тоқу және басқа мақсаттар үшiн бұта (талдар) талдарды кесу есебiнен; шырпы және кеуiп тұрған сүректер есебiнен;
орман шаруашылығының қажетi үшiн орманшылық жылы (есептелген кеспеағашты толық пайдаланбағанда) iскерлiк кеспеағашты 100 куб. метрге дейiн дайындау үшiн, орман қоры аумағында салынатын жолдар, байланыс және электр беру желiлерi, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, геологиялық iздестiру және зерттеу жұмыстарын жүргiзуге дайындау үшiн шағын топтармен босатуға рұқсат етiледi.
Шайыр дайындау
41. Шайыр дайындауға осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген қорғаныштық категориялардан басқа, бiрiншi және екiншi топтардағы ормандарда рұқсат етiледi және ол Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы бекiтетiн шайыр дайындау Ережесiне сәйкес жүргiзiледi.
42. Мiндеттi түрде шырын алу аймағындағы шайыр дайындау басты мақсатта пайдалану үшiн кесуге арналған барлық толысқан алқаағаштарда жүргiзiледi. Егер толысқан сүрекдiңде шырын алудың шикiзат базасы сарқылған болса, онда шырын ағу мерзiмi аяқталғанға дейiн кесу жасына жететiн толыса бастаған алқаағаштарда жүргiзiлуi мүмкiн.
43. Алқаағаштарды шырын ағызу мерзiмiмен бұрын есептен шығаруға тек олардың санитарлық жәй-күйi күрт нашарлаған немесе өрттен зақымданған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
44. Қазақстан Республикасының ормандарында шайыр дайындау Ережелерiне сәйкес белгiленген алқаағаштардан шырын алуды жүргiзу мерзiмi сол жұмыстар басталатын жылғы қаңтардың 1-iнен жылдың соңы желтоқсанның 31-iне дейiн бүкiл кезеңiне арнап белгiленедi.
Қосымша ағаш материалдарын дайындау
45. Қосымша ағаш материалдарын дайындау, әдеттегiдей, кесуге бөлiнген сүрекдiңдерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы бекiтетiн қосымша ағаш материалдарын дайындау Ережелерiне, сондай-ақ ағаш кесу ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
46. Өнеркәсiптiк ұқсату, ағаш кәсiпшiлiгiн дамыту және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн қосымша ағаш материалдарын дайындау орманға залал келтiрмейтiндей етiп жүзеге асырылуға тиiс.
Қабық пен сүрек көгершiн дайындау мақсатымен өсуi тоқтаммаған ағаштарды кесуге тыйым салынады.
Қабық пен сүрек көгершiн (қылқан жапырақтылар мен жалпақ жапырақты тұқымдар бұталарын) дайындауға тек ағаш кесудiң барлық түрлерiн сақтау тәртібімен кесiлген ағаштардан жүргiзуге рұқсат етiледi.
Қурап тұрған және ағаштар шырпыларынан қабық дайындауды орман қорының бүкiл аймағында жүргiзуге рұқсат етiледi.
47. Орман iшіндегі дайындау, ұқсату және қосымша ағаш материалдарын тасу мерзiмдерiн ағаш дайындаушылармен келісім-шарт бойынша 12 айға дейiнгi шекте орман иеленушi белгiлейдi. Дайындалған қосымша ағаш материалдарын куәландырғанға дейiн рұқсат құжаттарда көрсетiлген уақытша ағаш қоймаларына тасып әкелуге ғана жол берiледi.
48. Ағаш дайындаушылардың қосымша ағаш материалдарын тасымалдауды кейiнге қалдыруына осы Ережелердiң 16-тармағында көзделген тәртiппен рұқсат етiледi.
Даярлық жұмыстары
49. Даярлық жұмыстарына мыналар:
сүректi алғаш бөлу мен өңдеу үшiн қондырғы мен жамылғылар салу, сондай-ақ уақытша мақсаттағы түрлiше тұрпатты ғимараттар, тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстар салу;
ағаш қоймалары мен олар орналастырылатын алаңдарды тазарту;
ағаш таситын жолдар салу мен сүрлеулер жасау;
соқпақтарда кеспеағаштарды бөлу, жұмыс қауiпсiздiгiне бөгет жасайтын ағаштарды жинастыру, сондай-ақ кеспеағашты пайдалануға даярлыққа байланысты басқа да жұмыстар жатады.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 50-тармақ алып тасталды
50. Даярлық жұмыстарының көлемi елеулi болған жағдайда оларды кесiлетiн ағаш қорын, сондай-ақ шырын ағу үшiн алқаағаштарды алдын-ала беруден кейiн жүргiзуге жол берiледi.
Жалға берiлген орман қоры телiмдерiн орман иесi жалгерге кеспеағашты алдын-ала бергенге дейiн даярлық жұмыстарын жүргiзуге рұқсат ете алады.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 51-тармақ алып тасталды
51. Даярлық жұмыстарын жүргiзу үшiн ағаш дайындаушы орман иесiне өтiнiм беруге мiндеттi. Ағаш дайындауға мамандандырылған кәсiпорындар өтiнiмнен басқа кеспеағашты әзiрлеудiң технологиялық картасын ұсынады.
Орман иеленушi ағаш дайындаушыдан даярлық жұмыстары мен технологиялық карталарды жүргiзуге арналған өтiнiмдердi алғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей оған даярлық жұмыстарын жүргiзуге байланысты орман алаңдарын тазарту мен сүрек дайындауға арналған ағаш кесу билетiн бередi.
Ұсақ ағаш дайындаушылар даярлық жұмыстарын жүргiзуге арналған өтiнiмдердi берген кезде орман иесi ағаш кесу билетiнен басқа оған кеспеағаштарды жұмыстауға арналған технологиялық картаны бередi.
52. Даярлық жұмыстарын (жолдар, ағаш қоймаларын салу т.б.) жүргiзуге байланысты кеспеағаш шегi сыртындағы алаңдарды бөлiп беруге - бiрiншi топта облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органының, екiншi топта - орман иеленушiнiң рұқсатымен жол берiледi.
53. Даярлық жұмыстарын жүргiзу кезiнде дайындалған сүрек ағаш дайындаушыға бөлiнген кесiлетiн ағаш қоры есебiне жатқызылады.
54. Қосымша ағаш материалдарын дайындаушылар белгiленген тәртiпте ағаш материалдарын ұқсату үшiн уақытша қондырғылар, сол сияқты рұқсат құжаттар берiлген күннен бастап өнiмдер үшiн уақытша қора-қопсы мен қоймалар салуға құқысы бар.
55. Белгiленген тәртiпте тұрғызылған құрылыстар, ғимараттар, қондырғылар мен лапастарды ағаш дайындаушы сүректер мен орман материалдарын тасып алуды аяқтаған соң бiр жыл iшiнде бұзып алуға тиiс. Белгiленген мерзiм iшiнде бұзып алынбаған барлық құрылыстар, ғимараттар, қондырғылар мен лапастар орман иесiнiң қарамағында қалады.
Облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы қажет болған жағдайда құрылыстарды, ғимараттарды, қондырғылар мен лапастарды неғұрлым ұзақ мерзiмге ағаш дайындаушының қарамағында қалдыруға құқы бар.
Ағаш кесетiн, алқаағаштардан шырын мен шайыр алатын және
қосымша ағаш материалдарын дайындайтын жерлердi куәландыру
56. Орман иеленушi орман пайдаланушылардың қолданылып жүрген орман заңдары талаптарын берiк сақтауына, ал жұмыстар аяқталған соң кеспеағаштардың толықтығын және дұрыс әзiрлеуiн, алқаағаштардан шырын мен шайыр алынуын жүргiзудi, қосымша ағаш материалдарын дайындауды анықтау мақсатында, сондай-ақ орман пайдалануды кесiлмей қалған ағаштар мен тасылып алынбаған сүректi, қосымша ағаш материалдарын және басқа тәртiп бұзушылықты анықтау үшiн ұдайы бақылауды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы бекiтетiн алқағаштарды кесетiн, шырын мен шайыр алатын, қосымша ағаш материалдарын дайындайтын жерлердi куәландыру жөніндегі нормативтiк құжаттарға сәйкес алқаағаштарды кесетiн, шырын мен шайыр алатын, қосымша ағаш материалдарын дайындайтын жерлердi куәландыруды жүргiзуге мiндеттi.
57. Рұқсат құжаттарда көрсетiлген тасымалдау мерзiмi аяқталған жерде ағашы кесiлген және қосымша ағаш материалдары дайындалатын барлық жерлер, сондай-ақ жыл сайын шырын ағуының белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiнгi шырын ағатын барлық алқаағаштар орналасқан жерлер куәландырылады.
Мерзiмнiң аяқталуы бойынша сүрек пен қосымша ағаш материалдарын дайындау мен тасып алуға арналған мерзiмдi кейiнге қалдыруды беру кезiнде осы шегерушiлiктi қайтадан куәландырылу жүргiзiледi.
58. Сүрек пен қосымша ағаш материалдарын саны бойынша есепке ала отырып босату кезiнде оларды тасып алу басталғанға дейiн олар уақытша тасып үйiлген жерлердегi дайындалған сүрек пен қосымша орман материалдары санына куәландыру жүргiзiледi. Бұл орайда өрт зақымданған алқаағаштарда, сондай-ақ дауыл құлатқан және жел сұлатқан ағаштарды әзiрлеу кезiнде осы сүректi есепке алуды ұйымдастырған жағдайдағы төменгi қоймаларда куәлiк беру жүргiзiлуге тиiстi.
59. Куәландыру мынадай мерзiмнен кешiктірiлмей:
ағаш кесiлетiн жерлерде - сүректi тасып шығару үшiн белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап отыз күн iшiнде;
шырын ағатын алқаағаштар үшiн - жыл сайын шырын ағу мен шайыр ағатын маусым аяғында;
қосымша ағаш материалдарын дайындалған жерлерде - осы материалдарды тасып алу үшiн белгiленген мерзiм аяқталған күннен бастап 20 күн iшiнде жүргiзiледi.
60. Куәландыру, жұмыстар аяқталған соң, ағашы кесiлген жерлердегi анықталған кемшiлiктердi дер кезiнде жою және орман шаруашылығы шараларын жүргiзу мақсатымен техникалар мен жұмысшылардың басқа объектiге орын ауыстыруына дейiн жүргiзiлуi керек.
Жұмыс рұқсат құжатында белгiленген мерзiмнен ертерек аяқталған жағдайда, орман пайдаланушы орман иеленушiге жұмыстардың аяқталған мерзiмi жөнiнде 10 күн бұрын хабарлайды.
Орман иеленушi жұмыстар аяқталған соң 10 күн iшiнде орман пайдаланушыға куәландыру күнi туралы алдын-ала хабарлап, ағаш кесiлетiн жерлер мен қосымша ағаш материалдарын дайындауды куәландыруды өткізуге мiндеттi.
61. Кеспеағаштарды әзiрлеуге объективтi баға беру мақсатында (өскiндi сақтау, кеспеағашты тазарту, т.б.) куәландыру қарсыз кезеңде жүргiзiлгенi орынды болмақ. Табиғат жағдайларының қанағаттанғысыз кезiнде (қар қабатының елеулi қалыңдығы, өзеннiң тасуы, жолдың бұзылуы т.б.) орман пайдаланушымен келісім бойынша орман иеленушiнiң анықтауымен куәландыру басқа уақытқа ауыстырылады.
62. Дайындалған сүректi немесе ағаш кесiлетiн жерлердi куәландыру күнi туралы орман иеленушi орман пайдаланушыға белгiленген мерзiмге дейiн 15 күннен кешiктiрмей хабарлайды.
Белгiленген мерзiмге орман пайдаланушының өкiлi келмеген жағдайда орман иеленушi куәландыруды оның қатысынсыз-ақ өткізуге құқы бар. Бұл жөнiнде жасалған куәландыру актiсi орман пайдаланушыға жiберiледi және бұл ол үшiн мiндеттi болып табылады.
63. Куәландыруды жүргiзушi орман иеленушiнiң өкiлдерiнде мыналар:
рұқсат құжаттар (ағаш кесу билеттерi, сүректi шағындап босатуға арналған ордер) немесе оның көшiрмесi және сүрек пен қосымша ағаш материалдары тасылып үйiлетiн жерлер көрсетiле отырып куәландырылуға тиiстi әр кеспеағаштың (мөлдектiң) абрисi;
өлшеуiш аспаптар мен құралдар (бұрыш өлшейтiн құрал, өлшеуiш лента, өлшеуiш айыр және басқа);
кеспеағаштарды бөлу мен таксациялау материалдары (ағаштарды санау ведомосы, кеспеағаштарды материалдық-ақшалай бағалау ведомосы, кесiлетiн ағаш қорын алдын-ала беру актiсi);
куәландыру актілерінiң, орман бұзушылық туралы актiлердiң бланктерi, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылық туралы хаттамалар, есепте алу ведомостары, материалдық-ақшалай бағалаулар, сондай-ақ қажеттi кестелер мен прейскуранттар болуы тиiс.
64. Куәландыруға қатысатын орман пайдаланушының өкiлдерiне мыналар:
өз атына жазылған кәсiпорынның (ағаш дайындауышының) сенiм хаты;
дайындалған сүрек (оның iшiнде кәделiк ағаш, отындық жарамсыз шырпы мен бұтақтар), шайыр, қосымша орман материалының саны туралы кәсiпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қойған анықтама;
белгiленген тәртiпте рәсiмделген технологиялық карта болуы тиiс.
Орман пайдаланушы сондай-ақ куәландыру кезеңiнде жұмысшылар мен көлiктiң қажеттi санымен қамтамасыз етедi.
65. Ағаш кесiлетiн, алқаағаштардан шырын мен шайыр алатын және қосымша ағаш материалдарын дайындайтын жерлердi куәландырудың нәтижелерi және орман иеленушiмен толық есеп айырысуды жүргiзу үшiн қажеттi көрсеткiштер, сондай-ақ оның куәландыру жүргiзу үшiн қажеттi көрсеткiштер, сондай-ақ оның куәландыру кезiнде жасалған ескертпелерi орман иеленушiнiң, орман пайдаланушының өкiлдерi және куәландыруға қатысқан барлық адамдар қол қойған актiге жазылады. Куәландыру актісiне, нақты куәландыру кезiнде алынған мәлiметтерден басқа, сондай-ақ орман пайдаланушының анықтамасының мәлiметi бойынша дайындалған кәделiк және ағаш сүрегi, шайыр мен қосымша ағаш материалдарының саны жөніндегі мағлұмат енгiзiледi. Анықтама, есептеу ведомосы, абристер мен басқа да қажеттi құжаттар куәландыру актiсiне қоса тiгiледi.
66. Өсiп тұрған сүректi шағындап босатуға арналған ордерлер бойынша сүрек пен қосымша ағаш материалдарын босату кезiнде куәландыру әрбiр ордер бойынша жүргiзiледi, нәтижелерi ордердiң сыртқы бетіндегі куәландыру актiсiне енгiзiледi. Әрбiр ордер бойынша куәландыру нәтижелерi негiзiнде тұтастай кеспеағаш (мөлдек, телiм) және ағаш кесу билетi бойынша куәландыру актiсi жасалады.
67. Куәландыру кезiнде қолданылып жүрген орман заңдарын бұзушылық анықталған жағдайларда орман бұзушылық жөнiнде актi жасалады.
68. Куәландыру нәтижелерi бойынша жинақталған мәлiметтердi орман иеленушi статистикалық есеп берудiң белгiленген нысаны бойынша облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органына ұсынады.
69. Ағаш дайындаушыларға бөлiнген кесiлетiн ағаш қорын дұрыс орналастыру мақсатында орман иеленушiлер әр жылғы қаңтардың 1-індегі жәй-күйге қарай ормандардағы өткен жылы кесiлмей қалған ағаштардың, ағашын кесу аяқталмаған кеспеағаштардың - оған кесу мерзiмi кейiнге қалдырылған және өткен жылдың ағашын кесу басталмаған кеспеағаштардың барлық топтарын, ал 1 мамырға осындай мөлшерi дайындалған, бiрақ тасылып алынбаған, мерзiмi кейiнге қалғанын есепке ала отырып - сүрек санын анықтауға және олардың келесi жылдың кесiлмеген ағаш қоры есебiне жатқызылуына ескертуге мiндеттi.
70. Куәландыру, нәтижелерiнiң есебi әрбiр кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргiзiледi, ол жөніндегі мәлiметтер ағаш кесу билетiнде жеке-дара жазылып енгiзiлген. Сондай-ақ кеспеағаштармен қатарлас орналасқан 50 метрлiк алқаптар да куәландыруға жатады.
71. Ағаш кесiлетiн жерлердi куәландыру кезiнде кеспеағаштардың толымдығы мен әзiрлеу дұрыстығы, кеспеағаштарды әзiрлеу технологиясының технологиялық картаға және ағаш кесу ережелерiне сәйкестiгi (кеспеағаштар мен соқпақтардың енi, жүк тиелетiн алаңдарды, қоймаларды және басқа көмекшi объектiлердi орналастыру, орман өсiру талаптарын сақтау) анықталады.
Әрбiр кеспеағаш бойынша куәландыру кезiнде мыналар:
кеспеағаш шекарасының және онымен қанаттас орналасқан 50 метрлiк алқаптың жәй-күйi, сондай-ақ шекаралық, шаршылық, орман шектеу және басқа бағаналар;
дайындалған сүректiң саны;
тасылып алынбаған сүректiң болуы;
тыйым салынған уақыттағы дайындалған және сүйретiлетiн сүрек саны;
қабығынан аршылмаған немесе басқаша тәсiлдермен қорғалмаған сүректiң болуы;
ағаштардың болуы;
тұқымбақтардың, тұқымдық телiм мен алқаптың, сондай-ақ кесуге болмайтын ағаштардың сақталуы;
сүйемелi ағаштардың болуы;
биiк түбiрлердiң болуы, ағаштар дiнi мен түбiрлердегi нөмiрлер мен таңбалардың сақталуы;
өскiндердiң, жас шыбықтардың және орман өсiмдiктерiнiң сақталуы;
кеспеағашты тазартудың сапасы;
топырақ эрозиясының тууына ұшыратқан өсiмдiк жамылғысы тұтастығының бұзылуы;
орманды қалпына келтiру шараларын өткізу қажеттiгi және орын орындау мерзiмi;
қолданылып жүрген орман заңдарының өзге бұзылуы анықталады.
Орманды күтiп-баптау үшiн ағашты кесе отырып өткiзiлген алқаағаштарды куәландыру кезiнде оның өткізу сапасына ормантану тұрғысында баға (дер кездiлiгi, интенсивтiлiгi, кесуге ұйғарылған ағаштардың негiздiлiгi және т.б.) берiледi бұл жөнiнде куәландыру актiсiнде белгi жасалады.
Куәландыру кезiнде сондай-ақ ағаш тасылатын жолдар бойына (негiзгi жол, тармақтар, мүйiстер) тасталған ағаштардың саны анықталады.
72. Орман иеленушiлер жыл сайын шырын (шайыр) ағызу жұмысы басталар шақта берiлген телiмдердегi екпелердiң ұтымды пайдаланылуын және жәй-күйiн, сондай-ақ қабылданған технология мен стимуляторлардың берiк сақталуына тексерудi жүзеге асырады. Маусымның соңында осы екпелердi куәландыруды жүргiзедi.
Куәландыру кезiнде мыналар:
шырын (шайыр) ағызудың басталуы мен аяқталуы мерзiмдерiнiң сәйкестiгi;
орманның нақты шырын ағызылып алынған телiмдерiнiң алаңы мен шекарасының ағаш кесу билетiнде көрсетiлген мәлiметпен сәйкестiлiгi;
алқаағаштардың жәй-күйi, қоқыстардың бар-жоғы;
шаршылық, орман шектеу, мөлдектiк және өзге бағаналардың жәй-күйi;
телiм шегіндегі, сондай-ақ онымен жапсарлас 50 метрлiк алқаптағы кесiлген және зақымдалған ағаштардың (өсуiн тоқтатуының жеке деңгейiне дейiнгiсi және оған тең келмейтiнi) болуы;
қалдырылған тұқымбақтар мен тұқымдық телiмдердiң сақталуы мен жәй-күйi, сондай-ақ олардағы таңбалар мен нөмiрлердiң сақталуы;
жұмыстарды жүргiзудiң қабылданған технологияға сәйкестiлiгi;
орман заңдарын өзге де бұзу фактілері белгiленедi.
73. Қосымша ағаш материалдары дайындалатын жерлердi куәландыру кезiнде мыналар:
учаскелердiң алаңы мен шекарасының сәйкестiлiгi;
ағаш дайындауға бөлiнген алаңдардың толық пайдаланылуы;
учаскенiң жәй-күйi, оның қоқыстылығы;
шаршылық, орман шектеу, мөлдектiк және өзге бағаналардың жәй-күйi;
телiмдегi сияқты онымен жапсарлас 50 метрлiк алқаптардағы кесiлген және зақымданған ағаштардың болуы;
топырақ эрозиясының тууына ұшыратқан өсiмдiк жамылғысы тұтастығының бұзылуы;
жұмыстарды жүргiзудiң қабылданған технологияға сәйкестiлiгi;
қолданылып жүрген орман заңдарын өзге де бұзушылығы белгiленедi.
74. Куәландыру процесiне тәртiп бұзушылық болған жағдайда орман пайдаланушыға орман шаруашылығына келтiрiлген нұқсанды өтеу бойынша белгiленген тәртiппен айыптық санкция қолданылады.
75. Сүрек пен қосымша ағаш материалдарын саны бойынша есептеп босату кезiнде куәландыру дайындалған сүректi немесе материалдарды аралық куәландыру актілері бойынша уақытша үйiлген жерлерден тасылып алынуға дейiн жүргiзiледi.
76. Ағаш дайындаушының анықтамасы және аралық куәландыру актілері бойынша алынған мәлiметтер ағаш кесу билеттерiнiң мәлiметтерiмен салыстырылады, сөйтiп, бұл нақты дайындалған сүректiң барлық саны үшiн ағаш дайындаушыға түпкiлiктi есеп айырысу үшiн негiз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 77-82-тармақтар алып тасталды
ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен тараудың атауы алып тасталды
83. Орман пайдаланушылармен түпкiлiктi есеп айырысудың негiзi мыналар:
ағаш кесу билеттерi (ордерлер);
ағаш кесiлетiн жерлердi, қосымша орман материалдарын, алқаағаштардан шырын мен шайыр алатын жерлердi дайындауды куәландыру актілері, дайындалған сүрек пен материалдар саны туралы анықтамалар, сондай-ақ нақты дайындалған сүректiң немесе материалдардың мөлшерiн дәлелдейтiн басқа да құжаттар;
төлемдердiң қайта есеп айырысу материалдары;
осы Ережелердi бұзушылық туралы орманшылық, орман шаруашылықтары, жоғары деңгейдегi орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органдары мен салық органдары жасаған актiлер болып табылады.
ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 84-тармақ алып тасталды
84.
Осы Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
85. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн айыпты адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.