Уран материалының импорты туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2000 жылғы 4 тамыз № 1191
ҚР Үкіметінің 2008.04.05. № 406 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ), "Үлбi металлургия зауыты" ААҚ-мы, "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ және "Ньюкем Нюклеа ГмбХ" арасындағы уран материалын сату мен сатып алуға арналған 2000 жылғы 28 наурыздағы нөмiрсiз келісім-шартының ережелерiне сәйкес (СЭҚ ТН коды 284420290, 284410390) Қазақстан Республикасына байытылған, табиғи және азайтылған уран түріндегі уран материалын әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі көрсетiлген өнiмнiң импортына заңнамада белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi жоғарыда аталған өнiмнiң кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Атом энергетикасы жөніндегі комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі