қаржылық есебiн бақылау - бақылау объектiлерi беретiн қаржы есептерiнiң дәлдiгiн, негiздiлiгiн және уақыттылығын бағалау;
тиiмдiлiгiн бақылау - республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатын пайдалану кезiнде бақылау объектiлерiнiң бюджеттік заңнамада белгiленген бюджет бағдарламаларының мақсаттарын орындау дәрежесін бағалау.
5. Жұмыстағы қайталануды және қосарлануды болдырмау үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылайтын органдардың арасында функциялар мен өкiлеттiлiктердi айқын шектеудi көздеу.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау кезiнде:
Есеп комитетi бақылаудың барлық үш түрiн жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдардан келетiн бақылау кесiмдерiн сараптайды және Қазақстан Республикасының Yкіметіне осы органдар жүзеге асыратын республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсынымдар жасайды. Осы негiзде Есеп комитетi қосымша бақылаулар жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік орган да бақылаудың үш түрi бойынша да ішкi бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелердегi белгіленген ведомстволық бақылауға баға бередi және тексеру материалдарын Есеп комитетiне бередi.
Жергiлiктi бюджеттердi бақылау кезiнде:
мәслихаттардың тексеру комиссиялары сыртқы бақылау жасайды және әкiмияттар уәкiлеттiк берген мемлекеттік органдар жүзеге асыратын iшкi бақылаудың тиiмдiлiгiне баға бередi;
Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік орган сәйкестілігiне сыртқы бақылауды жүзеге асырады;
әкiмияттар уәкілеттiк берген мемлекеттік органдар бақылаудың үш түрi бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын iшкi бақылауларға баға бередi және тексеру материалдарын жергiлiктi өкiлеттi органдарға бередi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын бақылау үшiн мемлекеттік органдарда ішкi бақылау қызметтерi құрылады.
Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылау органдарының қызметiне әдiстемелiк жетекшіліктi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылау органдарының қызметіне әдістемелік жетекшілікті Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілеттік берген мемлекеттік органы жүзеге асырады.
Халықаралық және азиялық INTOSAL және ASOSAI жоғарғы аудиторлық институттар ұйымдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мақсаттары мен мiндеттерi жақын ПРООН, Дүниежүзiлiк Банктiң және басқа да жобалар мен бағдарламаларды іске асырып жүрген халықаралық ұйымдармен байланыстарды ұлғайту және нығайту қажет. Бұл осы заманғы бақылау әдiстерiне, қажеттi ақпараттық ресурстарға жол ашуға, мемлекеттік қаржы бақылау органдары қызметкерлерiн оқыту және біліктілiгiн көтеру және белгiлi бiр дәрежедегi олардың техникалық қайта жарақталуы мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың мiндеттерi мен нәтижелерi туралы материалдар, әдiстемелiк, нормативтiк құқықтық және басқа да құжаттар жарияланған бюллетеньдердi жүйелi түрде шығарып отыруды ұйымдастыру қажет.
Алға қойылған мiндеттердiң ауқымдылығын ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды сапалық және сандық тұрғыдан одан әрi нығайту мәселелерiн жүргiзiлетiн жұмыстардың көлемiн, ауқымын және тереңдiгiн, тексерiлетiн объектiлердiң саны мен мерзiмдiлiгiн мұқият талдай отырып шешкен жөн.
Тұжырымдаманы іске асырудан күтiлетiн негiзгi нәтижелер ретiнде мыналарды бөлiп қарауға болады:
1. Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнiң атқарылуын бақылаудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру (2001 жылы Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын және қажет болған жағдайда басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау).
2. 2003 жылға дейiн халықаралық тәжiрибелердi ескере отырып, көрсетiлген бақылау жүйесiн қажеттi әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету.
3. 2004 жылға дейін республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерін құру.
4. 2007 жылға дейін Ұлттық Банктiң, қазынашылықтың, салық және кеден қызметтерінің, зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыз етуінің және басқа да ведомстволардың қолда бар және енгізіліп жатқан ақпараттық жүйелері негізінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы үшін жауап беретін мемлекеттік органдардың біріккен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесін құру және пайдалануға енгізу.