Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 12 қазандағы № 1320 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 02.05.97 ж. № 851 ; 03.03.01 ж. № 326 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен )
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1246 қаулысымен күші жойылды
"Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2256 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мынадай шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
ҚР Үкіметінiң 02.05.97. № 851 қаулысымен 3-абзацы күшi жойылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қыркүйектегi № 773 қаулысымен бекітілген Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы ереженiң (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 34, 398-бап) 4-тармағы және 6-тармақтың "ж" тармақшасы "шағын кәсiпорындарда" және "шағын кәсiпорындар мен сөздерiнен кейiн "шаруашылығындағы" және "шаруашылығымен" сөздерiмен толықтырылсын:
ҚР Үкіметінің 2001.03.03. № 326 қаулысымен соңғы абзац күшін жойды
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi