Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті туралы ережені
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
қаулысы 21 сәуiр 1994 ж. № 421
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 291 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ормандарын күзету және қорғау жөніндегі ұйымдастыру, шолғыншылық-күзет, насихаттық және өзге де шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман күзетi туралы Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 21 сәуірдегі
№ 421 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман
күзетi туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органдары жүйесiнде ормандарды күзету және қорғау жөніндегі ұйымдастыру, шолғыншылық-күзет, насихаттық және өзге де шараларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік орман күзетi құрылады.
Мемлекеттік орман күзетiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ормандарды күзету және қорғау ережелерiн, орман пайдаланудың, орман қорындағы жерлердi нысаналы мақсаттарға сәйкес пайдаланудың белгiленген тәртібін бұзушылыққа тыйым салу және олардың алдын алу жөніндегі, сондай-ақ орманға зиян келтiретiн басқа да әрекеттерге тыйым салу және олардың алдын алу құқығы берiледi.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман
күзетiнiң мiндеттерi
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетiнiң негiзгi мiндеттерi:
ормандарды күзету және қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
орманда жұмыс iстейтiн және онда орын тепкен барлық кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, сондай-ақ орманда болатын азаматтардың Қазақстан Республикасы ормандарында Өрт қауiпсiздiгi ережесін сақтауына бақылау жасау;
ағаш дайындаушылардың өсiп тұрған ағаш пен орман пайдаланудың өзге де түрлерiн босату ережелерiн орындауын қамтамасыз ету. Орман қорындағы жерлердi күзету;
ормандардың жай-күйiне, ұлғайту өсiрiлуiне, күзетiлуiне, қорғалуына және ұжымшарлардың, кеңшарлар мен басқа ауыл шаруашылық кәсiпорындарының орман ресурстарын пайдалануына бақылау жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
орман күзетiн ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетiнiң құрамына Қазақстан Республикасы орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы жүйесi кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметкерлерi осы орган бекiткен лауазымдар тiзбесi бойынша кiредi:
орман шаруашылығы кәсiпорындарында - орманшылар, қорықшылар, орман шеберлерi, өрттен қорғау-химиялық станцияларының бастықтары, орманшылардың көмекшiлерi, орман шаруашылығының, орманды қалпына келтiру және қорғаныштық орман өсiрудiң барлық дәрежедегi инженерлерi, барлық дәрежедегi инженерлер-орманпатологтары, орман питомниктерiнiң бастықтары, бас орманшылар, директорлар;
орман қорғау станцияларында - барлық дәрежедегi техник-лесопатологтар, барлық дәрежедегi инженерлер, бастықтар;
орман инженерлiк селекциялық-тұқым өсiру орталықтарында орман шеберлерi, орманшылардың көмекшiлерi, орманшылар, барлық дәрежедегi инженер-тұқым өсiрушiлер, бас тұқым өсiрушiлер, директорлар;
облыстардың орман шаруашылығы органдарында - құрылымдық бөлiмшелердiң (бөлiмдердiң, секторлардың, инспекциялардың) орман күзету және қорғау, орман шаруашылығы, орманды қалпына келтiру мен қорғаныштық орман өсiру мәселелерiмен шұғылданатын мамандары мен басшылары, бас директорлар, бастықтар;
орманды авиациямен күзету базаларында, авиабөлiмшелерде, авиабазаларда, авиабуындарда - парашютпен өрт сөндiру, десанттық-өрт сөндiру топтарының, командаларының, қызметтерiнiң нұсқаушылары, аға нұсқаушылары, механикаландырылған отрядтарының бастықтары, ұшқыш байқаушылар, ұшу-өндiрiстiк бөлiмдерiнiң бастықтары, авиабөлiмшелерiнiң бастықтары, авиабуындардың командирлерi, орман қорғау жөніндегі инженерлер, авиабаза бастығының ұшу қызметi жөніндегі орынбасары, бастық;
ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, тұқымбақ станцияларында - орман күзету және қорғау, орманды қалпына келтiру және қорғаныштық орман өсiру мәселелерiмен шұғылданатын құрылымдық бөлiмшелердiң мамандары мен басшылары.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.06. № 454 қаулысымен.
4. Мемлекеттік орман күзетiне жалпы басшылықты облыстардың орман басқару органдары арқылы Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi табиғат қорғау қоғамдық ұйымдары мен айналадағы табиғи ортаның тазалығы үшiн күресетiн қозғалыстармен тұрақты байланыс және ынтымақтастық жасап отырады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетi
лауазымды адамдардың құқықтары мен мiндеттерi
5. Орманшылар орман және айналымдардағы өздерiне сенiп тапсырылған мүлiктi тiкелей күзетiп, қызметi бойынша орман шеберлерiне бағынады.
Орманшылар:
өз айналымы мен оның шекарасын, ал айналым iшiнде - жолдарды, суаттарды, өзендердi, көлдердi, тоғандарды, құдықтарды, бұлақтарды, құмды, ағаш кесетiн жерлердi, ең жақын телефон орналасқан жердi, көршiлес орманшылар мен мемлекеттік орман қорғаудың лауазымы жоғары қызметкерлерiнiң тұрғылықты жерлерiн, жақын жердегi елдi мекендердi, орманшылық пен орман шаруашылығы кәсiпорындарының әкiмшiлiк үй-жайларын, сондай-ақ ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен орман өрттерiн iс-жүзiнде сөндiру тәсiлдерiн жақсы бiлуге тиiс;
заңсыз ағаш кесудi, мал жаюды және орманды заңсыз пайдаланудың басқа да түрлерiне тыйым салу шараларын қолдануға;
орман өртi шыққан жағдайда оны жою үшiн барлық шараларды қолдануға, сонымен бiр мезетте мемлекеттік орман қорғаудың лауазымы жоғары қызметкерлерiне өрт туралы хабарлауға;
орманда өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң орындалуын бақылап, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың осы ережелердi бұзғандығының баршасы жайында орман шеберiне хабарлауға, ал оларды жекелеген азаматтар бұзған жағдайда бұл туралы тiкелей хаттама (акт) жасауға;
өз айналымында көпiрлердiң, өрт бақылау мұнараларының, телефон желісінiң, шек қою, орман орналастыру және орман шаруашылығы белгiлерiнiң сақталуын қадағалау;
орман шеберiне немесе орманшылыққа айналымда байқалған зиянды жәндiктердiң, орман ауруларының ошақтары, жел құлатқан, дауыл құлатқан, қураған ағаштар мен орман шаруашылығына зиян келтiруi ықтимал басқа да құбылыстар жайында дереу хабарлауға мiндеттi.
Орманшылар:
сүрек дайындауға, мал жаюға, пiшен шабуға және орман пайдаланудың басқа да түрлерiне құқық беретiн құжаттарды тексеруге, орман пайдаланудың белгiленген ережелерiнiң орындалуын бақылауға;
заңсыз ағаш кесу және басқа орман тәртібін бұзушылықтар жөнiнде хаттамалар (актiлер) жасауға;
орман өрттерiнiң шығуына кiнәлi адамдарды ұстап алуға және оларды тиiстi iшкi iстер органдарына жеткiзуге;
жергiлiктi жерлердегi атқарушы өкiмет органдары белгiлеген тәртiпке сәйкес өрт сөндiруге кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерiн, халықты, көлiк пен өртке қарсы қолданылатын құралдарды тартуға, бұл орайда ормандағы, ең жақын елдi мекендердегi байланыс құралдарын пайдалануға;
орманшының тапсырмасы бойынша селолық тауар өндiрушiлердiң орман күзетiнiң жай-күйiн тексеруге, орман пайдалануды, осы ормандары күзету және қорғауды ұйымдастыруда оларға техникалық көмек көрсетуге құқылы.
6. Әрбiр орманшыға оған оның күзетуiне тапсырылған мемлекеттік мүлiктiң тiзбесiмен бiрге айналымның жоспары мен төлқұжаты берiледi.
7. Орман шеберлерi орманшыға және оның көмекшiсiне (орманшылықтарға бөлiнбеген орман шаруашылығы кәсiпорындарында - директорға және орманды күзету және қорғау жөніндегі инженерге тiкелей бағынады.
Орман шеберлерi:
өз учаскесiнiң, учаске құрамына енетiн айналымдардың шекарасын, сондай-ақ өртке қарсы құрылыстардың, суаттардың, өзендердiң, көлдердiң, орлардың, байланыс пункттерiнiң және өзiмен шекаралас орман шеберлерiнiң тұрғылықты жерлерiн жақсы бiлуге;
өз учаскелерi орманшыларының жұмысын басқаруға және нұсқамалар беруге, сондай-ақ олардың өз мiндеттерiн орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
өз айналымдарына тексерiстер жүргiзуге, кордондарды тиiстi дәрежеде күтiп ұстауға, қарудың және орманшылардың қарауына тапсырылған барлық мүлiктiң сақталуына;
орман өртi шыққан жағдайда оларды жоюға тiкелей шаралар қолдануға, сонымен бiр мезетте бұл жөнiнде орманшыға хабарлауға;
орманшылыққа (немесе орман шаруашылығы кәсiпорнына) екi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей әр қилы орман тәртібін бұзушылықтар жөнiнде учаске бойынша жасалған хаттамаларды (актiлердi) жолдауға;
учаскеде уақытша өрт күзетшiлерi мен өрт командаларының жұмысына басшылық жасауға құқылы.
Орман шеберлерi:
заңсыз ағаш кесу және басқа да орман тәртібін бұзушылықтар, сондай-ақ ормандағы өрт қауiпсiздiгiнiң белгiленген ережелерi мен талаптарының орындалмауы жөнiнде хаттамалар (актiлер) жасауға;
ағашы кесiлген жерлердi, дайындалған материалдарды, шайыр алуға бөлiнген орман ағаштарын, учаскеде орындалған орман шаруашылығы жұмыстарын куәландыруға қатысуға, ал жекелеген жағдайларда орманшының тапсырмасы бойынша куәландыруды, бұл жөнiнде акт жасай отырып, өз бетiнше жүргiзуге;
орманшының тапсырмасы бойынша селолық тауар өндiрушiлер мен басқа да орман иеленушiлердiң иелiгіндегі ормандарды күзету және қорғаудың жай-күйiне тексеру жүргiзуге құқылы.
8. Әрбiр орман шеберiне белгiленген үлгiдегi таңбалар берiледi:
босатушы - ағаштарды, дайындалатын ағаш материалдары мен өсiп тұрған ағашты босату кезiнде қалған түбiрдi таңбалау үшiн;
кесушi - орман тәртібін бұзушылардан қайтарып алған материалды, сондай-ақ ағашты заңсыз кесуден қалған түбiрлердi таңбалау үшiн;
Таңбалау мен аталған таңбаларды сақтау тәртібін Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы белгiлейдi.
9. Орман шеберлерi мен орманшыларға орман қорғау жөніндегі мiндеттерiнен өзге өз учаскелерi мен айналымдары шегiнде мынадай жұмыстар жүктеледi:
ағаш отырғызу, ағаш егу, орманның табиғи жаңғырып өсуiне жәрдем жасау, отырғызылған ағаштарды күтiп-баптау, ағаш тұқымын жинау, ағаш кесу, орманды күтiп-баптау және басқа жұмыстарға басшылық жасау;
орман орналастыруды жүргiзу кезiнде орман орналастыру қызметкерлерiне шекараларды, аралық белгiлердi, шаршылық сүрлеу жолдарды, визирлер және басқаларды нақ өз қалпына көрсету;
кесiлетiн ағаштарды, сондай-ақ шөп шабылатын, жайылымдық алқаптарды бөлуге және басқа да орман пайдалануға қатысу;
Орман шеберлерi мен орманшылардың осы ереженiң 10-тармағында көрсетiлген жұмыстарды орындауы тек қана орманшылар немесе олардың көмекшiлерi, ал орманшылыққа бөлiнбеген орман шаруашылығы кәсiпорындарында - директорлар немесе бас орманшылар әрбiр жеке жағдайда беретiн белгiленген нысандағы нарядтар бойынша жүргiзiледi.
10. Орманшылардың көмекшiлерi:
орман шеберлерiне, орманшыларға, уақытша орман күзетшiлерi мен өрт командаларына жүктелген мiндеттердiң дер кезiнде және дәлме-дәл орындалуына бақылау жасауға және оларға нұсқамалар беруге;
айналымдар мен учаскелерге тексерiстер жүргiзуге;
барлық орман пайдаланушылардың (жалгерлердiң) өсiп тұрған ағашты босату ережелерi мен өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындауына бақылау жасау және олар бұзылған жағдайда бұл жөніндегі хаттамалар (актiлер) жасауға;
орманшылық аумағында өрт қаупiнiң алдын алу шараларының жүргiзiлуiне тiкелей басшылық жасау, ал орман өрттерi шыққан жағдайда орманшы келгенге дейiн өрттi сөндiруге басшылық жасауға мiндеттi.
орманшылардың көмекшiлерi:
орманшылыққа келiп түсетiн орман тәртібін бұзушылықтар туралы актiлердiң дұрыстығын тексеруге, ағашты заңсыз кесуден және бүлдiруден келген зиянды анықтауға;
орманшының тапсырмасы бойынша селолық тауар өндiрушiлер мен басқа да орман қорын иеленушiлердiң иелiгіндегі ормандардың күзетiлуiнiң, қорғалуының жай-күйiне тексерiс жүргiзуге құқылы.
11. Орманшылар өз орманшылықтарының күзетi үшiн тiкелей жауап бередi.
Орманшылар:
орманшылық аумағында ормандарды өрттер мен орман тәртібін бұзушылықтан қорғауды басқаруға;
орман шеберлерi мен орманшылардың техникалық білімiн көтеру жөніндегі шараларын жүргiзуге;
табиғат қорғаудың жергiлiктi қоғамдық ұйымдарымен тұрақты байланыс жасап отыруға;
өсiп тұрған ағашты босатудың белгiленген ережелерi мен өрт қауiпсiздiгi ережелерiн барлық орман пайдаланушылардың (жалгерлердiң) орындалуына жүйелi бақылап отыруға;
орман тәртібін бұзушылықтар мен орман өрттерi туралы актiлердiң дер кезiнде және дұрыс жасалуын қадағалауға, оларды дер кезiнде ресiмдеп, орман шаруашылығы кәсiпорнына немесе сотқа, iшкi iстер органдарына прокуратураға жiберуге;
өртке қарсы барлық алдын алу шараларын жүргiзуге сондай-ақ орманшылық аумағында өрт сөндiруге басшылық жасауға мiндеттi.
Орманшы:
жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының өртке қарсы алдын алу шараларын әзiрлеуге және өз орманшылықтарының шегіндегі орман шаруашылығы кәсiпорны бойынша ормандағы өрттен қорғау маусымына даярлыққа қатысуға;
орман шаруашылығы кәсiпорны директорының тапсырмасы бойынша орман тәртібін бұзушылықтар мен орман өрттерi туралы iстер қаралған кезде сот органдарына қатысуға;
селолық тауар өндiрушiлер мен басқа да орман қорын иеленушiлерге орман күзетiн ұйымдастыруда техникалық көмек көрсетуге, орман ресурстарының дұрыс пайдаланылуына бақылау жүргiзуге және тәртiп бұзушылық анықталған жағдайларда бұл жөнiнде хаттамалар (актiлер) жасауға құқылы.
12. Орманды күзету және қорғау жөніндегі инженерлер орман шаруашылығы кәсiпорындарының директорларына бағынады және сонымен бiрге орман күзетiнiң жай-күйi үшiн жауапты болып табылады.
Орман шаруашылығы кәсiпорындарының орманды күзету және қорғау жөніндегі инженерлерi:
Орманды өрттен қорғауға және орман тәртібін бұзушылықтарға қатысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын, Үкiметтiң қаулылары мен жарлықтарын, бұйрықтары мен нұсқамаларын бiлуге;
орманшылықтардағы, шеберлер учаскелерi мен айналымдарындағы орман күзетiнiң жай-күйiн жүйелi түрде бақылап отыруға;
орман шеберлерiнiң, орманшылардың, уақытша орман күзетшiлерi мен өрт командаларының жеке құрамының техникалық білімдерiн көтеру жөніндегі оқуды өткiзуге;
орман күзету жөніндегі шараларды әзiрлеп, iс жүзiне асыруға;
өрттен қорғау - химиялық станцияларының ұйымдастырылуы мен жұмысына, өрт бақылау мұнараларын салу мен жөндеуге басшылық жасауға, радио және телефон байланысы құралдарын салу мен жөндеудiң жүргiзiлуiн бақылауға;
орман өртiмен күрес саласындағы ғылым мен техниканың ең соны жетiстiктерiнiң орман шаруашылығы кәсiпорында енгiзiлуiне тiкелей басшылық жасауға;
орман шаруашылығы кәсiпорнындағы орманды өрттен жер бетiнде және авиациямен қорғау жұмысын авиакүзет және орман өртiмен авиациялық құралдар арқылы тiкелей күресуге қатысты бөлiгiнде үйлестiрудi жүргiзуге;
орман тәртібін бұзушылықтар мен орман өртi жайындағы хаттамаларды (актiлердi) дұрыс және дер кезiнде ресiмдеудi қадағалау және олардың есебiн жүргiзiп отыруға;
орман тәртібін бұзушылықтар мен өрт жөніндегі iстердiң соттарда, iшкi iстер органдарында, прокуратурада жүргiзiлуi барысы мен жазаға тарту жөнiнде шығарылған шешiмдердiң орындалуын қадағалауға мiндеттi.
Орманды күзету және қорғау жөніндегі инженерлер:
орман шаруашылығы кәсiпорны бойынша орманды пайдаланушылардың (жалгерлердiң) өсiп тұрған ағашты босату ережелерi мен ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындауын тексеруге;
орман өртiн сөндiруге тiкелей басшылық жасауға;
орман күзетi жөніндегі орман кордондарының, басқа да жайлар мен құрылыстардың түзiк қалыпта ұсталуын, сондай-ақ қару және оқ-дәрiлердiң дұрыс сақталуы мен күтiп ұсталуын қадағалауға;
орман шаруашылығы кәсiпорны директорының тапсырмасы бойынша селолық тауар өндiрушiлер мен орман шаруашылығы орналасқан аудандағы басқа да орман қорын иеленушiлердiң орман күзетiнiң жай-күйiне тексеру жүргiзуге құқылы.
13. Инженер-орманпатологтар:
орманды күзету және қорғау жөніндегі орманшылардың, орман шеберлерiнiң жұмысын тексеруге, сондай-ақ айналымдар мен шеберлер учаскелерiне тексерулер жүргiзуге қатысуға;
орман шаруашылығы кәсiпорындарының аумағында зиянкестер мен орман ауруларын анықтау жөніндегі жұмыстардың жай-күйiн тексеру, сондай-ақ зиянды жәндiктер мен аурулар ошақтарының жүйелi есебiн жүргiзуге;
барша орман ағаш-өсiмдiктерiнде, сондай-ақ питомниктерi мен плантацияларында зиянды жәндiктер мен жегi ауруларына қарсы алдын алу шараларын жүргiзудi ұйымдастыруға мiндеттi.
Инженер-орманпатологтары:
орман шаруашылығы кәсiпорындарының аумағындағы ормандардың санитарлық жай-күйi мен ормандарда санитарлық ережелердiң сақталуына бақылау жүргiзуге;
облыстық орман басқармасының тапсырмасы бойынша селолық тауар өндiрушiлер мен басқа да орман қорын иеленушiлердiң ормандарында орман күзету және қорғаудың жай-күйiне тексеру жүргiзуге.
14. Бас орманшылар:
ормандарда орманды өрт және орман бұзушылықтардан қорғау жөніндегі күллi техникалық және өндiрiстiк-шаруашылық шараларды, сонымен қатар орманды өрттен, орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау саласында ғылым мен техниканың ең соны жетiстiктерiн енгiзудi ұйымдастыру мен өткiзуге жалпы басшылықты жүзеге асыруға;
орманды күзету және қорғауға байланысты ведомстволық бағынысты орманшылықтар үшiн барлық шаралар бойынша жоспарлар әзiрлеудi басқарып, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
орман шаруашылығы кәсiпорындары мен орманшылықтардың мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерiнiң техникалық білімiн көтеру жөніндегі шараларды ұйымдастыруға басшылық жасауға мiндеттi.
Бас орманшылар:
ормандарды ұлғайта өсiру, күзету, қорғау және пайдалану саласында орманды пайдалану ережелерiнiң, негiзгi қағидалар мен басқа да нормативтiк құжаттардың жергiлiктi жерлерде сақталуы мен орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
селолық тауар өндiрушiлер мен басқа да орман қорын иеленушiлерге орманды күзету және қорғауды ұйымдастыруда техникалық көмек көрсетуге, орман ресурстарының дұрыс пайдаланылуын қадағалуға құқылы.
15. Орман шаруашылығы кәсiпорындарының директорлары ормандарды өрт және орман тәртібін бұзушылықтардан қорғау жөніндегі барлық шаралардың орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.
Директорлар:
орман тәртібін бұзушылықтар мен өрттер туралы материалдарды соттарға, iшкi iстер органдары мен прокуратураға жiберуге, сондай-ақ сотта азаматтық қуыным жасауға;
селолық тауар өндiрушiлер мен басқа да орман қорын иеленушiлердiң ормандарды дұрыс пайдалануына және орман күзетуiне бақылау ұйымдастыруға және айқындалған тәртiп бұзушылықтарды жою үшiн тиiстi шаралар қолдануға құқылы.
16. Уақытша өрт күзетшiлерi:
ормандарды өрттерден қорғау жөніндегі орманшы мен орман шеберiнiң өкiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
күзетiлетiн учаскеде оттан сақтану шараларының қадағалануын бақылауға;
өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бiлуге;
өрт бақылау мұнарасында және орманның ерекше өрт шығу қаупi бар учаскелерiнде кезекшiлiк атқару, ал орман өртi байқалған жағдайда оны жою үшiн барлық шараларды қолдана отырып, сол мезетте өрт шыққан жер және өрттiң бағыты жөнiнде орманшыға, орман шеберiне немесе күнi бұрын белгiленген пункттерге хабарлауға мiндеттi.
Уақытша өрт күзетшiлерi орман өртiнiң шығуына кiнәлi адамдарды ұстап алып, оларды орманшылыққа жеткiзуге құқылы.
17. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетiнiң осы Ереженiң 6, 9, 11-18-тармақтарында аталғандарынан басқа лауазымды адамдары орман күзетi жөніндегі өз қызметiн ормандарды мемлекеттік басқару органдарының тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi туралы лауазымдық нұсқамалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік орман күзетiн қарумен жарақтандыру
18. Қызметтiк штат қаруын алып жүруге құқылы мемлекеттік орман күзетi қызметкерлерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігі жүйесiнiң қызметкерлерiн қарумен жарақтандыру үшiн белгiленген нормаларға сәйкес айқындалады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман
күзетіндегі қызмет
19. Орманшылар мен қорықшылар қызметiне денсаулық жағдайы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман шаруашылығын басқару органы бекiткен талаптарға жауап беретiн адамдар қабылданады.
Орманшылар мен қорықшылар өздерi үшiн мiндеттi техникалық минимумды (оқудан кейiн) тапсыруға және дүркiн-дүркiн аттестациядан өтiп отыруға тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi қызметiне негiзiнен орман шаруашылығы, орман-техникалық немесе өзге арнаулы оқу орнын бiтiргендер қабылданады.
20. Орманшылар мен орман шеберлерi ауыстырылған кезде белгiленген нысан бойынша айналымды (шебер учаскесiн) қабылдау-тапсыру актiсi жасалады.
Айналымды тапсыру кезiнде орман шеберiнiң, ал шебер учаскесi тапсырылған кезде орман шаруашылығы кәсiпорнының орманды күзету және қорғау жөніндегі инженерi мен орманшының немесе оның көмекшiсiнiң қатысуы мiндеттi.
21. Мемлекеттік орман күзетi қызметкерлерiнiң қызмет бабындағы терiс әрекеттерi үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жаза қолданылуы мүмкiн.
22. Мемлекеттік орман күзетi қызметкерлерi орман тәртібін бұзушылықтарға қарсы және орман өрттерiмен күресудегi үлгiлi жұмысы, бастама танытқаны, тапқырлығы мен жанқиярлығы үшiн iшкi тәртiп ережелерiне сәйкес көтермелеу қолданылады.
23. Мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерi белгiленген үлгiдегi нысанды киiм киiп, ал орманшылар мен орман шеберлерi, бұдан басқа, кеудеге тағатын лауазымдық белгi тағып жүредi, бұл белгi қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда қайтып алынады.
24. Орман шеберлерiне, сондай-ақ iрi немесе үлкен алқапта шашыраңқы орналасқан айналымдардың орманшыларына (қорықшыларға) қызмет бабында пайдалану үшiн механикаландырылған көлiк немесе ат берiледi.
25. Орман күзетiнде жұмыс iстеу уақытына орман шеберлерiне, орманшыларға және қорықшыларға орман iшiнде қора-қопсысы мен тұрғын жайлар (кордондар) тегiн пайдалануға берiлiп, отын үшiн ағаш қалдықтары қажеттi мөлшерде босатылады.
Орман шаруашылығы кәсiпорындарының және орманшылықтардың қызметкерлерi (орманшылар, орман шеберлерi, басшы инженер-техник жұмыскерлер мен қызметкерлер) жеке меншiк малы үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiлi нормалар шегiнде шабындық жерлер мен қызметтiк жер үлестерiн алады.