Қазақстан Республикасының "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына
кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы"
Заңын күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 13 тамыздағы 1993 ж. № 697 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1295 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 12 сәуірдегі № 2116-XII қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған, Қаржы министрлігімен және Экономика министрлігімен келісілген Өсiмдiктердiң жаппай зиянкестерiнiң, ауруларының Тiзбесi, оларды жою жөніндегі мемлекеттік бюджеттiң есебiнен қаржыландырылатын шаралар бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. № 1518 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң, Ауыл шаруашылығы министрлігінiң және Ұлттық банкінің 1993 жылы, меншiк нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне қосымшаға сәйкес тәртiппен жеңiлдiк қысқа мерзiмдi кредит берудiң тиiмдiлiгi туралы ұсынысы қабылдансын.
Осыған байланысты үстiмiздегi жылы "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттік шараларды қаржыландыру туралы" Заңда көзделген кредит шарттары қолданылатын аграрлық-өнеркәсiптiк кешенi кәсiпорындарының тiзбесi белгiленбесiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1994 жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде Ұлттық банкпен және Экономика министрлігімен келiсу бойынша:
жеңiлдiк жағдайлармен қысқа мерзiмдi кредит берiлетiн аграрлық-өнеркәсiптiк кешенi кәсiпорындарының тiзбесi жөніндегі ұсыныстарды қарап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн;
энергия көздерi, техника және материалдық-техникалық құралдар бағаларының өсуiне байланысты мемлекеттік мұқтаждықтар үшiн берiлетiн ауыл шаруашылығы өнiмiнiң қымбаттауына жұмсалатын шығындарды өтеу жөнiнде қаражат көздейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 13 тамыздағы
№ 697 қаулысымен
Бекiтiлген
Жаппай зиянкестердiң, өсiмдiктер кеселдерiнiң және
тiзбесi, оларды жою жөніндегі мемлекеттік бюджеттiң есебiнен
қаржыландырылатын шаралар
Ескерту. Тақырып өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. № 1518 қаулысымен.
1. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң аурулары мен зиянкестерi: шегiртке (азиялық, марокколық және прус), комстока құрты, тұт-жаукөбелегi, тасбақа-қандала, гессен шыбыны, астық қоңыздары, өрмекші кене, мақта көбелегі, саршұнақтар, тышқан тәрiздес кемiргiштер, колорад қоңызы, калифорниялық бiте, ақегiн көбелегi, тат кеселi, дән септориозы, жүзiм филлоксерасы, жабайы өскен сора және басқа оңашаландыратын зиянкестер.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. № 1518 қаулысымен.
2.
Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.26. № 1518 қаулысымен.
Ескерту. Мал дәрiгерлiк қызметтiң тиiстi ұйымдары мен мекемелерiнiң қызмет аймағында орналасқан барлық колхоздарда, шаруашылықаралық кәсiпорындарда, совхоздарда, ауыл шаруашылық кооперативтерiнде, шаруа (фермер) шаруашылықтарында және басқа кәсiпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде және азаматтар шаруашылықтарында жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алу, олардың таралуына жол бермеу мен жою жөнiнде мемлекеттік мал дәрiгерлiк жүйесi ұйымдары мен мекемелерi жүргiзетiн шаралар (iндетке қарсы шаралар) мемлекеттік есебiнен қаржыландырылады.
Бұл ретте барлық мал түлiктерiн емдеуге жұмсалатын шығындар (жұқпалы аурулардың алдын алуға, олардың таралуына жол бермеу мен жоюға байланысты шығындардан басқасы), сондай-ақ жоспарлы профилактикалық (мал дәрiгерлiк-санитарлық) шаралар - үйлердi тазалау мен дәрiлеу, шыбындарды, кенелердi, тышқан тектес кемiргiштердi қыру, шiркеймен күрес, белгiлi бiр жердi кенеге қарсы өңдеу, жануарлардың салмағы мен тұқымдылығын арттыру үшiн антибиотиктер мен биогендi стимуляторларды қолдану шаруашылықтар қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 13 тамыздағы
№ 697 қаулысына
Қосымша
Ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне
жеңiлдiк жағдаймен қысқа мерзiмдi кредит берудiң
Тәртібі
Меншiк нысандарына қарамастан ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өндiрiстiк шығындарға мемлекеттік қаржы ресурстарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталықтандырылған кредит ресурстарының) есебiнен берiлетiн қысқа мерзiмдi кредит үшiн проценттер төлеу жөніндегі шығыстарды өтеуде.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша орталықтандырылған кредит ресурстарының бөлiнетiн жерлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне көрсетiп бередi, ол белгiленген есептi проценттiк ставкасына қарай бұларды банкiлерге жеткiзедi. Банкiлер осы мақсаттарға алынған кредит ресурстарының шегiнде кредиттiк келісімде айқындалған ставка бойынша, бiрақ белгiленген есептi проценттiк ставкадан аспайтындай 2 өлшем мөлшеріндегі айырманы қоса отырып, меншiк нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiне кредит бередi.
Колхоздарға, совхоздарға, ұжымдық және шаруа шаруашылықтарына, акционерлік қоғамдарға, шаруашылық серiктестiктерiне және ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын барлық меншiк нысанындағы басқа да тауар өндiрушiлерге, қайтару мерзiмi өтiп кеткен және қайтару мерзiмi ұзартылған несиелер бойынша шығындарды қоспағанда, қысқа мерзiмдi кредиттi пайдаланғаны үшiн проценттер төлеу жөніндегі шығындардың бiр бөлiгi бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
Аталған шығындар кәсiпорындардың осы кредит бойынша айлық орташа берешегi туралы деректердiң негiзiнде осы мақсатқа республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде өтеледi. Өтеудiң нақты мөлшерiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің келісімi бойынша Қаржы министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі белгiлейдi.
Кредиттi пайдаланғаны үшiн проценттер төлеу жөніндегі шығындардың өтемақысын алу үшiн аудандық ауыл шаруашылығын басқару органдары ай аяқталған соң 5 күннен кешiктiрмей аудандық қаржы бөлiмдерiне және облыстық ауыл шаруашылығын басқару органына қызмет көрсететiн банкiлердi жеке-жеке көрсетiп, қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы мақсатқа қаражат қажеттiлiгiнiң есеп-қисабын түсiредi.
Аудандық қаржы бөлiмдерi үш күн iшiнде есеп-қисаптың деректерiн тексерiп, облыстық қаржы басқармаларына көрсетiлген нысан бойынша өтемақы алудың тiзiлiмiн түсiредi.
Облыстық қаржы басқармалары есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн облыстық ауыл шаруашылығын басқару органдарымен келісім бойынша республиканың Қаржы министрлігіне өткен айда кредит үшiн проценттер төлеу жөніндегі шығындардың өтемақыларының сомалары туралы деректердi көрсетiлген нысан бойынша хабарлап, облыс бойынша қорытынды деректердi ғана көрсетедi.
Республиканың Қаржы министрлігі ай сайын 25-iнен кешiктiрмей өзара есеп айырысулар жөніндегі облыстық қаржы басқармаларына селолық тауар өндiрушiлерге өтемақы төлеу үшiн бюджеттік қаражат бөледi. Облыстық қаржы басқармалары осы сомаларды аудандық қаржы бөлiмдерiмен өзара есеп айырысуға жатқызып, кейiннен қаражатты тауар өндiрушiлердiң есеп шоттарына аударады. Бұл шығындар "Кредит пайдаланғаны үшiн проценттер төлеу жөніндегі ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң шығындарын өтеу" деген 100-бөлiмi, 82-тарауы, 32-бабы, 7-параграфы бойынша көрсетiледi.
Мемлекеттік қаржы ресурстарының есебiнен бөлiнген қысқа мерзiмдi кредит сомалары есеп-қисапта:
банк мекемелерi - республиканың Ұлттық банкi белгiлеген шифр бойынша;
ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерi - "Мемлекеттік қаржы ресурстары есебiнен берiлетiн кредиттер" деген қосымша шоты "Банкiлердiң қысқа мерзiмдi кредиттерi" деген 90-шотта жеке көрсетiледi.
Ауыл шаруашылығы және қаржы органдары аталған шығындарды өтеудiң дұрыс-бұрыстығына және дер кезiнде өтелуiне бақылау жасайды. Тексеру кезiнде анықталған артық төленген өтемақы сомалары он күн iшiнде ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiсiнiң есеп шотынан республикалық бюджетке "Бюджет шығындарын өтеу" деген 9-бөлiмге қайтарылуға тиiс, банкінің есеп беру символы 17.
Кредит үшiн проценттер төлеу жөніндегі шығындарды өтеуге қаражаттың келiп түсуiн ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерi "Есеп шоты" деген 51-шоттың дебетi бойынша "Нысаналы қаржыландыру мен түсiмдер" деген 96-шотпен корреспонденцияда жеке қосымша шотта көрсетiледi. Жыл iшiнде өтемақы сомалары 96- шоттың дебетiнен "Пайдалар мен залалдар" деген 80-шоттың кредитiне жазылады.