Темір жол көлiгiмен жүк тасымалдағаны және басқа да қызмет көрсеткенi
үшiн уақтылы ақы төлемеген жағдайда кәсiпорындар мен
ұйымдардың жауапкершiлiгi туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің қаулысы 14 сәуiр 1993 ж. № 306
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Жүк тасымалдағаны үшiн ақыны, алымдар мен айыппұлдарды уақтылы төлемеген жағдайда 1993 жылғы 15 сәуiрден бастап жүк алушылар мен жүк жөнелтушiлерге темір жолдың пайдасына әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн төлем сомасының екi процентi мөлшерiнде өсiм есептелiп, өндiрiп алынады деп белгiленсiн.
Ескерту. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндiретiн кәсiпорындарға
көмiр тасымалдауға төлейтiн төлемдерiн уақытында
төлемегендерi үшiн өсiмнiң мөлшерi әрбiр кешiктiрiлген
күн үшiн төлем сомасының екiден 0,5 процентiне дейiн
төмендетiлген - ҚРМК-нiң 1995 ж. 24 қаңтардағы № 74
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы темір жол көлiгiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1992 жылғы 20 ақпандағы № 129 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж. , № 6, 101-бабы) 10-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi