Уран өнімдерін әкетуге рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 16 маусым № 904
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында және "Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ" ЖАҚ) уран диоксидінің ұнтағы мен таблеткасы түрінде қайта өңделген, 235-уран изотопы бойынша 4,5 пайыздан артық байытылмаған уран өнімін (СЭҚ ТН кодтары 2844 20 290 және 2844 10 390) "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ" ЖАҚ, "Үлбі металлургиялық зауыты" ашық акционерлік қоғамы мен Нюкем, Инк және Нюкем Нюклеа ГмбХ компаниялары арасында Канадаға арналып қайта өңделген уран өнімін сатып алу-сату жөнінде 1998 жылғы 17 маусымда жасалған келісім-шарттың ережелеріне сәйкес мөлшерде Қазақстан Республикасынан Канадаға әкетуге рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Қазатомөнеркәсіп" ҰАҚ" ЖАҚ-на көрсетілген өнімді экспорттауға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ядролық материалдардың әкетілуіне бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі