Қырғыз Республикасынан цемент импорты кезінде демпингке қарсы
уақытша баж енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 10 мамырдағы № 620 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды
"ДемпингкеЄқарсы шаралар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес, отандық және шетелдік цемент өндірушілердің арасында ішкі рынокта тең бәсекелестік жағдай жасау мақсатында, жүргізіліп жатқан анықтауды ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шығарған елі Қырғыз Республикасы болып табылатын цемент импортына (ТМД СЭҚ ТН 252310000 - 252390900 коды) кедендік құнының 67,3 пайызы мөлшерінде 2001 жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімге демпингке қарсы баж уақытша енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағына сәйкес мөлшерде және шарттармен кеден органының депозитіне тиесілі ақша сомаларының енгізілуі және (немесе) Қазақстан Республикасы уәкілетті банкінің кепілдігі берілуі түрінде демпингке қарсы уақытша баждың төленуін қамтамасыз етіп, әкелінетін цементтің кедендік ресімделуін жүргізсін;
2) демпингке қарсы уақытша баж енгізілген тауардың импортын есепке алуды жүргізсін;
3) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитетіне ай сайын, есепті кезеңнің 10-күнінен кешіктірмей оған қатысты анықтау жүргізіліп жатқан және демпингке қарсы уақытша баж енгізілген тауар импорты туралы мәліметтерді тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Демпингке қарсы бақылау жөніндегі комитетіне:
1) демпингке қарсы уақытша бажды енгізудің орындылығы туралы түпкілікті қорытынды шығару үшін демпингке қарсы анықтау рәсімін 2001 жылдың 15 қазанынан кешіктірмей аяқтасын;
2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитеті мен Қырғыз Республикасын осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тауар импортына қатысты Қазақстан Республикасының демпингке қарсы уақытша баж енгізгені туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі