Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 тамыздағы № 1055 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
"271000270- Бензин физ.көлемі 2-қосымшаға 80 евро/1
271000360** (авиациялық- сәйкес тонна
тан басқа):
Саудада
жанама
салықтар
"шыққан елі"
принципі
бойынша
салынатын,
Тәуелсіз физ.көлемі 2000 теңге/
Мемлекеттер 1 тонна"
Достастығына
мүше
мемлекеттерге
экспортталатын
бензиннен
басқа "
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"271000270- Бензин физ.көлемі 2-қосымшаға 31 евро/
271000360** (авиациялық- сәйкес 1 тонна
тан басқа):
Саудада
жанама
салықтар
"шыққан елі"
принципі
бойынша
салынатын,
Тәуелсіз физ.көлемі 2000 теңге/
Мемлекеттер 1 тонна"
Достастығына
мүше
мемлекеттерге
экспортталатын
бензиннен
басқа ".
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының, қаулының 1-тармағында көрсетілген, акцизделуге жататын тауарларға арналған акциздер ставкаларын өзгертуі туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі