Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 шілдедегі № 931 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 397 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік қала құрылысының кадастры туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 шілдедегі № 931 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-і, 1995 жыл, № 23, 266 құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта "2000" деген саны "2003" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі