Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлігінiң Қазақ мемлекеттік
заң институтын ұйымдастыру мәселелерi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 мамырдағы № 564 қаулысы
Заң кадрларын даярлауды жетiлдiру мақсатында, «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қазақ мемлекеттік заң институтын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 14 наурыздағы № 1591 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Алматы мемлекеттік университетiнiң заң факультетi және iшiнара Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң заң факультетi негiзiнде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қазақ мемлекеттік заң институты ашылсын.
Институтқа мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарына, сот және құқыққорғау органдарына, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге заңгерлер даярлау және тиiстi заң кадрларының біліктiлiгiн көтеру жүктелсiн.
1994/1995 оқу жылында институттың бiрiншi курсына 260 адам мөлшерiнде студенттер қабылдау белгiленсiн. Оқу нысаны күндiзгi, оқыту мерзiмi - 4 жыл.
2. ҚР Министрлер Кабинетінің 1997.11.08. № 1246 қаулысымен күшi жойылды
3. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі 1994 жылдан бастап, Қарағанды мемлекеттік университетiн қоспағанда, республиканың барлық мемлекеттік жоғары оқу орындарының заң факультеттерi мен бөлiмдерiне студенттер қабылдауды тоқтатып, қазiр оларда оқып жүрген студенттердiң оқуын бiтiруiн қамтамасыз етсiн.
4. Қазақ мемлекеттік заң институтының басшылығына республиканың заң факультеттерi мен бөлiмдерiнде екiншi және одан кейiнгi курстарда оқып жүрген студенттердi заң институтының тиiстi курсына ауыстыру тәртібімен қабылдауына рұқсат етiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi сырттан оқу нысанында оқып жүрген Алматы мемлекеттік университетiнiң заң факультетiнiң студенттерiн 1993-1994 оқу жылы аяқталған соң ҚазМУ мен ҚарМу-дың заң факультеттерiнiң тиiстi курстарына ауыстыруды қамтамасыз ететiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі 1994 жылғы наурыздың 14-iндегi жағдай бойынша Алматы мемлекеттік университетiнiң таратылған заң факультетiнiң иелiгiне жататын профессор-оқытушы құрамның штатын, оқу-қосалқы және әкiмшiлiк қызметкерлерiн, оқу, ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерiн, материалдық-техникалық базаны және жатақханалардағы орындарды, сондай-ақ оған бекітілген қаражатты түгел Қазақ мемлекеттік заң институтына беретiн болсын.
7. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi Қазақ мемлекеттік заң институтына белгiленген нормативтерге сәйкес, тиiстi штаттарды, оқу және ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттердi, ұйымдық-есептеу және криминалистiк техниканы, өзге де жабдықтар мен мүкәммалды студенттер қабылдауды қысқарту есебiнен, сондай-ақ студенттер жатақханасын беретiн болсын.
ҚР Министрлер Кабинетінің 1997.02.04. № 465 қаулысымен 8- тармақ өзгертілді
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігімен бiрлесiп, профессор-оқытушы құрамының, әкiмшiлiк-басқару, қызмет көрсету қызметшiлерiнiң санын, еңбекақы төлеу және стипендия қорын, оқу және кеңсе-шаруашылық шығындарға, жабдықтар, көлiк, мүкәммал сатып алуға, сондай-ақ институттың үйi мен жатақханаларын қайта құруға қажеттi қаржыны анықтайтын болсын.
9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Алматы қаласының әкімі жаңадан құрылған Қазақ мемлекеттік заң институтының қызметкерлерiне 1994-1995 жылдары 4 мың шаршы метр тұрғын алаң бөлiнуiн көздеп отырсын.
10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуының 1995-2000 жылдарға арналған жоспарында 1000 орындық студенттер жатақханасын және Қазақ мемлекеттік заң институтының профессор-оқытушы құрамына көлемi 8 мың шаршы метр 80 пәтерлiк тұрғын үй салуды, жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге қажеттi қаржы бөлудi көздейтiн болсын.
Алматы қаласының әкімі оларды салу үшiн бос тұрған жер учаскелерi, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамына жеке тұрғын үйлер мен саяжайлар тұрғызуға жер учаскелерi бөлiнуiн ресiмдейтiн болсын.
11. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі Қазақ мемлекеттік заң институтының өтiнiмi бойынша оған қажеттi телефон нөмiрлерi мен үкiметтiк байланыс нөмiрлерiн бөлсiн.
12. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі екi апта мерзiмде Қазақ мемлекеттік заң институтының Жарғысын бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi