Астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу
жөніндегі бухгалтерлiк есептiң ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 наурыздағы № 330 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/399 бұйрығын қараңыз
«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттiң өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөніндегі бухгалтерлiк есептiң ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 5 наурыздағы
№ 330 қаулысымен
бекітілген
Астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттiң өзiнiң
қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу
жөніндегі бухгалтерлiк есептiң
ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер астықтың мемлекеттік ресурстарымен және астықтың мемлекеттік ресурстарын басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын агенттiң (бұдан әрi - агент) өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөніндегі бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң тәртібін белгiлейдi.
2. Агент бухгалтерлiк есептi (бұдан әрi - есеп) Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлiк есеп жүргiзу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 заң күшi бар Жарлығына, бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң стандарттарына, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы № 6 қаулысымен бекітілген Субъектiлердiң қаржылық-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiн жүргiзу есептерiнiң бас жоспарына (бұдан әрi - Бас жоспар) және осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiң астықтың мемлекеттік ресурстарын (бұдан әрi - мемлекеттік ресурстар) басқару жөніндегі операцияларының есебiн жүргiзу есеп тiркелiмдерiнiң екi жинағын жүргiзе отырып, өзiнiң қаржылық-шаруашылық қызметi бойынша операциялардан оқшау жүзеге асырылады.
4. Өзiнiң қаржылық-шаруашылық қызметi бойынша есептi агент бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік ресурстармен операциялар бойынша есеп жүргiзу бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес төменде келтiрiлген талаптарды орындай отырып, жүзеге асырылады.
5. Агент мемлекеттік ресурстарды басқару жөніндегі шаруашылық операцияларын қосарланған жазбаның негiзiнде есепте көрсетедi және Бас жоспардың есептерiне қосалқы шотты 1-қосымшаға сәйкес және 2-қосымшаны ескере отырып, пайдаланады.
6. Осы Ережелердi қолдану мақсаты үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттiң негiзгi қызметi - өз қызметiнiң шегiнде астықтың мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, жаңарту және сату жөніндегі қызмет;
2) агенттiң негiзгi емес қызметi - астықтың мемлекеттік ресурстарын басқарумен байланысты, заңдармен тыйым салынбаған агенттiң өзге қызметi;
3) арнайы шоттар - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық органдарында агентке ашылған және уәкiлеттi мемлекеттік органның бақылауында болатын шоттар;
4) № 1 арнайы шот - мемлекеттік ресурстардың астығын сатып алуға арналған бюджеттiң ақшасы түсетiн арнайы шот;
5) № 2 арнайы шот - мемлекеттік ресурстардың сатылған астығы үшiн алынған ақша жинақталатын арнайы шот;
6) № 3 арнайы шот - азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервiн сақтауға арналған бюджеттiң ақшасы түсетiн арнайы шот;
7) астықтың мемлекеттік ресурстарын басқару - уәкiлеттi мемлекеттік органмен шарттың негiзiнде астықтың мемлекеттік ресурстарын агенттiң қалыптастыруы (сатып алуы), сақтауы, жаңартуы, пайдалануы және сатуы.
7. Жылдық қаржылық есеп беру үшiн 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейiнгi күнтiзбелiк жыл есеп беру кезеңi болып табылады. Жылдық қаржылық есеп беруге қосымша уәкiлеттi мемлекеттік органға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тоқсандық есеп берiледi.
2. Кiрiстердiң есебi
8. Ұйымның негiзгi және негiзгi емес қызметiнен алынған кiрiстер оның астықтың мемлекеттік ресурстарымен операциялардан алынған жиынтық кiрiсiн құрайды.
9. Агенттiң негiзгi қызметiнен алынатын кiрiс мемлекеттік ресурстарды сатумен байланысты кiрiс болып табылады.
10. Агенттiң негiзгi емес қызметiнен алынатын кiрiске:
азық-түлiктiк астықтың резервiн сақтауға арнап республикалық бюджеттен бөлiнген субсидиялар;
берiлген тауарлық несиелер үшiн сыйақы;
банктердегi депозиттер бойынша сыйақы;
мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
бағамдық айырмадан алынған кiрiстер;
өзге де кiрiстер жатады.
11. Кiрiстердiң есебi қосып есептеу әдiсiнiң негiзiнде мынадай шоттарда жүргiзiледi:
702 «Мемлекеттік ресурстарды сатудан алынған кiрiс»;
724 «Пайыздар түріндегі кiрiстер»;
725 «Бағамдық айырмадан алынған кiрiс»;
726 «Республикалық бюджеттен субсидиялар»;
727 «Негiзгi емес қызметтен алынған өзге кiрiстер».
Бұл ретте 702-шотқа мемлекеттік ресурстардың түрлерi бойынша қосымша шоттар ашылады.
3. Шығыстардың есебi
12. Мемлекеттік ресурстармен операциялар жөніндегі шығыстар мыналардан тұрады:
сатылған астықтың өзiндiк құны;
сақтауға жұмсалған шығыстар;
сату бойынша шығыстар;
комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар;
сатудың таза құнына дейiнгi тауарлық-материалдық қорларды есептен шығарудың шығыстары;
бағамдық айырма бойынша шығыстар;
табыс салығы бойынша шығыстар;
өзге де шығыстар;
дүлей зiлзалалар кезіндегі шығыстар.
13. Шығыстар мынадай жинақтамалы және талдамалы шоттарға қосып есептеу әдiсiнiң негiзiнде есептеледi:
802 «Сатылған мемлекеттік ресурстардың өзiндiк құны»;
811/1 «Мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша шығыстар»;
811/2 «Мемлекеттік ресурстарды сату бойынша шығыстар»;
821 «Комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар»;
844 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»;
845 «Негiзгi емес қызмет бойынша өзге де шығыстар»
851 «Табыс салығы бойынша шығыстар»;
861 «Дүлей зiлзалалардан болған, өтемақы төленбейтiн залалдар»;
862 «Дүлей зiлзалалардан болған кiрiстер (шығындар)».
Бұл ретте 802, 811/1, 811/2 және 821-шоттарға кейiнгi тәртiптiң талдамалы шоттары (қосымша шоттар) астықтың мемлекеттік ресурстарының түрлерi бойынша ашылады.
4. Тауарлық-материалдық қорлардың есебi
14. Тауар-материалдық қорлар:
азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервiнен, жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстарынан, тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарынан, астықтың мемлекеттік сату ресурстарынан тұрады.
15. Мемлекеттік ресурстар тауар ретiнде, «Мемлекеттік ресурстар» 222-шотында мынадай қосымша шоттар ашылып есептеледi:
222/1 «Азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервi»,
222/2 «Жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстары»,
222/3 «Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары»,
222/4 «Астықтың мемлекеттік сату ресурстары».
16. Астықтың өзiндiк құнына сатып алуға, көлiк-дайындау шығыстарына және астықты сатып алу мен сақтау орнына жеткізуге байланысты жұмсалған өзге де шығыстар енгiзiледi.
Сатып алынған астық өзiндiк құн бойынша есепке алынады.
17. Тауарлық-материалдық қорларды сатудың таза құны олардың өзiндiк құнынан төмен болған жағдайда, өзiндiк құнды тиiстi айырманың сомасына ішiнара есептен шығару жүргiзiледi. Осы операция 802 шотына тиiстi қосымша шоттардың дебетi және 222 шоттың тиiстi Қосымша шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi.
Сатудың таза құны әдеттегi шаруашылық қызметiнiң барысындағы болжамды сату бағасынан оларды сатуды, жинақтау мен ұйымдастырудың шығындары шегерiлген сомаға тең.
18. Мемлекеттік ресурстардың өзiндiк құнын бағалау ФИФО әдiсi бойынша жүргiзiледi. ФИФО әдiсiмен бағалау кезiнде алғашқы сатып алынған ресурстардың құны бiрiншi кезекте есептен шығарылады.
19. Сатылатын мемлекеттік ресурстардың өзiндiк құны оған байланысты кiрiс танылған есептi кезеңдегi шығыс ретiнде танылады.
Өтеусiз негiзде (қайырымдылық көмек) астық босатылған жағдайда, өзiндiк құн астық қоры әкетiлген есептiк кезеңдегi шығыс ретiнде танылады.
Сатудың таза құнына дейiнгi кез келген есептен шығару сомасы және мемлекеттік ресурстардың бүкiл ысырапты есептен шығару жүргiзiлген немесе шығын келген кезеңнiң бойындағы шығыс ретiнде танылады.
Сатудың таза құнын арттырудың нәтижесiнде мемлекеттік ресурстарды сатудың таза құнына дейiн бұрын есептен шығарылған құнды қалпына келтiру сомасы арттыру жүргiзiлген есептi кезеңде сатылған мемлекеттік ресурстардың өзiндiк құнын төмендету ретiнде танылады. Осы операция 802-шотқа тиiстi қосымша шоттардың дебетi және 222-шотқа тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша қызыл сторно әдiсiмен көрсетiледi.
20. Азық-түлiктiк астықтың резервiн, жемдiк және тұқымдық астықтың ресурстарын астықтың сату ресурстары есебiнен толықтыру кезiнде 222/1, 222/2, 222/3-қосымша шоттардың дебетi және 222/4-қосымша шоттың кредитi бойынша жазба жазылады. Азық-түлiктiк астықтың резервiн, жемдiк және тұқымдық астықтың ресурстарын астықтың сату ресурстары есебiнен жаңарту кезiнде 222/1, 222/2, 222/3-қосымша шоттардың дебетi және 222/4-қосымша шоттың кредитi бойынша азық-түлiктiк резервке, жемдiк және тұқымдық ресурстарға түскен астық құнының сомасына жазба жазылады. Бұл ретте, сонымен бiр мезгiлде азық-түлiктiк астықтың резервiне, жемдiк және тұқымдық ресурстардан астықтың сату ресурстарына әкетiлетiн астықтың сомасына 222/4-қосымша шоттың дебетi және 222/1, 222/2, 222/3-қосымша шоттардың кредитi бойынша жазба жазылады.
21. Астықты сақтау бойынша қызметтер көрсетуге ақыны заттай нысанда төлегенде мынадай жазбалар жүргiзiледi:
«Алынатын шоттар» 301-шотқа қосымша шоттардың (мемлекеттік ресурстардың түрлерi бойынша) дебетi және 702-шотқа тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша - мемлекеттік ресурстарды сақтау жөніндегі шығыстарға жатқызылған сомаға;
301-шотқа тиiстi қосымша шоттардың дебетi және «Қосымша құн салығы» 633-шоттың кредитi бойынша - қосымша құн салығының сомасына;
802-шотқа қосымша шоттардың дебетi және тауар-материалдық қорлардың есебiн жүргiзудiң тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша есептен шығарылатын тауарлық-материалдық қорлардың өзiндiк құнының сомасына;
«Мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша есептеулер» 671/2-шоттың дебетi және 301-шотқа тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша - мемлекеттік ресурстарды сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар берген шоттардың сомасына.
5. Ақшаның есебi
22. Ақша «Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақша» 423-шотында, мынадай қосымша шоттар ашылып, есепке алынады:
423/1»№ 1 арнайы шоттағы қолма-қол ақша»;
423/2»№ 2 арнайы шоттағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша»;
423/3»№ 2 арнайы шоттағы шетелдiк валютадағы қолма-қол ақша»;
423/4»№ 3 арнайы шоттағы қолма-қол ақша».
23. Аванстық төлемдер жүзеге асырылған кезде «Мемлекеттік ресурстарды жеткізуге берiлген аванстар» 351, «Жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге берiлген аванстар» 352-шоттарға тиiстi қосымша шоттардың дебетi және 423-шотқа тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
Сатылатын мемлекеттік ресурстар үшiн аванстық төлемдер түскенде, 423/2, 423/3-қосымша шоттардың дебетi және «Мемлекеттік ресурстарды жеткізуге берiлген аванстар» 661-шотына тиiстi қосымша шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
24. Республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде астық сатып алу бойынша шығыстарды төлеуге арнап көзделген ақшаның түсуi 423/1-қосымша шоттарының дебетi және «Астық сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу» 687/1-қосымша шоттарына мынадай реттегi талдамалы шоттардың кредитi бойынша көрсетiледi.
Республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнде астықты сақтау бойынша шығыстарды төлеуге арнап көзделген ақшаның түсуi 423/4-қосымша шоттарының дебетi және «Республикалық бюджеттен субсидиялар бөлу» 726-шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
Республикалық бюджетке ақшаны аударғанда 687/1, 687/3-қосымша шоттарының дебетi және 423/2-қосымша шотының кредитi бойынша жазба жазылады.
25. Уақытша бос ақшаны мемлекеттік бағалы қағаздарға және банктердегi депозиттерге орналастыру мынадай шоттарда есепке алынады: 402 «Облигациялар», 403 «Басқа да қаржылық инвестициялар».
Ақшаны көрсетiлгендей орналастыру кезiнде 402 «Облигациялар» және 403 «Басқа да қаржылық инвестициялар» шоттарының дебетi және 423-шоттың қосымша шоттарының кредитi бойынша жазба жазылады.
26. Бағалы қағаздарға және банктердегi депозиттерге орналастырылған ақшаның есебiн агент «Қаржылық инвестициялардың есебi» 8-бухгалтерлiк есептiң стандартына сәйкес жүргiзедi.
6. Дебиторлық берешектiң есебi
27. Дебиторлық берешек мыналарға бөлiнедi:
сатылған мемлекеттік ресурстар бойынша дебиторлық берешек;
тауарлық несие бойынша дебиторлық берешек;
өндiрiп алынатын қосылған құнға салынатын салық;
келешектегi кезеңдердiң шығыстары;
мемлекеттік ресурстарды жеткізуге берiлген аванстар;
жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге берiлген аванстар;
банктердегi мемлекеттік құнды қағаздар мен депозиттер бойынша пайыздар бойынша берешек;
өзге дебиторлық берешек.
28. Дебиторлық берешек мынадай жинақтамалы және талдамалы шоттарда ескерiледi:
301 «Алынатын шоттар»;
334/1 «Тауарлық несие бойынша берешек»;
334/2 «Өзге берешек»;
343 «Келешектегi кезеңдердiң шығыстары»;
331 «Өндiрiп алынатын қосылған құнға салынатын салық»;
332 «Есептелген пайыздар»;
351 «Астық жеткiзiп беруге берiлген аванстар»;
352 «Жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге берiлген аванстар».
7. Мiндеттемелердiң есебi
29. Агенттiң мiндеттемелерi мыналарға бөлiнедi:
сатып алынған мемлекеттік ресурстар бойынша жеткізушiлер алдындағы мiндеттемелер;
мемлекеттік ресурстарды сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы мiндеттемелер;
мемлекеттік ресурстарды сатуға байланысты шығыстар бойынша мiндеттемелер;
астықтың мемлекеттік азық-түлiк резервiн сатып алуға алынған қаражат бойынша республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелер;
республикалық бюджетке аударуға жататын таза кiрiс бойынша республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелер, комиссиялық сыйақы бойынша мiндеттемелер;
келешектегi кезеңдердiң кiрiстерi;
қосылған құнға салынатын салық бойынша бюджет алдындағы мiндеттемелер;
заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша бюджет алдындағы мiндеттемелер;
мемлекеттік ресурстарды жеткізуге алынған аванстар;
өзге кредиторлық берешек.
30. Мiндеттемелер мынадай жинақтамалы және талдамалы шоттарда ескерiледi:
671/1 «Мемлекеттік ресурстарды жеткізушiлермен есеп айырысу»;
671/2 «Мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша есеп айырысу»;
671/3 «Мемлекеттік ресурстарды сатуға байланысты қызметтер бойынша есеп айырысу»;
687/1 «Мемлекеттік ресурстарды сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу»;
687/2 «Комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу»;
687/3 «Таза кiрiстi бюджетке аудару бойынша мiндеттемелер»;
611 «Келешектегi кезеңдердiң кiрiстерi»;
631 «Төлемге салынатын ағымдағы табыс салығы»;
633 «Қосылған құнға салынатын салық»;
661 «Мемлекеттік ресурстарды жеткізуге алынған аванстар»;
687/4 «Өзге кредиторлық берешек»;
31. Мемлекеттік ресурстарды қоймаларға кiрiске алған кезде мемлекеттік ресурстардың түрлерi бойынша келесi реттiк шоттар аша отырып, 222-шотқа тиiстi қосалқы шоттардың дебетi және 671/1 «Мемлекеттік ресурстарды жеткізушiлермен есеп айырысу» қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
Бiр мезгiлде, қосылған құнға салық сомасына 331 «Өтеуге арналған қосылған құнға салынатын салық» шотының дебетi және 671/1-қосалқы шотқа келесi реттiк талдамалы шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
Сатып алынатын мемлекеттік ресурстар үшiн ақы төлеу 671/1-қосалқы шотқа келесi тәртiптегi талдамалы шоттардың дебетi және 423/1-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
32. Сақтау бойынша қызметтер көрсету шамасына қарай мемлекеттік ресурстардың түрлерi бойынша келесi ретпен шоттар аша отырып, 811/1 «Мемлекеттік ресурстарды сақтау жөніндегі шығыстар» қосалқы шоттың дебетi және 671/2 «Мемлекеттік ресурстарды сақтау жөніндегі есеп айырысулар» қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Бiр мезгiлде қосылған құнға салынатын салық сомасына 331-шоттың дебетi және 671/2-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
Сақтауды жүзеге асыратын ұйымдарға ақша аударған кезде 671/2 қосалқы шотқа келесi ретпен талдамалы шоттардың дебетi және 423/2, 423/4 қосалқы шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
33. Астық сатуға байланысты көлiктiк шығыстар сияқты және басқа шығыстарды жұмсағанда 811/2 «Мемлекеттік ресурстарды сату жөніндегі шығыстар» қосалқы шотының дебетi және 671/3 қосалқы шотының немесе 423/2 қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Бiр мезгiлде қосылған құнға салынатын салық сомасына 331-шоттың дебетi және 671/3-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
34. Мемлекеттік ресурстарды сатқан кезде 821 «Комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебетi және 687/2 «Комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу» қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiлетiн комиссиялық сыйақы бойынша шығыстар есептеледi. Бiр мезгiлде қосылған құнға салынатын салық сомасына 331-шоттың дебетi және 687/2-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
Комиссиялық сыйақы бойынша берешектi өтеуге ақша аудару 687/2-қосалқы шоттың дебетi және 423/2-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
35. Қосылған құнға салынатын салықты есептеу 633-шоттың дебетi және 331-шоттың кредитi бойынша көрсетiледi. Қосылған құнға салынатын салықты төлеу 633-шоттың дебетi және 423/2-шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу 851 «Табыс салығы бойынша шығыстар» шотының дебетi және 631 «Төлеуге арналған ағымдағы табыс салығы» шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Табыс салығын төлеу 631-шоттың дебетi және 423/2-шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
8. Шетел валютасындағы операциялардың есебi
36. Мемлекеттік ресурстармен байланысты шетел валютасындағы операциялардың есебiн агент 9 «Шетел валютасындағы операциялардың есебi» бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес жүргiзедi.
9. Қорытынды кiрiс (залал)
37. Қорытынды кiрiс не залал 571 «Қорытынды кiрiс (залал)»шотында көрсетiледi.
38. Есептi кезеңнiң соңында VIII «Шығыстар» бөлiмiнiң тиiстi шоттарында көрсетiлген шығыстар 571 «Қорытынды кiрiс (залал)»шотының дебетiне жатады. 571-шоттың кредитiне VII «Кiрiстер» бөлiмiнiң тиiстi шоттарында көрсетiлген кiрiстер жатады. 571 «Қорытынды кіріс (залал)»шоты бойынша дебеттiк және кредиттiк айналымдарды салыстыру 561 «Есептi жылдың бөлiнбеген кiрiсi (өтелмеген залалы)»шотына көшiрiлетiн таза кiрiстiң (залалдың) сомасын анықтайды.
39. Таза кiрiс қалыптасқан кезде республикалық бюджетке аударылуға жататын сома 561-шоттың дебетi және 687/3 «Таза кiрiстi бюджетке аудару жөніндегі мiндеттемелер» қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
40. Астықтың мемлекеттік ресурстарымен операциялар бойынша есептiлiк астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша есептi, астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша шаруашылық туралы есептi, астықтың мемлекеттік ресурстарымен жасалатын операциялар бойынша ақша қозғалысы туралы есептi, астықтың мемлекеттік ресурстарының қозғалысы туралы есептi, астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша дебиторлық берешек туралы мәлiметтердi, астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша кредиторлық берешек туралы мәлiметтердi (3, 4, 5, 6, 7, 8-қосымшалар) қамтиды.
41. Мемлекеттік ресурстармен жасалатын операциялар жөніндегі есептiлiктi агент мемлекеттік уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне есептi тоқсаннан кейiнгi келесi айдың 15-не дейiнгi мерзiмде әр тоқсанның қорытындылары бойынша, сондай-ақ есептi жылдан кейiнгi келесi жылғы 30 наурызға дейiн есептi жылдың қорытындылары бойынша бередi.
Ережеге 1-қосымша
Астықтың мемлекеттік ресурстарымен
жұмыс жөніндегі талдамалы есеп
шоттарының тiзбесi
1. 222 «Астықтың мемлекеттік ресурстары» 222/1 «Азық-түлiк астығының мемлекеттік резервi» 222/2 «Жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстары» 222/3 «Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары» 222/4 «Астықтың мемлекеттік сату ресурстары»
2. 301 «Алуға берiлетiн шоттар» 301/1 «Азық-түлiк астығының резервтерi бойынша алуға берiлетiн шоттар» 301/2 «Астықтың жемдiк ресурстары бойынша алуға берiлетiн шоттар» 301/3 «Астықтың тұқымдық ресурстары бойынша алуға берiлетiн шоттар» 301/4 «Астықты сату ресурстары бойынша алуға берiлетiн шоттар»
3. 331 «Өтелуге тиiс қосылған құнға салынатын салық»
4. 332 «Есептелген пайыздар»
5. 334 «Басқа дебиторлық берешек» 334/1 «Тауарлай несие бойынша берешек»
334/1/1 «Азық-түлiк астығы резервiнен несиесi бойынша берешек»
334/1/2 «Жемдiк астықтың ресурстарынан несиесi бойынша берешек»
334/1/3 «Тұқымдық астықтың ресурстарынан несиесi бойынша берешек»
334/1/4 «Астықтың сату ресурстарының несиесi бойынша берешек» 334/2 «Басқа дебиторлық берешек»
6. 343 «Болашақтағы кезеңдерге арналған шығыстар»
7. 351 «Мемлекеттік ресурстарды жеткізу бойынша берiлген аванстар» 351/1 «Азық-түлiк астығының мемлекеттік резервiне астық жеткiзiп беруге берiлген аванстар» 351/2 «Жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстарын жеткiзiп беруге берiлген аванстар» 351/3 «Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын жеткiзiп беруге берiлген аванстар» 351/4 «Астықтың мемлекеттік сату ресурстарын жеткiзiп беруге берiлген аванстар»
8. 352 «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшiн берiлген аванстар»
9. 402 «Облигациялар»
10. 403 «Басқа қаржылық инвестициялар»
11. 423 «Банктердегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақша»
423/1»№ 1 арнайы шоттағы қолма-қол ақша»
423/2»№ 2 арнайы шоттағы қолма-қол ақша»
423/3»№ 2 арнайы валюталық шоттағы қолма-қол ақша»
423/4»№ 3 арнайы шоттағы қолма-қол ақша»
12. 561 «Бөлiнбеген табыс (жабылмаған залал)»
13. 571 «Жиынтық табыс (залал)»
14. 611 «Алдағы кезеңдер табыстары»
15. 631 «Табыс салығы»
16. 633 «Қосылған құнға салынатын салық»
17. 661 «Мемлекеттік ресурстарды жеткiзiп беруге алынған аванстар» 661/1 «Азық-түлiк астығының мемлекеттік резервiне астық жеткiзiп беруге алынған аванстар» 661/2 «Жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстарын жеткiзiп беруге алынған аванстар» 661/3 «Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын жеткiзiп беруге алынған аванстар» 661/4 «Астықтың мемлекеттік сату ресурстарын жеткiзiп беруге алынған аванстар»
18. 671 «Жеткізушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу» 671/1 «Мемлекеттік ресурстарды жеткізушiлермен есеп айырысу»
671/1/1 «Азық-түлiк астығының мемлекеттік резервi бойынша жеткізушiлермен есеп айырысу»
671/1/2 «Жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша жеткізушiлермен есеп айырысу»
671/1/3 «Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары бойынша жеткізушiлермен есеп айырысу»
671/1/4 «Астықтың мемлекеттік сату ресурстары бойынша жеткізушiлермен есеп айырысу» 671/2 «Мемлекеттік ресурстарды сақтау бойынша есеп айырысу»
671/2/1 «Азық-түлiк астығының мемлекеттік резервiн сақтау бойынша есеп айырысу»
671/2/2 «Жемдiк астықтың мемлекеттік резервiн сақтау бойынша есеп айырысу»
671/2/3 «Тұқымдық астықтың мемлекеттік резервiн сақтау бойынша есеп айырысу»
671/2/4 «Астықтың мемлекеттік сату ресурстарын сақтау бойынша есеп айырысу» 671/3 «Мемлекеттік ресурстарды өткізумен байланысты қызметтер бойынша есеп айырысу»
19. 687 «Басқа кредиторлық берешек» 687/1 «Мемлекеттік ресурстарды сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу»
687/1/1 «Азық-түлiк астығының мемлекеттік резервiн сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу»
687/1/2 «Жемдiк астықтың мемлекеттік резервiн сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу»
687/1/3 «Тұқымдық астықтың мемлекеттік резервiн сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу»
687/1/4 «Астықтың мемлекеттік сату ресурстарын сатып алу бойынша бюджетпен есеп айырысу» 687/2 «Комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу»
687/2/1 «Азық-түлiк астығының мемлекеттік резервiнiң астығын өткізуден түскен комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу»
687/2/2 «Жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстарын өткізуден түскен комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу»
687/2/3 «Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын өткізуден түскен комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу»
687/2/4 «Астықтың мемлекеттік сату ресурстарын өткізуден түскен комиссиялық сыйақы бойынша есеп айырысу» 687/3 «Таза табысты бюджетке аудару жөніндегі мiндеттемелер» 687/4 «Басқа кредиторлық берешек»