- бiрыңғай тарифтiк ставка (кесiмдi және мерзiмдi жұмыс iстейтiндер үшiн) белгiленген сотталғандарға - аталған қосымша толық күндiк (сағаттық) тарифтiк ставка есебiнен төленедi.
XII.Сотталған адамның кiнәсiнсiз өндiрiм
нормасы орындалмаған, өнiмде ақау жiберiлген
және бос тұрып қалған кезде еңбекке ақы төлеу
28. Сотталған адамның кiнәсiнсiз өндiрiм нормасы орындалмаған кезде еңбекақы нақты iстелген жұмысы үшiн төленедi. Мұндай жағдайда айлықақы оған белгiленген разрядтың тарифтiк ставкасының үштен екi бөлiгiнен кем болмауы керек. Өндiрiм нормасы сотталған адамның кiнәсiнен орындалмаған кезде еңбекақы орындалған жұмысқа сәйкес төленедi.
29. Сотталған адамның кiнәсiнсiз ақаулы өнiмдер шығарылған кезде бұл өнiмдi жасауға кеткен еңбекке төмендетiлген нарықпен ақы төленедi. Өнiмнiң жарамдылығының процентi мен төленетiн ақының тура мөлшерiн әкiмшiлiк белгiлейдi. Мұндай жағдайда сотталған адамның тапқан табысы оған белгiленген разрядты тарифтiк ставкасының үштен екi бөлiгiнен кем болмауы тиiс.
Өңделетiн материалдың жасырын кiнәраты салдарынан болған бұйымдардың ақауына сондай-ақ, сотталған адамның кiнәсiнсiз техникалық бақылау органдары қабылдап алған соң анықталған ақауға жарамды бұйымдармен бiрдей ақы төленедi.
Сотталған адамның кiнәсiнен жасалған толық ақау ақы төлеуге жатпайды. Жарамсыз болған материалдар мен шикiзаттың құны, сондай-ақ мұның алдындағы операциялардың еңбек шығынының құны ақау жiберген сотталған адамнан еңбек туралы заңдарда көзделген мөлшерде өндiрiп алынады.
Сотталған адамның кiнәсiнен болған iшiнара ақауға өнiмнiң жарамдылығына қарай төмендетiлген нарық бойынша ақы төленедi.
Жаңа өндiрiстi игеру кезеңiнде жiберiлген ақауға тиiстi разрядтағы мерзiмдi жұмысшының тарифтiк ставкасының есебiнен ақы төленедi. Әр кәсiпорында жаңа өндiрiстi игерудiң алты айға дейiнгi мерзiмiн жоғары тұрған ұйым белгiлейдi.
Сотталған адам өзi жасайтын өнiмнiң ақаулы екендiгiн білісiмен дереу әкiмшiлiкке хабар беруге мiндеттi. Егер сотталған адам бұл жөнiнде әкiмшiлiкке хабарламаса немесе жұмысты тоқтату жөніндегі әкiмшiлiктiң өкіміне қарамай жұмысты жалғастыра берсе, онда бұдан былайғы жiберген ақау ақы төлеуге жатпайды, ал жарамсыз болған материал үшiн еңбек туралы заңдарда көзделген мөлшерде еңбекақысынан ұсталып қалынады.
30. Бос қарап тұру салдарынан жұмыстан босаған сотталғандар бос қарап тұрған бүкiл уақытына дереу басқа жұмысқа ауыстырылуға тиiс. Мұндай жағдайда еңбекақы нақтылы орындаған жұмысына төленедi.
Жұмыссыз бос тұрудың себебi көрсетiлiп сол күнi актiмен ресiмделедi, оған цех бастығы (шеберi) және отряд бастығы қол қояды, оның еңбекпен түзеу мекемесiнiң бастығы немесе кәсiпорын директоры, немесе бас инженер бекiтедi.
Сотталған адамның кiнәсiнен бос қарап тұрған уақыт үшiн ақы төленбейдi.
Сотталған адамның кiнәсiнсiз бос қарап тұрған уақыт үшiн, егер ол әкiмшiлiкке (шеберге, отряд бастығына, басқа лауазымды адамдарға) босқа тұрудың басталғаны жайында ескерткен болса, онда сотталған адамға белгiленген разрядтың тарифтiк ставкасының үштен екiсiнен кем болмайтын есеппен ақы төленедi.
Сотталған адам бос қарап тұрудың басталғаны немесе оны туғызатындай себептер жайында дереу әкiмшiлiкке хабарлауға мiндеттi. Сотталғандар бұл мiндеттерiн орындамаған жағдайда босқа тұруға ақы төленбейдi және сотталған адамға жаза қолданылады.
XIII. Жаңа өндiрiстердi (өнiмдi) игеру кезiнде
еңбекке ақы төлеу
31. Жаңа өндiрiстi (өнiмдi) игеру кезiнде әкiмшiлiк сотталған адамға алты айға дейiнгi мерзiмде бұрынғы орташа тапқан табысы көлемiнде қосымша ақы төлей алады.
XIV. Түнгi уақыттағы жұмысқа ақы төлеу тәртібі.
32. Сотталғандардың түнгi уақыттағы (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiнгi) жұмысы еңбек туралы заңдармен көзделгеннен басқа реттерде бiр сағатқа қысқартылады.
Кешкi ауысымда жұмыс iстейтiн сотталғандарға тиiстi ауысымдағы жұмыстың әрбiр сағаты үшiн тарифтiк ставканың 20 процентi, ал түнгi ауысымда iстегенi үшiн әр сағатына - 40 процентi мөлшерiнде қосымша ақы төленедi. Түнгi ауысымдағы жұмысы үшiн қосымша ақы оның ұзақтығының кемiнде 50 процентi түнгi уақытқа (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) келсе төленедi. Мұндай қосымша ақы түнгi уақыттағы жұмыс үшiн қосымша ақының орнына төленедi. Кешкi немесе түнгi ауысымдағы жұмыс үшiн қосымша ақы түнгi уақыттағы жұмыс сағаты үшiн төленетiн қосымша ақыдан аз болған жағдайда, жекелеген салалардың жұмысшыларына түнгi уақыттағы жұмыс үшiн еңбекақы төлеудiң заңда көзделген тәртібі сақталады.
Түнгi уақыттағы жұмыс үшiн қосымша ақы жалақыға (ставкаға) енгiзiлсе, ол төленбейдi, бұл жайында осы санаттағы жұмысшылардың еңбекақысын реттейтiн тиiстi нормативтi актiде ескертiледi.
XV. Жүктi және емшекте баласы бар сотталған әйелдердiң
еңбегiне ақы төлеу шарттары мен тәртібі
33. Жүктi және емшекте баласы бар әйелдер еңбегiнiң шарттары еңбек туралы заңдармен реттеледi.
34. Сотталған әйелдер жүктi болуына және бала тууына байланысты босанардан бұрын 70 күнтiзбе күнге, ал бала тапқаннан кейiн 56 күнтiзбе күнге жұмыстан босатылады. Қиын жағдайда босанған немесе 2 және одан да көп бала тапқан реттерде босанғаннан кейiнгi демалыс 70 күнтiзбе күн болады.
35. Емшектегi және бiр жарым жасқа дейiнгi балалары бар сотталған әйелдерге демалуға және тамақтануға берiлетiн жалпы үзiлiске қоса, баласын тамақтандыру үшiн қосымша үзiлiс берiледi. Мұндай үзiлiс үш сағат сайын, әрқайсысы кемiнде 30 минут уақытқа берiледi.
Баланы тамақтандыруға берiлетiн үзiлiс жұмыс уақытына қосылады және орташа тапқан табысы бойынша еңбекақы төленедi. Үзiлiстiң мерзiмi мен беру тәртібін әкiмшiлiк белгiлейдi.
36. Баланы тамақтандыруға қосымша үзiлiс берiлетiн сотталған әйелдердiң өндiрiм нормасы оларға белгiленген жұмыс күнiнiң ұзақтығына қарай, нарық өзгертiлмей анықталады.
37. Жүктi болуына және босануына байланысты жұмыстан босатылған сотталған әйелге ақы төленбейдi.
XVI. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың
айлық ақысынан ақша ұстау
38. Еңбекпен түзеу мекемелерiнде ұсталатын сотталғандардың айлық ақысынан мынадай ретпен:
- табыс салығы;
- орындау қағаздары бойынша кәмелетке толмаған және еңбек етуге қабiлетсiз кәмелетке толған балаларды, ата-аналар мен жұбайларды асырау үшiн;
- тамақтың құны (арнайы тамақтан басқа);
- киімнiң, iш киімнiң және аяқ киімнiң құны (арнайы киім мен аяқ киімнен басқа);
- басқа орындау қағаздары мен құжаттары бойынша;
- жазаны өтеу кезiнде сотталған адамның мемлекетке келтiрген материалдық залалына өтем жасау үшiн еңбекпен түзеу мекемесi бастығының қаулысымен ақша ұсталады.
ҚР Министрлер Кабинетінiң 02.08.95 ж. № 1069 қаулысымен 39-тармақ өзгертілді
39. Сотталғандардың өткен кезеңге есептелген айлықақысынан табыс салығы қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мөлшерде ұсталады.
40. Сотталғандардың айлықақысынан орындау қағаздары және басқа орындау құжаттары бойынша ақша ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
41. Жалпы, күшейтiлген, қатаң, ерекше режимдегi еңбекпен түзеу колонияларында, түрмелерде, сондай-ақ тергеу изоляторларында (шаруашылық қызмет көрсететiн жұмыста iстейтiндер) болған күндерi үшiн тамақтың құны ай сайын ұсталады.
Аурулығы бойынша жұмыстан босатылған сотталғандарға, сондай-ақ жүктi әйелдер мен баласы бар аналарға жұмыстан босатылған кезде тамақ тегiн берiледi.
Сотталған адамның күндiк тамағының құны тамаққа жұмсалған нақтылы айлық шығынның сомасын тамақтың орташа сметалық құнын оның айлық құнына бөлу және одан шыққан коэффициенттi әр норма бойынша тәулiк iшіндегі паектiң орташа сметалық құнына көбейту жолымен анықталады.
Тамаққа жұмсалған нақты шығын ай сайын анықталады және оған:
- сотталғандардың тамағына жұмсалған азық-түлiктiң нақтылы құны;
- тағамды дайындауға байланысты шыққан шығындар (отын, су, энергия, ас үй мүлiктерi мен құралдарының амортизациясы, асхана және ас үй жұмысшыларының, сондай-ақ азық-түлiктi сақтайтын және жеткiзiп тұратын жұмысшылардың айлықақысы, көлiк, азық-түлiк дайындау шығындары және т.б.) қосылады. Аталған шығындар тамақтың құнына үстеме шығындар түрiнде жатқызылады.
Жалақы алмауына немесе аз алуына байланысты сол айда ұсталмаған тамақтың құны келесi айларда ұсталмайды.
Есептi ай аяқталмай тұрып сотталғандармен есеп айырысқан жағдайда (босатқанда, тасымалдауда және т.б.) тамағы үшiн сотталған адамның еңбекпен түзеу мекемесiнде осы айда болған күндерiнiң санына қарай, тамақтың өткен айдағы орташа құны есебiмен ақша ұсталады.
42. Сотталғандарға арнайы киім мен аяқ киімнен басқа берiлетiн киім, iш киім үшiн оларды сатып алғандағы құны бойынша, мекемеде қалыптасқан үстеме шығындар ескерiлiп айлықақысынан ақша ұсталады.
Киім, iш киім және аяқ киімнiң құнын осы айда толық ұстауға сотталған адамның жалақысы жеткiлiксiз болса, берешегi толық өтелгенше келесi айларда ұсталып отырады.
ҚР Үкіметінің 09.08.96 ж. № 987 қаулысымен 43-тармақ өзгертілді
43. Еңбекпен түзеу қоныс-колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тамақ, киім-кешек жалпы негiзде ақы алынып берiлiп, коммуналдық тұрғын-үй және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетiледi. Дәрiгерлiк қызмет те жалпы негiзде жұмысшылар мен қызметкерлерге сияқты көрсетiледi.
Өзiне байланысты емес себептермен жұмыс iстемей, сол кезеңге айлықақы алмай жүрген сотталғандарға көрсетiлетiн аталған қызмет түрлерi сотталғандарды ұстаудың белгiленген нормалары бойынша еңбекпен түзеу қоныс-колонияларының сметасы есебiнен жүзеге асырылады.
Бұл адамдарға қамтамасыз етудiң заттай түрi орнына ақшалай өтем жасауға рұқсат етiледi.
Аурулығына байланысты жұмыс iстемейтiн қоныс-колонияларында ұсталатын сотталғандарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғаны үшiн жалпы ауруға шалдыққан кезде еңбекпен түзеу мекемесiнде ұстау сметасының есебiнен орташа айлықақының 25 процентi, кәсiби немесе еңбекте зақымданғаны үшiн - 100 процентi мөлшерiнде жәрдем ақы төленедi.
Еңбекпен түзеу қоныс-колонияларының бастығына, қажет болған жағдайларда, сотталғандарға 3 ай iшiнде төлеп бiтiретiн, мемлекет белгiлеген есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнде аванс беруiне рұқсат етiледi.
44. Кәмелетке толмаған сотталғандарға, сондай-ақ I-II-топтағы мүгедектерге тамақ, iш киім мен аяқ киім тегiн берiледi.
45. Жазаны өтеу кезiнде мемлекетке келтiрген залал үшiн сотталғандардың айлықақысынан Қазақ ССР-нiң еңбекпен түзеу кодексiнде белгiленген тәртiппен ақша ұсталады.
46. Жалпы, күшейтiлген, қатаң және ерекше режимдегi еңбекпен түзеу колонияларында, сондай-ақ түрмелерде ұстау режимiн бұзбаған және белгiленген тапсырманы немесе өндiрiм нормасын орындайтын сотталғандардың жеке шотына, ұсталатын барлық ақша сомаларына қарамастан айлықақысының кемiнде он процентi, ал I-II-топтағы режим бұзбайтын мүгедектерге - айлықақысының кемiнде 25 процентi аударылуға тиiс.
Еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұстау режимiн бұзбайтын сотталғандардың жеке шотына ұсталатын барлық ақша сомаларына қарамастан, айлықақысының кемiнде 45 процентi қосылуға тиiс.
Жазасын еңбекпен түзеу қоныс-колонияларында өтеп жүрген сотталғандарға, ұсталатын барлық ақша сомаларына қарамастан, айлықақысының кемiнде 50 процентi төлену керек.
47. Сотталған адамның айлықақысынан оның жеке шотына есептелетiн ең аз мөлшерiнiң тiзбесiн ай сайын отряд бастығы цех (учаске) бастығымен немесе аға шебермен (цехсыз жүйеде) бiрлесе отырып жасайды, оны еңбектi ұйымдастыру және айлықақы бөлiмiнiң бастығы (аға инженер) тексергеннен соң еңбекпен түзеу мекемесiнiң бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi.
48. Сотталғандардың айлықақысының ұсталған барлық ақша сомаларынан қалған бөлiгi сотталған адамның жеке шотына аударылады, олар бұл соманы ақшасыз есеп айырысу бойынша белгiленген тәртiппен пайдалана алады.
49. Жұмыстан қасақана жалтаратын сотталғандардан киімнiң, iш киімнiң және аяқ киімнiң құны еңбекпен түзеу мекемесi бастығының қаулысы негiзiнде жеке шотындағы қаражатынан ұсталады.