Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 наурыз № 359
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы «және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиістілік және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативінде:
атауындағы «және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының» деген сөздер алынып тасталсын;
6-баған «1 айға 1 бірл. арн. шығыстар норм. (теңге)»алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі