Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1009 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 14, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 2-тармақтағы "Республикалық тестілеу орталығы" деген сөздер "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-тармақтың екінші абзацы "тестілеуді" деген сөздің алдынан "кешенді" деген сөзбен толықтырылсын;
3) көрсетілген қаулының 1-қосымшасына:
Студенттерді қабылдаудың жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссияның құрамына: Алшанов Рахман Алшанұлы - Білім мекемелері қауымдасты- ғының президенті; Сүлеев Досым Қасымұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры; Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсеков шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі