Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының, ұнтақ жарманың және халыққа
пiсiрілген нан орнына сатылатын ұнның бағасы туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 30 тамыз
1993 ж. № 745
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Энергия көздерiнiң бағасы өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1993 жылғы 1 қыркүйектен бастап халыққа мемлекеттік ресурстан бөлiнген астықтан өндiрiлетiн нан, нан-тоқаш өнiмдерiн, тары, ұнтақ жарма, пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн сату Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының және ұнтақ жарманың бағасы туралы" 1992 жылғы 16 қыркүйектегi № 767 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 35, 543-бап) қазiргi бөлшек сауда бағасына 5 арттыру коэффициентi қолданылып жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
2. Сауда кәсiпорындары мен ұйымдары осы қаулыда аталған өнiмдердiң 1993 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша қалдықтарын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Бағаны ырықтандыруға байланысты өнiмдер мен тауарларға қайта бағалау жүргiзу туралы" 1992 жылғы 3 қаңтардағы № 4 қаулысында белгiленген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 1, 8-бап) тәртiппен түгендеме жасау және оларға қайта бағалау жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiпке және осы қаулыға сәйкес мемлекеттік реттелетiн баға бойынша нан, нан-тоқаш өнiмдерiн, ұнтақ жарма, тары және пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн өндiру мен сатуға байланысты кәсiпорындар шығынының орнын толтыру үшiн қаражат iздестiрсiн.
4.
Ескерту. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1993.11.12. № 1121 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi