Халықаралық теңіз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған халықаралық
конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Қазақстан
Республикасының қосылуы туралы Қазақстан Республикасы министрлер
кабинетінің 1994 ж. 4 наурыздағы № 244 қаулысы
Қазақстан Республикасының теңiз кемелерiнде теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне қатысты қабылданған жалпыға бiрдей халықаралық ережелер мен нормаларды орындауды және теңiз ортасының ластануына жол бермеудi, сондай-ақ республиканың халықаралық сауда кеме қатынасын үкiметтiк реттеу жөніндегі ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының мына халықаралық конвенцияларға қосылуы туралы Қазақстан Республикасы Көлiк министрлігінiң ұсынысы қабылдансын:
а) Халықаралық теңiз ұйымы туралы конвенцияға, 1948 жыл;
б) Жүк маркасы туралы Халықаралық конвенцияға, 1966 жыл;
в) Кемелердi өлшеу жөніндегі Халықаралық конвенцияға, 1969 жыл;
г) Мұнаймен ластанудан келтiрген зияны үшiн азаматтық жауапкершiлiк туралы Халықаралық конвенцияға, 1969 жыл;
д) Теңiзде кемелердiң соқтығысуынан сақтандырудың Халықаралық ережелерi туралы конвенцияға, 1972 жыл;
е) 1978 жылғы Хаттамамен (МАРПОЛ 73/78) өзгертiлген, теңiздiң кемелерден ластануына жол бермеу жөніндегі Халықаралық конвенцияға, 1973 жыл;
ж) 1978 жылғы Хаттамамен (СОЛАС 74/78) өзгертiлген Теңiзде адам өмiрiн қорғау жөніндегі Халықаралық конвенцияға, 1974 жыл;
з) Теңiзшiлердi даярлау, оларға дипломдар беру және вахта атқару туралы Халықаралық конвенцияға, 1978 жыл;
и) Қауiпсiз контейнерлер жөніндегі Халықаралық конвенцияға, 1972 жыл.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі 1-тармақтың "б" - "и" тармақшаларында аталған конвенцияларға Қазақстан Республикасының қосылғаны туралы құжатты ИМО-ның Бас хатшысы және Халықаралық теңiз ұйымы туралы Конвенцияға қосылғаны жөніндегі құжатты БҰҰ-ның Бас хатшысына жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі негiзгi сыныптаушы қоғамдарға куәландыру жүргiзудi және конвенциялық құжаттар берудi тапсыру туралы шешiмдер қабылдауға қоса тиiстi халықаралық конвенцияларда көзделген куәландыру мен куәлiк беру тәртібін анықтасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi