Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы
№ 862 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамыр № 709 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.11.06. № 480 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шетелдiк жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелерi жөніндегі тәртiптердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ПYКЖ-ы, 1999 жылғы № 29, 280-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудiң тәртiптерiнде:
20 және 21-тармақтардың бiрiншi абзацтарында: «жұмыс күшiн тартуға» деген сөздерден кейін «және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару қызметiне» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген, Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және кәсiптiк қызметін жүзеге асыруының тәртiптерiнде:
2-тармағы «шетелдiктер» деген сөзден кейiн «(Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның құрылтайшыларын қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында олар берiлген лауазымдар шеңберiнде қолданылады";
9-тармақтың 1) тармақшасы "немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келісімдердiң шеңберiнде сарапшы болып табылатын болса" деген сөздермен толықтырылсын;
2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі