«Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн
дамыту жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 18 қарашадағы № 1149 қаулысы
(ҚР Министрлер Кабинетінің 1994.31.01.№ 112 қаулысымен берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Республикада өзiнiң фармацевтика өнеркәсiбiнiң болмауы, ТМД мемлекеттерi арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақсыздығы және денсаулық сақтауды қаржыландырудың шын мәнiнде төмендеуi республиканың медициналық мекемелерi мен халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң едәуiр нашарлауына әкелiп соғып отыр.
Республиканың фармацевтика өнеркәсiбiн жедел дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында Фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия екi ай мерзiм iшiнде қосымшаға сәйкес қазiргi кәсiпорындарды қайта жаңарту және дәрiлiк заттарды шығару жөніндегі жаңа өндiрiстер мен химия-фармацевтика инфрақұрылымы объектiлерiн құру мәселелерiн пысықтайтын болсын.
Мүдделi министрлiктер мен ведомстволар аталған жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн жасауды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қаржы министрлігімен және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігімен бiрлесе отырып, қазiр жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды қайта жаңарту, жаңғыртудың және фармацевтика өнеркәсiбiнiң жаңа объектiлерiн салудың әзiрленген жобаларына қажеттi қаржылық қаражаттың республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құру қорынан, Республикалық валюта қорынан, сондай-ақ мемлекеттік қаржы кредиттерiне жыл сайын бөлiнiп отырылуын көздесiн.
4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға аймақтар кәсiпорындарының қатысу мүмкiндiгiн қарасын және фармацевтика өндiрiстерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту мен оны жергiлiктi бюджет есебiнен одан әрi жетiлдiрудiң нақтылы шараларын қолдансын .
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Денсаулық министрлігі, Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі дәрi-дәрмек өндiру және дәрiлiк заттарды, субстанцияларды, шикiзат пен қосымша материалдарды өзара берiп тұру саласында ТМД мемлекеттерiмен бiрлесу мәселесiн пысықтасын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономика министрлігінiң жанындағы Шетел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттiк және "Фармация" мемлекеттік холдинг компаниясы Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру үшiн ыңғайлы әрiптестердi белгiлеу жөнiнде шетелдiк фирмалармен келiссөздер жүргiзсiн.
7 тармақ өзгертілді 31.01.94. № 112 қаулысымен
7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі республиканың фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың жобаларын қаржыландыру үшiн үндiстандық кредит есебiнен 15 млн. АҚШ доллары, француз кредитi есебiнен 300 млн. франк, Израиль кредитi есебiнен 30 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде валюталық қаражат бөлiнуiн көздесiн. қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясы Биотехнология жөніндегі ұлттық орталықтың құрылымы мен тақырыптарын қалыптастырған кезде республиканың фармацевтика өнеркәсiбiн ғылыми жағынан қамту мiндеттерiн шешудi көздейтiн болсын.
9. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі, Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi фармацевтикалық химия, дәрiлер технологиясы, ген инженериясы және биотехнология саласындағы мамандарды даярлау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
10. Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Стандарттау және метрология жөніндегі бас басқарма үш ай мерзiм iшiнде фармацевтикалық өнiмдердiң сапасын бақылаудың, сертификаттау мен стандарттаудың мемлекеттік жүйесiн дамытудың бағдарламасын әзiрлеп, республика Министрлер Кабинетiне түсiрсiн.
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Iшкi iстер министрлігі және Әдiлет министрлігі есiрткi заттар мен оның негiзiнде дайындалған дәрi-дәрмек өндiрудi, өткiзудi бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатымен Есiрткiлер жөніндегі республикалық ведомствоаралық комитет құру жөнiнде ұсынысты қарап, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң құрамына штаттық саны 12 адамнан тұратын және тиiстi еңбекақы қоры болатын Медицина және фармацевтика өнеркәсiбiнiң басқармасы құрылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 18 қарашадағы
№ 1149 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы фармацевтика өнеркәсiбiнiң
жаңадан салынатын және қайта жаңартылуға
жататын объектiлерiнiң
Тiзбесi
(Кесте)