«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы
№ 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1439 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы ережедегi:
3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бүкiл кезең бойы тиiстi кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға лицензия беру үшiн лицензиялық алым қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша лицензия беру сәтiне бiр жолғы тәртiпте жүзеге асырылады.".
6-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі