«Қазақстан Республикасында Жарылыс iсiн
жетiлдiру және үйлестiру туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1992 жылғы 5 тамыздағы № 658 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 763 қаулысы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 5, 6, 7-тармақтары күшін жояды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, министрлiктер мен ведомстволар қызметiн үйлестiру, кәсiпорындарды жарғыш материалдармен, арнайы көлiкпен, техникамен және жабдықтармен қамтамасыз етудi жақсарту, жарылыс жұмыстарын жүргiзген кезде қауiпсiздiктi көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетi (Мемкенқадағалауком) жанынан Жарылыс iсi жөніндегі Ведомствоаралық Кеңес құрылсын.
Ведомствоаралық Кеңеске шаруашылық қызметiнде жарғыш заттарды және жарылыс жұмыстарын механикаландыру құралдарын пайдалануға, сондай-ақ министрлiктер, ведомстволар, корпорациялар, концерндер және шаруашылық қызметтiң басқа да субъектiлерi үшiн жарылыс iсiн жетiлдiру мен жарылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде болатын апат пен өндiрiстiк жарақат алу себептерiн жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге байланысты мәселелер бойынша министрлiктер мен ведомстволардың қызметiн үйлестiру жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, Жарылыс iсi жөніндегі Ведомствоаралық Кеңестiң жеке құрамын жасақтасын және 1992 жылғы 15 қыркүйекке дейiн Ведомствоаралық Кеңестiң Ережесiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
3. Жарылыс iсi жөніндегі Ведомствоаралық Кеңестiң жұмысын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомының орталық аппаратына қосымша 3 адам берiлсiн.
4. Ведомствоаралық Кеңестiң шешiмi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, iшкi iстер министрлігі және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен басқа республиканың жарылыс жұмыстары жүргiзiлетiн, жарғыш заттар мен жарылыс жұмыстарын механикаландыру құралдарын дайындайтын, жарғыш заттарды тасымалдау және сақтау жұмыстарын жүзеге асыратын барлық министрлiктерi, ведомстволары, кәсiпорындары мен ұйымдары үшiн орындауға мiндеттi деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Көлiк құрылысы министрлігі, Көлiк министрлігі, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі, Ғылым және технология министрлігі, Ғылым академиясы, Мемкенқадағалаукомы және Монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстарының "Қазмонтажарнаулықұрылыс" мемлекеттік-акционерлік концернi республикада жарғыш материалдар өндiрiсiн, жарылыс жұмыстары үшiн арнайы жабдықтарды, аспаптар мен механикаландыру сериялы түрде шығару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды зерделеп, 1992 жылғы 1 қазанға дейiн Қазақстан Республикасының Мемэкономкомына тапсырсын.
Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы кәсiпорындарды жарғыш материалдармен қамтамасыз етудiң кешендегi бағдарламасын қалыптастырып, 1992 жылғы 15 қазанға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсырсын.
6. Құрылыс саласын басқару кестесіндегі өзгерiстердi, көлiк құрылысындағы бұрғылау-жару жұмыстарының үлес салмағының жоғарылығын және оның болашақтағы даму перспективасын ескере отырып, Мемлекеттік "Қазақжарылысөнеркәсiп" республикалық мамандандырылған бiрлестiгi Қазақстан Республикасының Көлiк құрылысы министрлігінiң құрамына енгiзiлсiн.
7. Қазақстан Республикасы Мемқадағалаукомының Өнеркәсiп министрлігі мен Мемлекеттік "Қазақжарылысөнеркәсiп" республикалық мамандандырылған бiрлестiгiнiң жарылыс жұмыстарын мемлекеттік басқару деңгейiн көтеру және республикадағы жарғыш заттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік "Қазақжарылысөнеркәсiп" республикалық мамандандырылған бiрлестiгiн "Жарылысөнеркәсiп" мемлекеттік-акционерлік концернi етiп қайта құру туралы ұсынысына қолдау көрсетiлсiн.
Көлiк құрылысы министрлігі, Мемлекеттік "Қазақжарылысөнеркәсiп" республикалық мамандандырылған бiрлестiгiн "Жарылысөнеркәсiп" мемлекеттік-акционерлік концернi етiп қайта құруды белгiленген тәртiппен iске асырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi