Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 802 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім тапсырысының негізінде жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 143-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 2, 3, 4, 5, 6-тармақтар алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Жоғары оқу орындарына студенттер қабылдаудың жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы Білім және ғылым бірінші вице-министрі;
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім бірінші вице-министрі;
Қанаев - Қазақстан Республикасының
Серікжан Зиянданұлы Білім және ғылым министрлігі
Әкімшілік департаментінің
директоры;
ал:
"Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім вице-министрі
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Білім және ғылым министрі,
төраға";
көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Досым Қасымұлы Сүлеев және Ерлан Мұхтарұлы Арын шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі