1996 жылғы 8 сәуірдегі
№ 402 қаулысымен
бекітілген
Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер
пайдалану құқығын беретiн актінiң
СИПАТТАМАСЫ
1. Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актінiң* бланкiлерi оларды өндiрудiң белгiленген технологиясына сәйкес картографиялық жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететiн жоғары сападағы ақ қағаздан дайындалады.
Ескерту: Бұдан былай - акт
2. Тиiсiнше тұрақты жер пайдалануға немесе меншiкке ұсынылатын немесе берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерiне қарай жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн акттер бланктерiнiң көлемi 210Х300 мм және 300Х420 мм болады.
Акт бланкiнiң таңдап алынатын көлемiне негiзгi қойылатын талап-жоспар шеңберіндегі жер учаскесi шекарасының өлшеу сызығын бейнелеу болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2001.07.26. № 1009 қаулысымен 3-тармақ өзгерді
3. Актінiң титулды жағы (бiрiншi бетi) көгiлдiр түспен боялады және мынадай нәрселерден тұрады:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы;
актінiң атауы;
көркемдеу өрнегi;
қорғаныштық тор.
Екiншi бетiнде Қазақстан Республикасының аумағы және қазақ және орыс тiлдеріндегі актінiң мазмұны сұр түспен пiшiндi түрде бейнеленедi.
Үшiншi бетте жер учаскесiнiң жоспары, жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi көрсетiлетiн сызықтардың аралас және өлшеу сызығын шығару сипаттамасы орналастырылады.
Төртiншi бетiнде жер учаскелерiнiң бөтен иеленушiлерi мен жер пайдаланушылардың, оларға бекітілiп берiлген жер алқаптарымен, тiзбесiмен қоса, кестесi орналастырылады, жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актілердi Жазу кiтабында акт берудi жазу қандай нөмiрмен жүргiзiлгендiгi хабарланады, сондай-ақ актінi берген жер ресурстарын басқару жөніндегі орган төрағасының қолы, фамилиясы, аты, тегi, акт беру күнi орналасатын орын көрсетiледi.
Осы бетке Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң органдарында жер учаскесiне құқықты тергеу туралы белгi орналасады.
Нысан
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 8 сәуірдегі
№ 402 қаулысымен
бекітілген
Жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер
пайдалану құқығын беретiн акттердi жазу
КIТАБЫ
ҚР Үкіметінің 2001.07.26. № 1009 қаулысымен Нысан өзгерді
______________________________________________________________
(жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның
______________________________________________________________
атауы)
Қазақстан Республикасы __________________ облысы __________________
______________________ ауданы
___________________________________________________________________
N |Меншiкке немесе тұ. |Акт бланкiнiң|Меншiкке немесе|Бөтен мен.
р/с|рақты жер пайдалануға|атауы және |тұрақты жер |шiк иелерi.
|жер учаскелерi ұсыны.|есепке алатын|пайдалануға |нiң, жер
|латын (берiлетiн) |реттiк нөмiрi|ұсынылатын (бе.|пайдаланушы.
|азаматтың фамилиясы, |Жер учаскесi.|рiлетiн) жер |лардың жер
|аты, тегi және заңды |нiң кадастр. |учаскесiнiң |учаскелерi.
|ұйымның толық атауы |лық нөмiрi |аумағы |нiң аумағы
___|_____________________|_____________|_______________|___________
1 | 2 | 3 | 4 | 5
___|_____________________|_____________|_______________|___________
____________________________________________________________________
Акттiң |Акт алынған құжаттың |Акттi алған адам|Фамилиясы, |Ескерту
берiлген|атауы (жер учаскесi |________________|аты, тегi |
уақыты |иесiнiң немесе жер |лауа.|фами. |қо.|және акт |
(күнi, |пайдаланушының төл. |зымы |лиясы,|лы |берген адам|
айы, |құжат сериясы, нөмiрi,| |аты, | |ның лауазы.|
жылы) |берiлген уақыты) | |тегi | |мы |
________|______________________|_____|______|___|___________|_______
6 | 7 | 8 | 9 | 10| 11 | 12
________|______________________|_____|______|___|___________|_______