қауымдастыққа таныту мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық ұйымға кiру жөніндегі жұмысты жүргiзедi.
4. Бағдарламаны жүзеге асыру тетiгi
Көзделген ағымдағы және орта мерзiмдi шаралар бағалы қағаздардың отандық рыногын әлемдiк стандарттарға баламдырақ жаңа деңгейге шығарады, оған бағалы қағаздармен сауданың көлемiн ұлғайту, олардың өтiмдiлiгi мен институциональдық инвесторлар үшiн тартымдылығын арттыру тән.
Бағдарлама құқық базасын әзiрлеу мен жасау, техникалық жүйенi құру, бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының шеңберiнде ақпараттық қамтамасыз ету, кадрлар даярлаудың жүйесi мен бағалы қағаздардың рыногын әлемдiк рынокқа қосу тетiгiн жасау жолымен Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын одан әрi дамыту үшiн жағдайлар тудыруға бағытталған. Бағалы қағаздардың дамыған нарықтарының қалыптасу тәжiрибесiн пайдалану негiзiнде жаңа экономикалық тетiктiң принциптерiн жүйелi түрде жүзеге асыру Бағдарламаның ерекшелiгi болып табылады.
Бағдарламаны Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын дамытудың бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарына сәйкес әртүрлi министрлiктермен бiрлесiп жүзеге асыратын болады. Бұдан басқа Бағдарламаны жүзеге асыруға бағалы қағаздар нарқына кәсiби қатысушылардың бiрлестiктерi де қосылуы мүмкiн.
Бағдарламаның негiзгi ережелерiн жүзеге асыруды үйлестiру қызметiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы жүзеге асырады.