Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1997 жылғы 8 тамыздағы № 1243
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Республикада сұйытылған газды өндiрудiң бәсекелестiк рыногын құру және сату жөніндегі қабылданып жатқан шараларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
"Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қазандағы № 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 44, 474-құжат):
1-тармақтың үшiншi абзацындағы "мұнай өңдеу кәсiпорындарын" деген сөздер алынып тасталсын;
"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиясыздандыру және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулерi үшiн есеп айырысуды тәртiпке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 мамырдағы № 587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 20, 177-құжат):
1-тармақтың екiншi абзацындағы "және сұйытылған" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi