Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы №
137 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1275 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетiн тауарларға және құмар ойын бизнесiне арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 56-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1) "Бальзамдар физ.көлемі 50 теңге/ 1,7 евро/
(сыйымдылығы 0,I 1 литр 1 литр
литрден кем тұтынушы
ыдысына құйылған және
Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес
емдiк құрал ретiнде тiркелген
бальзамдардан басқа) "
деген жолдағы "сыйымдылығы 0,1 литрден кем тұтынушы ыдысына құйылған және" деген сөздер алынып тасталсын;
2) жоғарыда көрсетiлген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының физ.көлемi 10 теңге/ 0,4 евро/
заңдарына сәйкес емдiк құрал 1 литр 1 литр
ретiнде тiркелген бальзамдар ".
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары