Санитарлық заңға қайшы келетiн актiлер тиiстi аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiнiң ұсынуымен, не прокурор наразылығы бойынша, не сот тәртібімен бұзуға жатады.
V бөлiм. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
26-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және оның
мiндеттерi
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерi жүргiзедi және:
тiршiлiк ортасындағы объектiлердiң санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға, халықтың денсаулығына әсерiн кешендi бағалау;
адамдардың сырқаттануы және улануының пайда болу себептерi мен жағдайларын зерттеу;
шаруашылық немесе өзге қызмет барысында қабылданған шешiмдердiң санитарлық-гигиеналық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн бағалау мiндеттерiн иеленедi.
27-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау объектiлерi
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға:
өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi техникалық-экономикалық негiздеу, құрылысын жобалау мен қайта құру;
санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мен халық денсаулығының ахуалын, жағдайын бақылау материалдары, кәсiптiк және тамақтық улануларды, жұқпалы аурулармен сырқаттану жайттарын, төтенше санитарлық-эпидемиологиялық асқынуларды тексеру;
ережелерiнiң халық денсаулығына тiкелей немесе жанама түрде қатыстылығы бар заңдар және басқа да заң құжаттарының жобалары;
топыраққа, су қоймаларына, атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық және пестицидтiк салмақ түсiру бойынша материалдар;
жаңа өнiмдер мен технологиялар;
азық-түлiк шикiзаты және тамақ өнiмдерi, ауызсу, құрылыс материалдары, халық тұтынатын тауарлар;
халықтың жекелеген топтарының еңбек, демалыс, тұрмыс пен тәрбие және оқу жағдайы;
радиоактивтi, уландырғыш және биологиялық заттарды тасымалдаудың жағдайы жатады.
Жобалар:
әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының, өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастыру схемаларының, қаладағы және селолық елдi мекендердiң бас жоспарларының;
зиянды заттарды атмосферадағы ауада тарату мен су қоймаларына тастаудың рұқсат етiлген шегiнде құрылыс жүргiзу және технологиялық жобалау нормалары;
өндiрiстiк және азаматтық мақсаттағы объектiлер мен олардың iске қосу кешендерiнiң құрылысын жүргiзу мен қайта құру;
балалар мен жеткiншектердiң оқу-еңбек жүктемесi мен оқытудың, тәрбиелеудiң, еңбек етуiнiң, тамақтануының, демалысының режимiн тәртiптейтiн нормативтiк-техникалық құжаттамалар жатады.
28-бап. Мiндеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
Орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды:
атом энергетикасы мен өнеркәсiбi объектiлерiн, курорттық аймақ объектiлерiн, заттардың рұқсат етiлген шектегi шоғырланулары, әсер етуiнiң бағдарлы қауiпсiздiк деңгейлерi болмаған және олардың әдiстерi айқындалған реттерде айналадағы ортаға химиялық және биологиялық заттар тарататын объектiлердi орналастыру;
экологиялық зiлзала аймақтарындағы объектiлердi, баламалары жоқ жаңа технологиялық процестегi объектiлердi орналастыру, қайта құру және ұлғайту;
референдумда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттандыру мүддесiн қозғайтын мәселелердi талқылау кезiнде жүргiзуге мiндеттi.
29-бап. Өтiнiштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық
сараптау
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мемлекеттік органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың өтiнiштерi бойынша, осы Заңның 27-бабында көзделмеген реттерде жүргiзiле алады.
Ғылыми-зерттеу мекемелерi, жоғары оқу орындары, басқа да мекемелер мен ұйымдар өз құзыреттерi шегiнде мемлекеттік органдардың, прокуратураның немесе соттың, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерiнiң тапсыруы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргiзуге мiндеттi.
30-бап. Қоғамдық санитарлық-эпидемиологиялық сараптау
Қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар дербес, өз қаржысының есебiнен нәтижелерi ұсыныстық сипатта болатын санитарлық-эпидемиологиялық сараптау тағайындап, өткiзе алады. Мұны жүргiзу кезiнде аттестациядан өткен лабораториялардың нәтижелерi пайдаланылады.
Қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық сараптау өткізуге қатысу үшiн өздерiнiң өкiлдерiн жiберуге құқығы бар.
ҚР 10.07.98 ж. № 283-1 Заңымен 31-бап өзгертiлдi
31-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау жүргiзу
Осы Заңның 29-30 баптарында көзделген сараптау жүргiзу үшiн тапсырыс берушi оның қаржыландырылуының, соның iшiнде қажеттiгi сараптау барысында пайда болған ғылыми-зерттеу жұмыстарының қаржыландырылуын қамтамасыз етедi және қажеттi құжаттамаларды ұсынады.
32-бап. Сараптау нәтижелерi бойынша дауларды шешу
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаудың нәтижелерi бойынша дауларды тәуелсiз сараптау комиссиясы, не мүдделi тараптың талап ету арызының негiзiнде, заңда белгiленген тәртiппен сот шешедi.
Қазақстан Республикасы кәсiпорындарының, мекемелерiнiң, ұйымдарының санитарлық-эпидемиологиялық сараптау мәселелерiне қатысты басқа мемлекеттермен дауларын тараптардың келісімi бойынша мүдделi мемлекеттердiң өкiлдерiнен құрылған комиссиялар қарайды және шешедi.
VI бөлiм. Iндетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
33-бап. Жұқпалы аурулардың таралуының және адамдардың
улануының алдын алу
Жұқпалы аурумен ауырғандар, жұқпалы аурулармен ауырады деп күдiк туғызатындар және бактерия таратушылар оқшауландырылуға және ауруханада емделуге жатады, жұқпалы аурумен қарым-қатынаста болған адам медициналық қадағалауға алынады, қажет болған жағдайда оқшауландырылады және емделедi.
Созылмалы жұқпалы аурумен ауырғандар және бойында созылмалы бактериясы барлар, егер олар атқаратын қызметiнiң түрiне байланысты айналасындағыларға қауiп төндiретiн болса, басқа жұмысқа ауыстырылады, ал ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстан босатылады.
34-бап. Профилактикалық егу жүргiзудiң мiндеттiлiгi
Қазақстан Республикасының азаматтары жұқпалы ауруға қарсы профилактикалық егiлуге мiндеттi.
Профилактикалық егiлулер жүргiзудiң мерзiмi мен тәртібін және егуге жататын халықтың топтарын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі айқындайды.
35-бап. Жұқпалы ауру iндетi пайда болудың қаупi төнген
жағдайда карантин енгізудiң шарттары
Жұқпалы аурулар iндетi енудiң және таралудың қаупi төнген жағдайда орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң тапсыруы бойынша жекелеген аумақтарға шаруашылық қызметi мен халық өмiрi айрықша жағдайға көшiрiлген карантин енгiзедi.
Орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының, кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың үйлестiру қызметi жөніндегі жедел басшылығы бұл жағдайда iндетке қарсы Республикалық және аумақтық төтенше комиссияларға жүктеледi.
36-бап. Жұқпалы ауруларға шалдығу мен улану жағдайларын
тексеру
Адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы мен улануларының әрбiр жағдайы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мамандары жүзеге асыратын тексеруге жатады.
Тексеру барысында:
адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы мен улану оқиғаларының айналадағы ортаның ластануына немесе сапасы төмен тамақ өнiмдерi мен ауыз суды пайдалануға, санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптардың, гигиеналық нормативтердiң және iндетке қарсы режимнiң бұзылуына байланысты екенi;
жұқпалы аурулардың пайда болуына немесе адамдардың улануына кiнәлi кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар анықталады.
37-бап. Медициналық бақылаудан өтудiң мiндеттiлiгi
Халықтың денсаулығын қорғау, жұқпалы және паразиттiк ауруларды болдырмау, кәсiптiк аурулар мен уланулардың, бақытсыз оқиғалардың алдын алу, еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметкерлерi мен азаматтары алдын ала және мерзiмдiк бақылаулардан, арнайы медициналық тексерулерден өтедi.
Өндiрiстiк зиянды факторлардың, алдын ала және мерзiмдiк медициналық бақылаулардан өтуге мiндеттi мамандық иелерi, халықтың жекелеген топтарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi белгiлейдi.
Кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары алдын ала немесе мерзiмдiк медициналық тексерулерден өтпеген немесе денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жiбермейдi.
VII бөлiм. Шаруашылық қызметіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
38-бап. Шаруашылық қызметiне қойылатын жалпы талаптар
Өз қызметiн жүзеге асыра отырып кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар:
қолданылып жүрген санитарлық заңдарды, санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауды қамтамасыз етуге;
айналадағы ортаның ластануының, жұқпалы паразиттiк және кәсiптiк аурулардың алдын алу мен жоюға бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық қарсы шараларды жасауға және жүзеге асыруға;
шығарылатын өнiмнiң сапасына, жұмыс iстеп жүрген адамдардың еңбек жағдайына айналадағы ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн тигiзетiн өндiрiстiк факторларға дербес бақылауды жүзеге асыруға;
халықтың денсаулық ахуалын нығайту, салауатты өмiр салтын қалыптастыру үшiн жағдай жасауға мiндеттi.
39-бап. Төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы
ақпарат беру мiндеттiлiгi
Апаттар, жаппай және топтық жұқпалы, паразиттiк және кәсiптiк аурулар туындаған, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай төтенше нашарлай түскен жағдайда кәсiпорындар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерiне хабарлауға мiндеттi.
40-бап. Нормативтiк-техникалық құжаттамалар жасаушылардың
мiндеттерi
Нормативтiк-техникалық құжаттамаларды жасаушылар:
жасалынған құжаттамалардың санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, гигиеналық нормативтерге сәйкес келуiн қамтамасыз етуге;
шикiзаттың жаңа түрлерiн, технологиялық құрал-жабдықтар мен процестердiң, аспаптардың, азық-түлiк шикiзаттары мен тағам өнiмдерiнiң, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелердiң, ыдыстардың, химиялық, биологиялық және дәрi-дәрмектiк заттардың, буып қаттайтын орағыштар мен полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердiң және басқа да халық тұтынатын тауарлардың стандарттарын, техникалық шарттарын, рецептерiн және басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамаларын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiнiң келiсуiне ұсынуға мiндеттi.
41-бап. Жобалау жұмыстарына қойылатын санитарлық талаптар
Орталық және жергiлiктi мемлекеттік билiк пен басқару органдары, кәсiпорындар мен мекемелер, қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдар, азаматтар елдi мекендердi, кәсiпорындар, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы объектiлерiн, сумен жабдықтау, құбыр жүйелерiн, гидротехникалық құрылыстарды, көлiк құралдарын, технологиялық процестердi, бұйымдар мен құрал-жабдықтарды, аспаптарды және басқа объектiлердi жобалаған кезде санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауға мiндеттi.
Жасалған жобалар Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң келiсуiне ұсынылады.
42-бап. Үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, құрал
жабдықтар мен көлiк құралдарын ұстауға және
пайдалануға қойылатын санитарлық талаптар
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар өндiрiстiк және санитарлық-тұрмыстық жайларды, жұмыс орындарын, балаларға арналған емдеу-профилактикалық, сауықтыру, оқу және мәдени мекемелердi, спорттық және өзге ғимараттарды, тұрғын үй-жайлары мен құрылыстарды, технологиялық және өзге құрал-жабдықтарды, көлiк құралдарын санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, гигиеналық талаптарға, стандарттарға және басқа нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етуге мiндеттi.
43-бап. Тамақ өнiмдерiне, оларды өндiру мен тасымалдауға,
сақтау мен өткізуге қойылатын санитарлық талаптар
Азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiн өндiрумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен шұғылданатын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, азаматтар санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауға мiндеттi.
Тағамдық қосымшалар мен биологиялық заттарды, азық-түлiк шикiзаты мен тағам өнiмдерiн өндiрудiң технологияларын қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiмен келісілген нормативтiк-техникалық құжаттамалар болған кезде жол берiледi.
Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде өндiрiлетiн өнiмдi жеткізуге және пайдалануға сертификаттар болған кезде, ал ол жоқ болған жағдайда мiндеттi сертификаттық тексерулер өткізу арқылы рұқсат етiледi.
44-бап. Химиялық заттарды, биологиялық құралдар мен
дәрi-дәрмектiк құралдарды қолдануға қойылатын
санитарлық талаптар
Химиялық, биологиялық заттарды, дәрi-дәрмектiк құралдарды, препараттарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсiмдiктер мен жануарларды өсiру стимуляторларын, өсiмдiктердi қорғайтын химиялық құралдарды, полимерлiк және пластикалық массаларды, парфюмерлiк-косметикалық өнiмдердi қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiнiң рұқсатымен жол берiледi.
45-бап. Шаруашылық-ауыз су, мәдени-тұрмыстық су пайдалану
орындарына қойылатын санитарлық талаптар
Орталық және жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, азаматтар ауыз судың сапасын қамтамасыз етуге және су қоймаларын шаруашылық ауыз су мен мәдени-тұрмыстық су пайдаланылатын орындарда санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтерге сәйкес ластанудан қорғауға мiндеттi.
Ауыз сумен жабдықтаудың көздерi Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен келісілген санитарлық қорғау аймақтарына ие болуға тиiс.
46-бап. Атмосфералық ауаға санитарлық талаптар
Тұратын жерлердегi атмосфералық ауа, тұрғын үйдiң, қоғамдық, өндiрiстiк ғимараттар мен жайлардың ауасы, өнеркәсiптiк кәсiпорындар аумағы белгiленген нормативтерге сәйкес келуге тиiс.
47-бап. Аумақты ұстауға, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды
жинау мен кәдеге асыруға қойылатын санитарлық талаптар
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар лауазымды адамдар мен азаматтар өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарға, белгiленген нормативтерге сәйкес жинауды, қайта өңдеудi, залалсыздандыру мен көмудi қамтамасыз етуге және аумақты күтiп ұстауға мiндеттi.
48-бап. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
байланысты санитарлық талаптар
Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар радиоактивті заттармен және басқа иондандырушы сәулелену көздерімен жұмыс істегенде санитарлық мөлшерлі қалыптарды сақтауға міндетті.
49-бап. Балалар мен жеткiншектердi тәрбиелеу, оқыту және
өндiрiстiк тәжiрибе өткізу жағдайларына қойылатын
санитарлық талаптар
Мектепке дейiнгi мекемелер, мектептер, кәсiптiк-техникалық училищелер, арнаулы орта және жоғары оқу орындары мен басқа оқу-тәрбие бiрлестiктерi, сондай-ақ еңбекке баулу мен өндiрiстiк тәжiрибенiң базасы болып табылатын кәсiпорындар санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
50-бап. Халықты гигиеналық тәрбиелеу мен оқытуға қойылатын
талаптар
Халықтың мәдениетiн көтеруге және аурулардың профилактикасына бағытталған гигиеналық тәрбиелеу мен оқыту жаппай, кешендi және үздiксiз сипатқа ие болуға тиiс.
Гигиеналық тәрбие мен оқыту:
балаларды тәрбиелеу, мектеп оқушылары мен жеткiншектердi, студенттердi оқыту, әртүрлi бағдар мен деңгейдегi мамандарды даярлау мен қайта даярлау процесiнде;
медициналық және гигиеналық білімдi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау жолымен жүзеге асырылады.
ҚР 10.07.98 ж. № 283-1 Заңымен 51-бап өзгертiлдi
51-бап. Басшыларды, мамандарды және қызметкерлердi
кәсiптiк-гигиеналық тәрбиелеу
Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар өз қаражатының есебiнен:
азық-түлiк өнiмдерi мен ауыз суды өндiруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге;
балаларды тәрбиелеуге, мектеп оқушылары мен жеткiншектердi оқытуға;
халыққа коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуге;
қызметi залалды заттарға және қолайсыз өндiрiстiк факторлар мен процестерге байланысты басшыларды, мамандар мен қызметкерлердi кәсiптiк-гигиеналық даярлауды жүзеге асыруға мiндеттi.
VIII бөлiм. Санитарлық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
52-бап. Санитарлық заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық түрлерi
Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптар, гигиеналық нормативтер бұзылған жағдайда лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
53-бап. Азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиянды және
емдеу-профилактикалық, санитарлық-эпидемиологиялық
мекемелердiң қосымша шығындарын өтеу
Санитарлық ережелер мен мөлшерлi қалыптарды, гигиеналық нормативтердi, сондай-ақ азаматтардың сырқаттануы мен улануына әкеп соққан iндетке қарсы режимнiң бұзылуына жол берген кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар адам денсаулығына келтiрiлген нақты зиянды және емдеу-профилактикалық санитарлық-эпидемиологиялық мекеменiң қосымша шығындарын өтеуге мiндеттi. Адам денсаулығына келген зиянның өтелетiн сомасы кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдар мен азаматтардан ерiктi түрде немесе сот шешiмiмен алынады.
Емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердiң қосымша шығындарын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар ерiктi түрде немесе сот шешiмi бойынша өтейдi.
54-бап. Лауазымды адамдардың әрекеттерiне шағым жасау
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдарының әрекетiне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
Жасалған шағым Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң қаулыларының, нұсқауларының және қабылдаған шешiмдерiнiң орындалуын тоқтатпайды.
Қазақстан Республикасының