г) отбасы жағдайына байланысты немесе басқа да орынды себептер бойынша:
әскери қызметтi орындауға кедергi келтiретiн отбасы жағдайлары пайда болғанда. Бұл ретте отбасы жағдайлары деп әйелiмен (күйеуiмен) болған қайғылы оқиғалар және осы себептi балаларына күтiм қажет болған (офицер рапорты негiзiнде) немесе офицер-әйелдер үшiн бала тууына байланысты өздерi атқарып отырған әскери қызмет мiндеттерiн олардың орындай алмаған жағдайлары ұғынылады - офицердiң рапорты немесе әскери бөлiм командирiнiң шешiмi негiзiнде (бұл ретте оларды босату жүктi болуына және босануына байланысты демалыстары бiткеннен кейiн жүргiзiлуi мүмкiн);
мемлекеттік өкiмет органдарына сайланбалы лауазымдарға сайланған кезде;
д) контрактiнiң бұзылуына байланысты - әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын босату туралы рапорт берген жағдайда;
е) қызметке сай келмеуiне байланысты - офицер контракт шарттарын орындамаған жағдайда немесе егер ол осы Уақытша ережеде белгiленген талаптарға сай келмеген жағдайда (аттестациялық комиссияның қорытындысы бойынша);
ж) әскери қызметшiнiң ар-намысына кiр келтiретiн iс-әрекеттер жасағаны үшiн - әскери қызметшi арына кiр келтiретiн iс-әрекеттер жасаған жағдайларда - ар сотының шешiмi мен аттестациялық комиссия қорытындысы негiзiнде, оны әскери бөлiм командирi бекiткен соң босатылады.
35. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған (әскери атағынан айырмай) офицерлiк құрамдағы адамдар:
а) жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айырылып сотталуына байланысты әскер қызметтен;
б) жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айырмай сотталуына байланысты, оның iшiнде үкiмнiң орындалуы кейiнге қалдырылған, сондай-ақ бас бостандығынан айырылып сотталған, бiрақ жазаны өтеуден амнистия бойынша босатылған жағдайда әскери қызметтен запасқа немесе отставкаға мерзiмiнен бұрын босатылады.
36. Офицерлiк құрамдағы адамдар әскери қызметтен:
а) жасына байланысты - запаста болудың шектi жасына жеткенде;
б) науқасына байланысты - әскери-дәрiгерлiк комиссиялар әскери қызметке жарамсыз деп танығанда, әскери есептен шығарыла отырып отставкаға жiберiледi.
37. Белгiленген тәртiп бойынша әскери атағынан айырылған офицерлiк құрамдағы адамдармен контракт мерзiмiнен бұрын бұзылады және олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң офицерлiк құрамының тiзiмiнен шығарылады.
38. Осы Уақытша ереженiң 34-тармағының "д", "ж" тармақшаларында, 25-тармақтың "а" және "б" тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ 37-тармақта көрсетiлген жағдай бойынша контрактiнi бұзған кезде контракт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген офицерлердi мерзiмiнен бұрын босату кезiнде олардан контракт жасалған кезде төленген бiржолғы ақшалай жәрдемақы контрактiнiң аяқталуына дейiн қалған уақытты теңестiрiп есептегендегi сомада (әскери қызметтiң толық күнтiзбелiк айлары есебiмен) және алған заттай мүлкiнiң құны қию мерзiмiнiң аяқталуына дейiн қалған уақытты теңестiрiп есептегендегi сомада төлеттiрiп алынады. Бұған қоса, жоғарыда аталған жағдайлар бойынша офицердi әскери қызметтен босатқан кезде одан контрактiнi мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн контрактi шарты бойынша әрбiр атқарылмаған күнтiзбелiк жылы үшiн ақшалай қаражатының үш жалақысы төлеттiрiп алынады. Бұл ретте ақшалай табысының жалақы мөлшерi офицердiң әскери қызметтен босатылған күніндегі жағдай бойынша есептеледi.
Басқа мемлекеттiң әскери-оқу орындарында оқыған және олардан оқығысы келмегендiктен, сондай-ақ үлгермеуi немесе тәртiп бұзушылығына орай контрактiнi бұзуына байланысты шығарылған курсанттар (тыңдаушылар) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне оларды оқытуға және ұстауға жұмсалған нақты шығынының орнын Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiп бойынша толтырады. Әскери-оқу орнынан денсаулығына немесе отбасы жағдайына байланысты шығарылған кезде курсанттар (тыңдаушылар) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне оларды оқытуға және ұстауға жұмсалған шығындарды қайтармайды.
39. Офицерлiк құрамдағы адамдарды әскер қызметтен босату, оның iшiнде контрактiнi мерзiмiнен бұрын бұзған кезде босату Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
Офицерлiк құрамдағы адамдарды босату күнi болып, олар әскер бөлiм бойынша шығарылатын бұйрықпен әскер бөлiм тiзiмiнен шығарылған күн есептеледi.