Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 наурыздағы № 422 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., 56-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "271000270- Бензин физ.көлемі 271000360** (авиациялықтан басқа): 2-қосымшаға 0 Саудада жанама сәйкес салықтар "шыққан елі" принципі бойынша алынатын, Тәуелсіз Мемлекеттер физ. 2000 теңге/ Достастығына мүше көлемі 1 тонна мемлекеттерге экспортталатын бензиннен басқа " деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "271000270- Бензин физ.көлемі 80 евро/ 271000360** (авиациялықтан басқа): 2-қосымшаға 1 тонна Саудада жанама салықтар "шыққан елі" принципі бойынша алынатын, Тәуелсіз Мемлекеттер физ. 2000 теңге/ Достастығына мүше көлемі 1 тонна мемлекеттерге экспортталатын бензиннен басқа
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының осы қаулының 1-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларға арналған акциздерге ставкаларын өзгертуі туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі