Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 шiлдедегi
№ 604 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1994 ж. 29 қыркүйектегі № 1077 қаулысы
ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 826 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Ұлттық қауiпсiздiк органдарының офицер құрамындағы адамдары мен iшкi iстер органдарының басшы құрамдағы адамдарын Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетінің Аппаратына iссапарға жiберудiң бiрыңғай тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 шiлдедегi № 604 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
қаулының атауы мынадай редакцияда баяндалсын:
"Әскери қызметтегi офицерлер мен iшкi iстер органдарының басшы құрамдағы адамдарын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң, Президентінің және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Аппараттарына iссапарға жiберу тәртібі туралы";
Қаулының мәтiнiндегi "ұлттық қауiпсiздiк органдарының офицер құрамындағы адамдары" сөздерi "әскери қызметтегi офицерлер" сөздерiмен, ал 3-тармақтың екiншi абзацынан басқа мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетінің Аппаратына", "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының", "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратында" сөздерi тиiсiнше "Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарына және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасына", "Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарының және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының", "Жоғарғы Кеңестiң, Президенттiң Аппараттарында және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасында" сөздерiмен алмастырылсын;
1-тармақ "Қазақстан Республикасының" сөздерiнен кейiн "Қорғаныс министрлігі" сөздерiмен толықтырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацындағы "ұлттық қауiпсiздiк және" сөздерi алынып тасталсын, ал үшiншi абзацы "тиiсiнше Қазақстан Республикасының" сөздерiнен кейiн "Қорғаныс министрлігі" сөздерiмен толықтырылсын;
3-тармақтың бiрiншi абзацынан "ұлттық қауiпсiздiк немесе iшкi iстер органдарындағы соңғы лауазымы бойынша белгiленген штаттық-лауазымдық санаты бойынша" сөздерi алынып тасталсын;
3-тармақтың екiншi абзацындағы "тәртiппен" сөзiнен кейiнгi "Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Басшысының" деген сөздердiң орнына "Қазақстан Республикасы Президентінің, Жоғарғы Кеңестiң Аппараттары басшыларының және Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының" сөздерi жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 шiлдедегi № 604 қаулысымен белгiленген iссапарға жiберу тәртібі енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлерiне қолданылатын болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi