2001 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға жатататын су
шаруашылығы объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 наурыздағы № 424 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
"2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1950 қаулысының 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2001 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға жататын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 59 "республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдалану, суағарлар құрылысын салу және қайта жаңарту" бағдарламасының 31 "Суағарлар құрылысын салу және қайта жаңарту" кіші бағдарламасы бойынша су шаруашылығы объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 31 наурыздағы
№ 424 қаулысымен бекітілген
2001 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға
жататын Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің 59 "Республикалық маңызы бар су шаруашылығы
объектілерін пайдалану суағарлар құрылысын салу және қайта жаңарту"
бағдарламасының 31 "Суағарлар құрылысын салу және қайта жаңарту"
кіші бағдарламасы бойынша су шаруашылығы объектілерінің
Тізбесі
Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.26. № 1703 қаулысымен.
млн.теңге
_________________________________________________________________________
№ ! Объектінің атауы мен орналасқан жері ! Жоспар
р/с!
_________________________________________________________________________
1 Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры мен оған қосылатын тармақ.
тарын салу, Қызылорда облысы 30.0
_________________________________________________________________________
2 Жиделі топтық су құбыры мен оған қосылатын тармақтарын
салу, Қызылорда облысы 20.0
_________________________________________________________________________
3 Октябрь топтық су құбырын қайта жаңарту,
Қызылорда облысы 8.0
_________________________________________________________________________
4 Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту,
Ақмола облысы 20.0
_________________________________________________________________________
5 Көкшетау өнеркәсіптік су құбырын қайта жаңарту және
Шортанды қаласына дейінгі учаскесін салу, Ақмола облысы 100.0
_________________________________________________________________________
6 Булаев топтық су құбырын қайта жаңарту, Солтүстік Қазақстан
облысы 18.0
_________________________________________________________________________
7 Есіл топтық су құбырын қайта жаңарту, Солтүстік Қазақстан
облысы 17.0
_________________________________________________________________________
8 Сергеев су торабын қайта жаңарту, Солтүстік Қазақстан
облысы 37.0
_________________________________________________________________________
9 Уәлиханов және Ақжар аудандарының елді мекендерін сумен
жабдықтау, Солтүстік Қазақстан облысы 8.0
_________________________________________________________________________
10 Ырғыз топтық су құбырын қайта жаңарту, Ақтөбе облысы 21.0
_________________________________________________________________________
11 Индер-Миялы суағарын қайта жаңарту, Атырау облысы 25.0
_________________________________________________________________________
12 Абай ауданындағы Қасқабұлақ, Медеу ауылдарының су құбырлары
тораптарын қайта жаңарту, Шығыс Қазақстан облысы 7.0
_________________________________________________________________________
13 Қарағайлы кентіндегі су құбырлары тораптарын қайта жаңарту,
Қарағанды облысы 15.0
_________________________________________________________________________
14 Шәуілдір топтық су құбырын салу, Оңтүстік Қазақстан облысы 20.0
_________________________________________________________________________
15 Арыс топтық су құбырын салу, Оңтүстік Қазақстан облысы 25.0
_________________________________________________________________________
16 Лихачев топтық су құбырын салу, Қостанай облысы 44.0
_________________________________________________________________________
17 Ұзынкөл су құбырын салу, Қостанай облысы 6.0
_________________________________________________________________________
18 Сумен қамтамасыз ету объектілерін қайта жаңарту, Ембі қаласы,
Ақтөбе облысы 18.5
Жиыны 439.5