Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың
сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 20 мамырдағы № 410 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 367 қаулысымен осы Қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгізудiң тәртібі туралы" 1993 жылғы 18 қаңтардағы № 1887-XII қаулысын орындау үшiн Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 20 мамырдағы
№ 410 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық
шарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау туралы
ЕРЕЖЕ
ҚРМК-нiң 1995.09.13. № 1259 қаулысымен Ереженiң мәтiніндегі сөздер
ауыстырылды
Осы Ереже "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының аумағында стандарттар мен техникалық шарттардың (бұдан былай - стандарттарды) сақталуына мемлекеттік қадағалауды ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн, сондай-ақ мемқадағалау нәтижелерi бойынша қолданылатын шараларды айқындайды.
1. Стандарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау мемлекеттік басқару органдарында да меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде де (бұдан былай "кәсiпорындар" деп аталады) жүзеге асырылады.
2. Стандарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалаудың негiзгi мақсаты - өнiм сапасы мәселелерi байланысты тұтынушылардың мүдделерi мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік қадағалау мыналарды қамтамасыз ететiн бағыттарда жүргiзiледi:
қолданылып жүрген заңдармен айқындалған, соның iшiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын шет елдердiң халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттардың барлық дәрежедегi қалыпты құжаттарының талаптарын, сондай-ақ келісім-шарттарда көзделген талаптардың сақталуын бақылау;
мiндеттi түрде сертификаттың болуын бақылау;
ведомстволық стандарттау қызметтерiнiң жұмысын бақылау және өнiм сапасын қамтамасыз ету.
4. Қазақстан Республикасында стандарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитет (Қазақстан Республикасының Мемстандарты) пен оның аумақтық органдары (Стандарттау және метрология орталықтары) жүзеге асырады.
5. Стандарттың сақталуына мемлекеттік қадағалау жасайтын лауазым иелерi Қазақстан Республикасының Мемстандарты облыстардың бас мемлекеттік инспекторлары және мемлекеттік инспекторлар ретiнде аттестаттаудан өтедi.
6. Бас мемлекеттік инспекторлар мен олардың орынбасарларына, мемлекеттік инспекторларға төмендегiдей құқықтар берiледi:
кәсiпорындардан стандарттардың, метрологиялық ережелердiң және сертификаттау талаптарының сақталуы мәселелерi жөніндегі қажеттi мәлiметтер мен материалдарды алу;
тексерулер мен сараптауларды жүргiзу үшiн қажет болған жағдайда кәсiпорындардың техникалық құралдары мен мамандарын олардың басшыларымен келiсе отырып, тарту;
Қазақстан Республикасының Мемстандарты органдарының қызметтiк куәлiктерiн көрсеткен жағдайда өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн кәсiпорындарға кіру;
белгiленген тәртiп бойынша кәсiпорында мемлекеттік қадағалаудың кез келген нысанын өндiрiлетiн өнiмнiң сапасына байланысты мерзiмi, күшейтiлген және бақылаудың айрықша тәртібін енгізу;
олардың қалыпты техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн зерттеу мен тексеру үшiн сол өнiмге деген стандарттарда немесе басқа да ресми құжаттарда белгiленген мөлшерде өнiм үлгiсiн таңдап алу (қажет болған жағдайда өнiмнiң таңдап алынған үлгiлерiн сынау тексерiлетiн кәсiпорыннан тысқары жерде өткiзгенде - ол кәсiпорын есебiнен жүргiзiледi);
стандарттар талаптарының бұзылуын немесе оларды болдырмаудың себептерiн жою туралы кәсiпорындар үшiн мiндеттi нұсқау-хаттарды беру;
стандарттар талаптарына сәйкес келмейтiн конструкторлық, технологиялық және жобалық құжаттарды тапсырыс иесiне (өндiрiске) беруге және пайдалануға тыйым салу;
стандарттар талабын, сертификаттау ережелерiн бұзу, немесе белгiленген тәртiптегi құжаттармен бекітілмеген өнiмдердi (қызмет көрсетудi) өндiру фактілері анықталған жағдайларда өнiмдi өндiруге, тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға, сондай-ақ қызмет көрсетуге тыйым салу;
мiндеттi түрде сертификатталуға тиiстi, бiрақ сәйкестiк сертификаты жоқ өнiмдi сатуға тыйым салу;
сертификат пен өнiмге сәйкестiк белгiсiн қолдану құқының күшiн жою немесе тоқтату;
сапасыз өнiм өндiруге әкелiп соғатын, стандарттар талаптарын бұзғаны анықталған жағдайда өнiм шығаруды тоқтату;
стандарттау мен сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн оларға жауапкершiлiк шараларын қолдану жөнiнде заңды ұйымдарға нұсқау-хат беру;
кiнәлi лауазым иелерi мен адамдарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдар әзiрлеу.
7. Мемлекеттік қадағалау нәтижелерi Қазақстан Республикасының Мемстандарты белгiлеген тәртiп бойынша актiлермен рәсiмделедi.
Стандарттар талаптарын бұзғаны анықталған тексеру актілері тексерiлген кәсiпорын үшiн жоғары болып табылатын органды назарға алу және шара қолдану үшiн жолданады.
Облыс, Республика немесе өнеркәсiптiң жеке саласы бойынша жиынтықталған мемлекеттік қадағалау нәтижесi дәйектi түрде республика Үкіметіне, жергiлiктi әкiмдерге, тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға жiберiледi.
Стандарттар талаптарын бұзған кәсiпорындарды қадағалау нәтижелерi анықталған тәртiп бұзушылыққа орай әртүрлi нұсқау-хат берiледi.
8. Республиканың Бас мемлекеттік инспекторы немесе оның орынбасарлары стандарттар талаптарының бұзылуы және кәсiпорында тиiстi сападағы өнiмдi өндiруге қажеттi жағдайлардың болмауы фактілері анықталған жағдайда өнiм (технологиялық процестi толық немесе сапасыз өнiм өндiруге әкелiп соғатын оның жекелеген операцияларын) өндiрудi тоқтату туралы нұсқау бередi.
ҚРМК-нiң 1995.09.13. № 1259 қаулысымен 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi
ҚРҮ-нiң 08.04.97 ж. № 505 қаулысымен 9-тармақтың "б", "в", "г",
"д"-тармақшалары сөздермен толықтырылды,
9. Облыстардың бас мемлекеттік инспекторлары немесе олардың
орынбасарлары мынандай нұсқау түрлерiн бередi:
а) мына жағдайларда өнiм өткізуге, жұмыс пен қызмет орындауға тыйым салу туралы:
стандарттар талаптарына сай келмейтiн өнiмдi әзiрлеуге, жұмыс пен қызметтi орындауға және өнiмнiң тұрақты сапасын, жұмыс пен қызметтiң орындалуын қамтамасыз ететiн жағдайлардың жоқ болуы;
белгiленген тәртiп бойынша бекітілген қалыпты-техникалық құжаттары жоқ өнiмдi өндiрудi, жұмыс пен қызметтi орындауы;
егер де тексеру кезiнде анықталған стандарттардың сақталмауы өнiмнiң сапасын кемiтсе немесе кемiтуi мүмкiн болса, тауар түрiн нашарлатса, бұзса немесе өнiмнiң қалыптан тыс жойылуына әкелiп соқса, ондай өнiмнiң тасымалдануы мен сақталуы;
арнаулы көрсеткiштерi, сыйысымдылығы мен өзара алмастырылуы, сенiмдiлiгi, қауiпсiздiгi, эргономиялық және экологиялық көрсеткiштерi бойынша кiнараты бар өнiмдердi пайдалануы;
б) мынандай жағдайларда стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтiн өндiрiлген өнiмнен, жұмыс пен қызмет көрсетуден алынған, бiрақ 12 айдан аспайтын мерзiмдегi, нақтылы пайданың толық сомасын тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне өндiрiп алу туралы:
егер де ол кемшiлiктер өнiм сапасының нашарлауына әкелiп соқса, сапа мен жиынтықтылығы жөніндегі, ыдысы, оралуы және таңбалануы жөніндегі стандарттар талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердiң сатылуы;
стандарттар талаптары бұзылған жұмыс пен қызметтiң өткiзiлуi;
в) пайдаланылуы мен сақталуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн, стандарттар талаптарына сай келмейтiн, сатылған өнiмдер құнының мөлшеріндегі соманы тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне аударылады өндiрiп алу туралы;
г) Қазақстан Республикасының Мемстандарттың аумақтық органының тыйым салынуы қарамастан сатылған стандартсыз өнiм құны сомасының 50 процентiн тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне өндiрiп алу туралы;
д) сол өнiмнiң стандарттар талаптары мен сертификаттау ережелерiне сәйкес емес екендiгi жөніндегі фактiлер анықталған жағдайда сатылуға арналған, тексерiлген өнiм құнының мөлшеріндегі соманы өндiрiп алу туралы;
е) мынандай жағдайларда сәйкестiк сертификатының күшiн немесе сәйкестiк Заңын қолдану құқық тоқтатып, жою туралы:
сертификатқа сәйкес келмейтiн өнiмнiң сатылуы;
сертификаттың қолдан жасалуы немесе оның күшiнiң мерзiмiнiң өтiп кетуi;
сертификаттаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiнiң қойылуы;
мемлекеттік инспекторға өнiмнiң сертификатталуы туралы қажеттi ақпаратты беруден бас тартуы.
Заң бұзушы 15 күн iшiнде ерiктi түрде орындамаған стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн белгiленген сомаларды заңды тұлғалардан өндiрiп алуға арналған ұйғарымның барлық түрлерiн Қазақстан Республикасының Мемстандартының аумақтық органдары қадағалау объектi орналасқан жердегi салық инспекциясына - орындау үшiн және кәсiпорынның есебi сақталуы банкке - Қазақстан Республикасында ақшасыз есептеулердi жүргiзу тәртібіне сәйкес шараларды қабылдау үшiн жолдайды.
Белгiленген өндiрiп алынатын сома бюджеттік жiктеуге сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне аударылады:
90 процентi - республикалық бюджет табысының бюджеттік топқа бөлiнiсiнiң 12-тармағының 27-параграфына.
10 процентi - Қазақстан Республикасының Мемстандарттың Ұйғарым берген аумақтық органының арнайы қаражаты жөніндегі ағымдағы есепшотына.
10. Стандарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау жасаушы мемлекеттік инспекторлар:
стандарттың бұзылған талаптарын қалпына келтiру және сол кемшiлiктерге жол бергiзген себептердi жою туралы;
стандартсыз өнiмнiң тексерiлген партиясын сатуға тыйым салу туралы;
мiндеттi түрде сертификатталуға тиiстi өнiмдi сәйкестiк сертификатынсыз сатуға тыйым салу туралы нұсқаулар бере алады.
11. Нұсқауларды рәсiмдеу мен олардың нысандары жөніндегі талаптарды Қазбасстандарт белгiлейдi.
12. Стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалаудың нәтижелерi бойынша Қазбасстандарттың аумақтық органдары:
төрелiк сотқа - стандартсыз өнiмдi өткізу арқылы мемлекеттік мүддеге нұқсан келтiретiн кәсiпорындарға мүлiктiк жауапкершiлiк шараларын қолдану туралы мәселенi шешу үшiн стандарттар талабын бұзатын кәсiпорындар туралы хабарлама;
прокуратура органдарына;
кәсiпорынның бiрнеше рет немесе аса iрi көлемде сапасыз тауарларды сатқаны;
лауазым иелерiнiң қызмет бабын пайдаланғаны немесе жауапсыздығы салдарынан мемлекетке айтарлықтай зиян шеккiзген, стандартсыз өнiмдi өндiргенi жөніндегі хабарларды жолдап тұрады.
13. Мемлекеттік инспекторлардың iс-әрекетiне Қазбасстандарт органдарының жоғары лауазымды адамдарына шағынуға болады. Стандарттардың сақталуына мемлекеттік қадағалау жасайтын лауазым иесiнiң iс-әрекетiне жазылған арыз түскен күнiнен бастап 15 күннен кешiктiрiлмей, ал қосымша зерттеу мен тексерудi қажет ететiн арыздар бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
Кәсiпорындардың басшылары мемлекеттік инспекторлардың өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi жағдайлар туғызады.
14. Стандарттар мен техникалық шарттар талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау басқа мемлекеттік органдардың стандарттау мен сапаны бақылаудың ведомстволық қызметтерiмен, техникалық комитеттермен, тұтынушылар қоғамдарымен тығыз байланыста жүргiзiледi.