Қазақ ССР Министрлер Советінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 5 қазандағы № 1282 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 279 қаулысымен күші жойылды
"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы" Қазақ ССР Министрлер Советінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы № 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., № 5, 23-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
"Алматы облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Тамғалы кешені, Жамбыл ауданы,
қола заманы Қарабастау кентінен
4 шақырым жерде археология".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі