Республиканың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 4 қазан № 1299
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Орын алған кемшiлiктердi жою және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық объектiлерiн пайдалану және ұстау жөніндегі жұмысты одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Балансында тұрғын үй қоры бар облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар:
тұрғын үй қорын қалыпты пайдалану және ұстау хақында шұғыл проблемаларды дербес шешу мақсатында пәтерлердiң (үйлердiң) иелерiнiң кооперативтерiн құру жөнiнде жекешелендiрiлген пәтерлер мен үйлердiң тұрғындарының арасында қажеттi түсiндiру және ұйымдастыру жұмысын жүргiзсiн. Бiрiншi кезектегi мұқтаждары үшiн оларға қажеттi материалдық-техникалық ресурстарды беру, жайғастыруда жаңадан құрылған кооперативтерге жан-жақты көмек көрсетсiн;
Кооперативтердiң баласындағы үйлерге жапсарлас салынған адам тұрмайтын үй-жайлардың жалгерлерi мен иелерiне тұрғын үйдi ұстауға арналған шығындардың бiр бөлiгiн төлету құқын пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiне берсiн. Жиналған ақшалай қаражат тек қана тұрғын үйлердi ұстау және жөндеуге, сондай-ақ үйлердiң маңындағы аумақтарды тазалауға жұмсалсын.
Мемлекеттік және жекешелендiрiлген тұрғын қорының техникалық жай-күйiне 3 ай мерзiмде тексеру жүргiзсiн және нәтижесi бойынша оны күрделi жөндеуден өткізу, қалпына келтiру немесе авариялық және тозған үйлердi бұзу жөнiнде нақты шаралар қабылдансын;
Әсiресе, көп қабатты үйлерде тұратын азаматтардың қауiпсiз тұруына жағдай жасау мақсатында олардың тұрғын үй-жайларының тiкелей мақсатына сай пайдаланылуын қамтамасыз етсiн; Тұрғын үй-жайын қайта жоспарлау немесе қайта құру тек қана жергiлiктi сәулет органдарымен келісілген жобалар бойынша құрылыс нормалары мен ережелерiн сақтап жүргiзсiн;
лифт шаруашылығын сенiмдi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн бiр ай мерзiмде олардың техникалық жай-күйiн айқындау, қосалқы бөлшектер сатып алуға және жарамсыз жабдықтарды ауыстыруға және жөндеуге қаржы ресурстарын iздестiрсiн.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
отын-энергетика қорларын жан-жақты үнемдеу мақсатында халыққа коммуналдық және өнеркәсiп орындарына бюджеттік ұйымдарға жiберiлетiн жылу энергиясы, суық және жылы суды, газды прибормен есепке алу жөніндегі шараларды әзiрлеп, 1995-1996 жылдар iшiнде жүзеге асырсын;
қалыпты экологиялық жағдайды сақтау үшiн қалалар мен елдi мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және сенiмдi орналастыру орындары белгiленсiн және қажет болған жағдайда оларды өңдеу жөнiнде тиiстi қуаттарды құрсын.
Саланы көмек қаржысыз жұмыс iстеуге көшiрудi аяқтағанға дейiн тұрғын қорын жылы сумен жабдықтау және жылыту жөніндегі тарифтерiнiң айырмашылығына байланысты, пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiнiң шығындарын жабуды мемлекеттік тұрғын үйдi пайдалану ұйымдарына белгiленгенiндей жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жүзеге асыруды ұсынсын.
3. Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік банкi және оның жергiлiктi бөлiмшелерi пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiне есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асырсын.
Банк пәтерлердi, тұрғын үйлердiң ортақ бөлiктерiн мақсатты қаражат жинақтау үшiн қолданылып жүрген шарттармен проценттерiн есептеп, пәтерлер (үйлер) иелерi кооперативтерiне, олардың жекелеген мүшелерiне есепшот ашуға рұқсат берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігімен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп, халық пен коммуналдық шаруашылықтардың сұранысын қанағаттандыратын көлемде 1995-1996 жылдары жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың базасында коммуналдық техника, қазандық жабдықтар, желiлiк сорғыштар, электротехникалық өнiмдер, есепке алу приборларын, құбыр жүргiзу арматураларын және санитарлық-техникалық бұйымдарды жасап шығару жөнiнде қуаттарды құру мәселелерiн қарап, шешсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі су құбырлары мен канализацияның магистралдық жеткізу жүйелерiн қоса, елдi мекендерде су құбыры мен канализация жүйелерiнiң негiзгi iрi ғимараттарын салу және жаңғыртуға қажеттi қаражаттың республикалық бюджеттен бөлiнуiн республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жыл сайынғы индикативтiк жоспарларында қарастырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi