Темір жол көлiгiнде жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi
тасымалдаутарифi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 24 ақпандағы № 203 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.03.03 ж. № 258 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 17.03.03 ж. № 258 қаулысымен мәтіні өзгертілді
Тәуелсiз мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң Темір жол көлiгi жөніндегі кеңесi ұсынған Швейцария Франкiмен есептелген жолаушылардың мемлекетаралық базалық тарифi 1995 жылғы 1 наурыздан бастап енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгі халықаралық қатынаста темір жолда жолаушылар тасымалдауға прейскурант бекiтсiн.
3. Көрсетiлген тарифтер жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi тасымалдау кезiнде:
халықаралық қатынаста:
республикалық қатынаста - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң темір жол поездары мен вагондарына қолданылсын.
4. Көрсетiлген тарифтер бойынша Қазақстан Республикасының республикалық қатынастардағы темір жол поездар мен вагондарында жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi тасымалдау кезiнде 0,5 коэффициентiн қолдану жүзеге асырылсын.
ҚР Үкіметінің 17.03.03 ж. № 258 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Жолаушыларды, жүктерді және ауыр жүктердi республикалық қатынаста Қазақстан Республикасы темір жол поездары мен вагондарында тасымалдауды қоспағанда, Мемлекетаралық жолаушылар тасымалдаудың тарифтiк валютасын (Швейцария франкiмен) теңгемен есептеу айдың басында қазiргi кездегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша белгiленсiн.
Жолаушыларды, жүктердi және ауыр жүктердi республикалық қатынаста Қазақстан Республикасының темір жол поездары мен вагондарында тасымалдау кезiнде мемлекетаралық жолаушылар тарифi валютасын (швейцар франкiн) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 2002 жылғы 1 қазандағы ресми бағамы бойынша теңгемен қайта есептеу жүргiзiледi.
6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгі бұрын қолданылған шешiмдердi осы қаулыға сәйкестендiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi