Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 маусымдағы № 890 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Сақтандыру қызметі туралы» , «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
осы қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 21-жолдың 3-бағанындағы:
«Банк қызметі» деген сөздерден кейін», банк қызметінің аудиті,»деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Өмірді сақтандыру» саласындағы және «жалпы сақтандыру» саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөніндегі қызмет, сақтандыру брокерлерінің қызметі, сақтандыру рыногындағы актуарийлік қызмет, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті»;
реттік нөмірі 31-жолдың 3-бағанындағы «банктік қызметтің» деген сөздерден кейін «және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі