Халықтың табысы аз топтарына мемлекеттік қолдау жасау жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1992 ж. 8 шiлдедегі № 584 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Бағаның одан әрi ырықтандырылуы жағдайында халықтың табысы аз топтарының әлеуметтiк жағынан қорғалуын күшейту жөнiнде мақсатты әрi нысаналы саясат жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасының "Қосылған құнға салынатын салық туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Айына 1200 сомнан аспайтын зейнетақы алатын жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге 1992 жылғы шiлдеде 250 сом мөлшерiнде бiр мезгiлдiк төлемдер берiлсiн.
Осы аталған төлемдер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне де қолданылсын.
2. Материалдық жағдайына қарамастан балалы отбасыларына 1992 жылғы шiлдеде мына мөлшерлер негiзге алынып:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Бала туғанда берiлетiн бiр жолғы жәрдемақы, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы, жалғызiлiктi аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау мен төлеу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" 1992 жылғы 2 наурыздағы № 177 қаулысына сәйкес айына 3 жасқа дейiн - 433 сом, 3 жастан 18 жасқа дейiн - 317 сом бiрыңғай жәрдемақы төленсiн.
3. Бұдан былай белгiленген тәртiппен республикалық бюджет қаржыларынан өтелетiндей етiп, зейнетақы қорының есебiнен зейнеткерлерге - зейнетақы алатын жерлерiнде, балалы отбасыларына - аналары жұмыс iстейтiн жерлерде бiр апта мерзiмде өтемдер мен жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылсын.
4. Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес 1992 жылғы 8 шiлдедегi № 584 қаулысының 4 тармағының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ=ы, 1992 ж., № 28, 416-бап);
5. Ең төменгi зейнетақы мөлшерiнiң 1992 жылғы 1 тамыздан бастап 900 сомға дейiн өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігі уақтылы қайта есептеулер жасалып, қарттығы бойынша 900 сомнан кем болмайтын мөлшерде зейнетақылар төленуiн қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік банкінің бiрiншi кезекте зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiн қолға берiлетiн ақшамен қамтамасыз ететiнi еске алынсын.
7. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi